25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«МҰРАЖАЙ ТҮНІ» ТҮНЖАРЫМҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСТЫ

21.05.2014
«МҰРАЖАЙ ТҮНІ» ТҮНЖАРЫМҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСТЫ
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның соңында Халықаралық мұражайлар күніне орай Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану  мұражайында «Музей түні» өткізілді. Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған мұражай түні қалалықтарға концерттік бағдарламалармен қатар, тарихымыздан сыр шертетін жәдігерлерді тамашалауға, түрлі сайыстарға қатысуға мүмкіндік сыйлады.

Биылғы мерекенің басты ерекшелігі  — бағдарламадағы ән мен күй, би мен жыр, жұмбақтар мен жаңылтпаш, ұлттық ойындар Жылқы жылымен байланыстырылған. Мұражай директоры Бекен Теміровтің айтуынша, басты мақсат — халыққа рухани азық беру, тамырын тереңге тартқан тарихымыздан сыр шерту.

— Мұражай түні арқылы музейдің ішкі өмір тынысымен адамдарды таныстыруға тырысудамыз. Музей — мұрағаттар мен деректерді сақтаушы ғана емес, таратушы да болуы керек. Осы мақсатта ашық есік күнінде көрермендер барлық жәдігерлерді тегін тамашалайды,- дейді Б. Теміров.

Директордың пікірінше, қазіргі таңда халықтың рухани әлемі, мәдени деңгейі даму үстінде. Бір қуантарлығы, бірер жыл бұрын мектеп оқушылары мен студенттер мәжбүрлі түрде мұражайға келсе, қазір әрбір жанұя өз қалауларымен келіп, қызығушылық танытады екен.

Шараға қала әкімшілігі мен бөлім басшылары, мәдениет мекемелері мен ұжымдарының өкілдері, оқушылар мен студент жастар, қалалықтар шақырылды.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева 131 жылдық тарихы бар тарихи-өлкетану мұражайы халыққа эстетикалық тәрбие, тарихи мағлұмат беруде орасан зор рөл атқарып келе жатқандығын жиналғандар алдында атап өтті.

 

{jcomments on}-  Халықаралық мұражайлар күніне орай қолға алынған шара биыл да өз деңгейінде өткізілуде. Өнерге, әдебиет пен мәдениетке жақын жандарға рухани қазына сыйлап отырған аталмыш ұжымның жұмысына жеміс тілей отырып, қала әкімі Айбек Кәрімовтің атынан барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын,- деп Зәуреш Рамазанқызы  жылы лебізін білдірді.

 

Шаралар шымылдығын «Шығыс» әскери үрмелі оркестрі ашты. Мереке залдағы  «Ер қанаты» атты көрмемен басталды. Қордағы ат әбзелдері мен қымыз құюға, сақтауға арналған ыдыс түрлері көрсетілді. Музей ауласында тігілген ақшаңқан киіз үйде «Қымызмұрындық» берілді. Қымызмұрындыққа қазыналы қарттар қатысып, сары қымыздан дәм татты. Сонымен қатар, мұражайдың тәуелсіздік залында «Қазақтар. Тарих және мәдениет» атты ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақтың дәстүрлі қоғамының мәдениеті мен тұрмысын, сол кезеңдегі алуан түрлі иллюстрацияларымен кеңінен көрсететін жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді. Музей қонақтары бұл кеште аулада ұйымдастырылған «Қолөнер құпиясы» көрме-жәрмеңкесін, шеберлік сабағын тамашалады.  Сондай-ақ, «Төрт түліктің төресі», «Мың бір мақал», «Тай тұяқ», «Алтын таға», «Жүзден жүйрік» атты түрлі сайыстар өткізіліп, қонақтар түн жарымына дейін қызу сайысты тамашалады. Мұнда жастар үшін «Алтыбақан» құрылып, ойын-сауық отауы ұйымдастырылды. Мереке «Жұлдызды шашу» шарасымен сабақтасып, жүлдеге ие болған  ойыншылар марапатталды.

Көрермендердің айтуынша, қызықты шараның тәрбиелік мәні зор. Мұражайдың ішкі тынысын тамашалуға насихаттауға бағытталған. Жастарды туған жерді сүйіп, құрметтеуге шақырады. Ел тарихынан сыр шертетін мәліметтерге қызығушылық тудырады. Көрермендер мұндай іс жал-ғасын тапса деген ниетпен тарқасты.

 

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС