25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АРАМЫЗДА АЙМАҚ АРДАГЕРЛЕРІ

21.05.2014
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласында өткен аптадағы айтулы оқиғалар қатарында облыстық, аудандық ардагерлер кеңестерінің өкілдерінің келуі. Қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева ардагерлерге бірқатар мәдени нысандарды аралатып, таныстырды. Ардагерлер қауымы алдымен №30 мектепте ашылған Назарбаев кабинетінде болып, жас тимуршылар отрядының мүшелерімен кездесті. Сондай-ақ, Жеңіс саябағы мен Ерлік даңқы мұражайында болып, Қарттар үйіндегі күндізгі стационардың жұмысымен танысып, облыстық ардагерлер кеңесі президиумының көшпелі отырысын өткізді.

Ардагерлер кеңесі мүшелерінің сапары Семейдегі №30 мектепке барып, білім ордасындағы патриоттық тәрбие жұмыстарының барысымен танысудан басталды. Білім ошағының басшылығымен кездесу кезінде мұнда арнайы іздестіру отряды мен тимуршылар отрядының құрылғаны мәлім болды. Сондай-ақ, осы мектептің маңында тұратын ардагерлердің назардан тыс қалмайтыны айтылды. Мәселен, білім ошағының оқушылары ерікті түрде майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің әртүрлі шаруаларына қолғабыс етіп, мейрам күндері құттықтап тұруды дәстүрге айналдырған. Мектеп басшылығымен әңгіме барысында ардагерлер атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, патриоттық тәрбие бағытындағы шараларды үздіксіз жүргізе беру керектігін айтты.

Сондай-ақ, ардагерлер мектеп қабырғасында ашылған ерлік және даңқ мұражайын да аралап көрді. Мұнда жауынгерлердің жазған хаттары, қару-жарақтардың түрлері, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде болған ұрыстардың көріністері салынған суреттер мен еліміздің батырлары жасаған ерліктері турасында хабар беретін құжаттар мен жазба материалдар тағы да басқа құнды жәдігерлер қойылған. Ұстаздар мен оқушылар тобынан құралған экскурсия жүргізушілері қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен ардагерлерге мұражайдың жұмысы мен онда қойылған заттардың тарихы, Жанғазы Молдағалиев сияқты қаһарман аталарымыздың майдан даласында көрсеткен батырлығы туралы ақпарат берді. Содан кейін ардагерлер мектептегі Назарбаев кабинетіне барып, екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдары туралы айтылған ерлік сабағын көріп, оқушылардың білімділігі мен ойларының ұшқырлығына тәнті болды.

 

{jcomments on}Бұдан кейін бекітілген бағдарламаға сәйкес ардагерлер Жеңіс саябағына барды. Тыл еңбеккері Рашида Хасанова меймандарды саябақтың құрылу тарихымен, батырлардың құрметіне орнатылған тастар мен ескерткіш мүсін жайлы айтып, кең көлемде мағлұмат берді.

 

— Бұл саябақ жергілікті ардагерлер ұйымының бастамасымен 1985 жылы жеңістің 40 жылдығына орай ашылған. Алғашында атқа мініп жеңіс туралы қуанышты хабарды елге таратып келе жатқан қыздың, ананың, қарындастың әрқалай түсінуге болады, яғни, әйел адамның бейнесі берілген мүсін орнатылды. Мына, құлпытастар кейіннен қойылды,- деді Рашида Ашрафқызы. Содан кейін ардагерлер саябақтағы мәңгілік алауға салтанатты түрде гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухына тағзым етті.

Сонымен қатар, ардагерлер тарихи – өлкетану музейінің әскери даңқ бөлімшесін де айналып өтпеді. Мұнда Сансызбай Құлтуманов мейман-  дарға екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерен ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының батыры атағының, “Даңқ” орденінің үш дәрежесінің толық иегері атанған семейлік жауынгерлер туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ, ол осында орналасқан жәдігерлер мен материалдардың тарихымен таныстырып, мұражайдың құрылуына атсалысқан жандардың аттарын ерекше ілтипатпен атап өтіп, оларға деген алғысының шексіз екенін жеткізді. Мұражайға ерекше көңіл бөліп қолдау көрсетіп келе жатқан қала басшылығына да ризашылығын білдірді.

Сапар соңында ардагерлер қауымы қарттар үйіне барып, күндізгі стационардың жұмысымен танысты. Содан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Леонид Бердюгин бастаған майдангерлер мен тыл еңбеккерлері облыстық ардагерлер кеңесі президиумының көшпелі отырысын өткізді. Жиын барысында өткен Жеңіс күнімен құттықтау айтылып, келесі жылы аталып өтілетін Жеңістің 70 жылдық мерейтойын тойлау жоспары сөз болды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС