Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІККЕ ТОЛЫ 10 ЖЫЛ

17.04.2018
FacebookWhatsappTelegram

«Ақылдастар» ауыл ардагерлері қоғамдық бірлестігі — бұрынғы Семей облысына қараған аудандардан шаһарымызға көшіп келген қазыналы қарияларымыздың басын қосып отырған іргелі қоғамдық ұйым. Осы қарияларымыз — өздерінің бүкіл саналы ғұмырын ауыл шаруашылығын өркендетуге, ауылдағы жас ұрпақты білім мен кәсіпке баулуға, ауыл мәдениетін көтеруге арнаған жандар. Ауылдағы тұрмыстың қиын да қилы тірлігіне шыдап, ыстығына күйіп, суығына тоңған, аянбай тер төккен нағыз еңбектің адамдары.

Аталған ұйым 19 сәуір күні Семей қалалық Достық үйінде, 10 жылдық мерейтойларына орай, «Рухани жаңғыру: Жас ұрпақ елдің ұлттық — рухани тамырынан нәр алса, адаспайды» атты қалалық форум өткізбекші. Сағындық Бекқалиұлы Бейсенбаев басқаратын қоғамдық бірлестік бүгінде өрелі істерімен танылуда. Қоғамдық ұйым алғашында, 2008 жылдың 28 наурызында, Семей қалалық ардагерлер кеңесінің құрамындағы 17-ші бастауыш ұйым болып тіркелген екен.

— Кейін өз алдымызға дербес қоғамдық ұйым болып тіркелуді мақсат еттік. Сөйтіп, 2008 жылдың 15-ші тамызында Шығыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасында қоғамдық бірлестік ретінде тіркелдік. Бұрынғы ойда жүрген іс-шараларымызды жүзеге асыру жолында бел шеше іске кірісіп кеттік,- дейді сол кездер туралы сөз еткен бірлестік басшысы.

Бәріміз білеміз, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасы еліміз үшін аса ауыр болды. Ауыл халқы қалаға ағылды. Міне, бұл үрдіс Семей өңірін де айналып өтпеді. Ауылдан қалаға келген қарияларымыз жаңа өмірге бейімделді. Осы орайда ауыл – аймағына, өз ортасына сыйлы ақсақалдар шаһарымызда орын алып жатқан қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өмірден тысқары қалғаны жасырын емес.

— Қалалық ардагерлер кеңесінің құрамындағы 17-ші бастауыш ұйым болу үшін көкпектілік Абайхан Сүлейменов екеуіміз ақыл қосып, бұрынғы Семей облысына қараған Абай, Ақсуат, Көкпекті, Жарма, Шар, Жаңасемей, Аягөз, Шұбартау, Таскескен, Үржар, Мақаншы, Бесқарағай, Жаңа Шүлбі және Бородулиха аудандарынан Семей қаласына көшіп келген 30-дан аса ақсақалдың басын қосып, заңды тіркеуге алындық. Ісіміз алға басып, ойымызда жүрген қоғамдық бірлестігімізді құруға қол жеткіздік,- дейді бірлестік төрағасы.

«Ақылдастар» қалалықтарға арнаған алғашқы іс-шарасын сол жылы 8 мамырда «Ер есімі ел есінде» тақырыбында Жеңіс саябағында өткізді. Көкпектілік Кеңес Одағының Батыры Қойгелді Аухадиевтің ұрпақтарымен өткен кездесуде жұртшылық батыр бабалар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиналған қариялар мен батырдың ұрпақтары ІІ жаһан соғысында қаза болғандар рухына бір минуттық үнсіздікпен тағзым етті. Еңбек ардагері Кәрібай Сұлтанов батырдың өмірдерегі бойынша баяндама жасаса, белгілі қаламгер Мауітқазы Зүкенов «Әке туралы толғау» поэмасынан үзінді оқыды.

Аталған шараға алғашында қаланың 8 мектебі қатысса, енді бүгіндері қала мектептері түгелдей қамтылып, дәстүрлі түрде өткізілуі жолға қойылды. Бұл өнегелі ақсақалдарымыздың ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамайтындарын көрсетеді. Осы ретте №37 гимназия директоры Жұмағазы Стамбеков, №16 орта мектеп директоры Бақытгүл Құрманғалиева патриоттық тәрбие беруде сүбелі үлес қосып жүргенін айтпай кетуге болмас. Сонымен қатар алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің шеруі қаланың 22 мектебін қамтып, бірлестік тарапынан тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Қоғамдық бірлестік Қарттар күнінде өзара бас қосып, араларынан өткен қарияларды еске алып, Құран бағыштауды дағдыға айналдырған. Өйткені «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейді халық даналығы. Осы арқылы бабалар дәстүрін құрметтеуді өз немере — шөберелерінің бойына сіңіріп жүр десек, әсте артық айтпаймыз.

Бүгінгі ұрпақ төл тарихына сусындап өсуі керек. Осы бағытта қоғамдық бірлестік қыруар жұмыс атқарып отыр. Мәселен, 2009 жылы, Мамай батыр Жұмағұлұлының 300 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қайрат Бегалиннің «Мамлюки» кітабының тұсаукесерін өткізуге мұрындық болды. Мамай батырды ел арасында дәріптеу мұнымен тоқырап қалмай, Семей – Орда — Архат батырлар ауылына саяхатқа жалғасты. Кеңес Одағының Батыры Серікқазы Бекбосынов, Зәкария Белібаев пен Даңқ ордені иегері Баян Байғожинаның ерлік жолы туралы Архат ауылында келелі кеңес өткізіп, ел мен жер тарихын паш ете білді.

Молдабек Жанболатов құрастырған «Тобықты Мамай батыр, би» атты кітаптың жарық көруіне атсалысты. Әрі өздері ұтып алған грантқа Семей қаласындағы белгілі ғалым Мұрат Иманжаппар басқарып отырған «Үш биік» баспасынан үш бірдей тарихи танымдық кітап шығарды. Соның бірі – Мұхаметжан Имашевтың «Батыр – Серікқазы Бекбосынов» кітабы.

Шәкәрімнің 150 жылдығына арнап «Шәкәрім әлемі» атты кездесу өткізді. «Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» акциясы аясындағы 1931-1933 жылғы нәубет пен 1937 — 1938 жылғы қуғын — сүргінге арналған іс-шаралар бірлестік назарынан тыс қалған емес. Бір айта кетерлігі, қоғамдық бірлестік құрамындағы ардагерлердің демалуларына да қажетті жағдай жасап келеді. 2014 — 2016 жыл аралығында марқұм Исағали Омаралиновтің демеушілігімен 145 қария «Әйгерім» демалыс үйінде тынығып һәм денсаулығын түзеп қайтты.

Сондай-ақ қоғамдық бірлестік ақсақалдар арасындағы шығармашылық кештерін де өткізіп тұрады. 2011 жылы қоғамдық ұйымның белсенді мүшесі Мәуітқазы Зүкенов шығармашылығының 60 жылдығы Достық үйінде кеңінен аталып өтіп, аймағымыздың зиялы қауым өкілдері бас қосты. Бірлестіктің бұл жұмыстары ескерусіз қалмай, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен «Ақылдастар» ауыл ардагерлері қоғамдық бірлестігінің Кәрібай Сұлтанов, Сағындық Бейсенбаев, Абайхан Сүлейменов,  Сарқыт Ақылғазин, Венера Сейсенбаева, Ермек Шәріпханұлы, Клим Төлемісов, Қайырхан Алтынбеков, Әбдеш Имаханов, Мерғазы Жұмағұлов, Тілеубай Құсайынов, Сәбет Тоғызбаев сынды мүшелері марапатталды.

Ұрпақтар сабақтастығын жалғап, аймағымыздағы рухани жаңғыруға үлес қосып жүрген бірлестік төрағасы туралы бір ауыз сөз ететін болсақ, Сағындық Бекқалиұлы — Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 1963 жылы сырттай оқып бітірген соң, өзінің саналы ғұмырын Жарма өңірінде білім беру саласына арнаған жан. Оның 34 жылында Жарма ауданындағы мектептерде ұстаздық етсе, оның 15 жылында Жарма санаторийлік мектеп-интернатында 1995 жылға дейін директор болып, зейнетке шыққанша басшылық жасады. 1988 жылы Жарма ауданында «Қазақ тілі» қоғамын құруға атсалысты.

Ауыл ардагерлерін ескерусіз қалдырмай, 6 аудандық бөлімшелері арқылы жұртқа үлгі болып отырған «Ақылдастар» қоғамдық бірлестігінің 10 жыл ішінде атқарған өнегелі істерінің бәрін емес, кейбірін ғана баяндадық. Алдағы уақытта да бірлестіктің жарқын істерінің куәсі болатынымызға сенімдіміз.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Мировое AI-кино в Астане: объявлены победители Astana AI Film Festival 2026

05.10.2026
Мировое AI-кино в Астане: объявлены победители Astana AI Film Festival 2026

В Астане завершился крупнейший в мире фестиваль фильмов, созданных с использованием искусственного интеллекта - Astana AI Film Festival (AAIFF 2026)....

Читать далее ...

В Бородулихинском районе продолжается работа по социально-экономическому развитию

02.10.2026
В Бородулихинском районе продолжается работа по социально-экономическому развитию

В Бородулихинском районе сохраняется положительная динамика социально-экономического развития, ведется работа в сферах сельского хозяйства, промышленности, строительства и инфраструктуры. Об этом...

Читать далее ...

Генеральный Прокурор Казахстана принял участие в 24-м заседании генеральных прокуроров государств-членов ШОС в городе Казань

02.10.2026
Генеральный Прокурор Казахстана принял участие в 24-м заседании генеральных прокуроров государств-членов ШОС в городе Казань

Сегодня в Казани Генеральный Прокурор Республики Казахстан Берик Асылов принял участие в 24-м заседании генеральных прокуроров государств-членов Шанхайской организации сотрудничества....

Читать далее ...

В Семее прошел интеллектуально-спортивный конкурс по национальным играм

01.10.2026
В Семее прошел интеллектуально-спортивный конкурс по национальным играм

В Семее в рамках республиканского фестиваля партии «Әділет» «Үш ұрпақ – ортақ мұрат», приуроченного к Международному дню пожилых людей, состоялось...

Читать далее ...

Экологические идеи в действии: проекты школьников Абайской области

01.10.2026
Экологические идеи в действии: проекты школьников Абайской области

Цветы, выращенные в школьных коридорах, саженцы апельсинов и мандаринов, а также модели роботов для очистки водоёмов – таковы некоторые из...

Читать далее ...

В области Абай развивается туристическая и спортивная инфраструктура

30.09.2026
В области Абай развивается туристическая и спортивная инфраструктура

В  области Абай реализуется ряд проектов, направленных на развитие сфер туризма и спорта. Об этом сообщил вице-министр туризма и спорта...

Читать далее ...

Новости

Мировое AI-кино в Астане: объявлены победители Astana AI Film Festival 2026

14 часов назад

В Бородулихинском районе продолжается работа по социально-экономическому развитию

3 дня назад

Генеральный Прокурор Казахстана принял участие в 24-м заседании генеральных прокуроров государств-членов ШОС в городе Казань

3 дня назад

В Семее прошел интеллектуально-спортивный конкурс по национальным играм

4 дня назад

Экологические идеи в действии: проекты школьников Абайской области

4 дня назад

В области Абай развивается туристическая и спортивная инфраструктура

5 дней назад

Туристический потенциал Абайской области представили на одной площадке

5 дней назад

В Бескарагайском районе растут показатели социально-экономического развития

5 дней назад

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

2 недели назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС