Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛЕДІ

21.05.2014
ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛЕДІ
FacebookWhatsappTelegram

Дүйсенбі күнгі аппараттық сабаққа қала әкімі Айбек Кәрімов пен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов қатысты. Жиналған мемлекеттік қызметшілер бұл жолғы дәрісте жер қатынастары заңнамасы мен осы төңіректен туындайтын мәселелер туралы тың деректермен танысты.

Көпшілік алдында Семей қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілхановтың баяндамасы тыңдалды. Өңіріміздегі жер қатынастарын реттеу функциясын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган басшысы ретінде Қ.Мұхамади-ұлы аталмыш тақырыпта тың мәліметтермен бөлісті. Алдымен жер қатынастары заңдылығының қалыптасу кезеңі мен Заңнамалық құжаттардың әзірленуі және Заңның орындалу барысы жөнінде тұщымды баяндама жасады.

— Адамзат тарихындағы ешқашан мәнін жоғалтпаған құндылық – жер болып табылады. Тіршілік көзі болып саналатын жер мәселесі құқықтық және экономикалық қатынастарға арқау болуда. Ағылшын экономисі Уильям Питти пікірімен айтсақ, «Байлықтың әкесі — еңбек болса, жер — оның анасы» деген пікір әлі күнге дейін күшін жоймай келеді. Жалпы, жер қатынастарын ортақ ережелер мен заңнама тұрғысынан қарастыру біздің эрамызға дейінгі ғасырларда-ақ қалыптасқан,- деп атап өткен Құдайберген Сейілханов қазіргі қазақ жеріндегі ең алғашқы Заңнамалық құжаттардың патшалы Ресей заманынан бастау алатынын, Столыпин реформасымен еліміздегі жаңа қатынастар қалыптасқанын жеткізді. — Революцияға дейінгі қазақ даласына переселендердің келуімен еліміздегі саяси-қоғамдық қатынастар өзгере бастады. Осының аясында экономиканы ықпалдандыру бағытында жер қатынастарын жүргізіп, оны мемлекеттік деңгейде басқару шарасы пайда болды. Осылайша, құжат жүзінде рәсімделген алғашқы жер иеленуге құқық беретін нормалар пайда болды. Алайда, кеңестік дәуірдегі жер қатынастары мәселесі басқаша өрбіді, — дей келе, Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы жер мәселелерін реттеу, жер кодексінің әзірленуі барысындағы Елбасының еңбегі туралы айтып өтті. Осы кодекс аясында негізгі шарттар бекітілген. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының жер қоры, жер салығы, жерге меншіктік беру құқығы, жерді санаттарға жатқызу, жер бөлу және оны жүргізетін уәкілетті органдар, жер үшін төленетін төлемдер сынды көптеген жаңа ұғымдар енгізілді немесе қайтадан қарастырылды. Осы жайында айтып өткен баяндамашы жерді пайдалану мен қорғауды реттеу шаралары жайында да тілге тиек етіп өтті. Сонымен қоса, жерді күтіп-баптау, оның қазба байлықтарын игеру сынды күрделі салалар ойынша мемлекет тиімді жұмыс жүргізіп отырғанына да тоқталды.

 

{jcomments on}Бөлім басшысының баяндамасы аяқталысымен қала әкімі Айбек Мүталапханұлы тақырып орайында өз пікірімен әкім қызметінде жүрген кезеңдердегі тәжірибесінен түйгендерін  айтып өтті. Ең алдымен баяндамашыға жай ғана жалаң мәліметтерге ғана жүгінбей, баяндаманы көпшілікке түсінікті түрде жатық әзірлеу керектігін айта келе, көпшілікпен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкердің іске шебер ғана емес, тілге шешен болуы қажеттігіне тоқталды. Ол үшін әркім өзімен жұмыс істеп, үнемі өзін жетілдіріп, дамытып, шешендік өнер тәсілдерін меңгеруі де қажет.

 

Осыдан соң қала басшысы жер қатынастары заңнамасының Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қалыптасуы туралы тоқталды.

— Мен Аякөз ауданында әкім қызметінде жүргенде еліміз бойынша Жер туралы Заң алғаш қабылданды. Бұл сол кезеңдер үшін үлкен жаңалық болатын. Себебі, осыған дейін жер тек мемлекеттің ғана меншігі саналып, колхоз-совхоздар иелігіне беріліп келген еді, — деген қала басшысы жер қатынастары саласының күрделілігі мен ол тарапта мәселелердің жиі туындайтыны жайында әңгімелеп өтті.

Міне, осынау кезеңдері жер қатынастары мәселелері көпшілік үшін түсініксіз болды. Нарықтық қатынастар, инфляция сынды жайттар жаңадан қабылданған заңдылықтардың жүзеге асуын тіптен қиындатып жіберді. Алайда, уақыт өте келе, қазіргі күні көптеген құндылықтарды оңай түсінуге болатын жағдайға жеттік. Соның аясында жер төңірегіндегі сауалдар да айқындалып, қоғам үшін қалыпты жайтқа айналды.

Аппараттық сабақ барысында бөлім басшысына тақырып аясында сұрақтар да қойылып, тұщымды жауаптар алынды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

“Семей таңы”

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

2 дня назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

2 дня назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

2 дня назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

2 дня назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

2 дня назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

3 дня назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

3 дня назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

6 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

6 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС