25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

21.05.2014
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма күні қалалық әкімдікте кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға ІІБ басшысының орынбасары Марат Зекенов, білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторының әдіскері  Роза Омарова, сондай –ақ, қалалық мәлихат депутаттары қатысты. Отырыста ата-аналық борышын атқарғысы келмейтін азаматтар мен заңға қайшы әрекет жасаған жасөспірімдердің мәселелері қаралды. Жиында қалалық ІІБ бастығының орынбасары Мақсат Зекенов бастаған комиссия мүшелері күн тәртібіне қойылған сұрақтар бойынша Затон, Әуезов және Орталық полиция бөлімшелерінің кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекторларының баяндамаларын тыңдады. Солардың ішінде ащы суға құмартқанның салдарынан балаларының тәрбиесіне немқұрайлы қараған азаматтардың мәселесіне ерекше назар аударылды. Мысал келтіріп айтар болсақ, Евгения Свиридова атты қала тұрғыны ішімдікке салынып, жайсыз отбасы ретінде арнайы тіркеуге алынған. Бұдан бөлек наркологиялық диспансердің есебіне тұрғанына бірнеше жылдың жүзі болған. Тіпті, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның алдыңғы отырысында Евгения Свиридова  қатаң ескерту алған. Алайда түзелудің орнына ескі әдетіне басып, 12 жасар Дмитрий есімді ұлының тәрбиесі мен оқуына көңіл бөлмей келген. Полиция инспекторының баяндамасын тыңдап, мәселені жан-жақты талқылай келе, комиссия мүшелері ішімдікке салынған ананы ата-аналық құқығынан айыру жөнінде мамандандырыл-ған ауданаралық сотқа өтініш беру туралы шешім шығарды. Алайда, Евгения маскүнемдігін қойып, түзелуге шын ниеттенсе, сот үкімі шыққан соң үш айдан кейін ата-аналық құқығын қалпына келтіруге мүмкіндік алатынын айтты.

 

{jcomments on}Сондай-ақ, отырыс барысында тонау, ұрлық жасау сияқты қылмыс жасаған жасөспірімдердің істері де қаралды. Соның бірі өткен жылдың қазан айында Е. есімді баланың ұялы телефонын ашық түрде күш көрсетіп тартып алған А. есімді кәмелеттік жасқа толмаған спорт колледждің студентінің ісі. Заңға қайшы әрекеті қылмыстық іс ретінде кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қарастырылып, тараптардың татуласуы нәтижесінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Комиссия мүшелері қоқан  лоқы көрсеткен балаға келешекте мұндай бұзақылық тағы да қайталанар болса, қатаң жазаға тартылуы мүмкін екенін айтып, қатаң ескерту жасады. Сондай-ақ, Мақсат Зекенов соңғы жылдары спорттық колледж студенттері тарапынан заңбұзушылықтар жиілеп кеткенін, комиссияның әр отырысында кем дегенде осы оқу орнының екі-үш оқушысының ісі қаралатынын сөз етіп, бұл өз кезегінде білім ошағындағы тәрбие  жұмыстарының лайықты деңгейде жүргізілмейтінін білдіреді дегенді  айтып, алаңдаушылық білдірді. Сондықтан ол, басқа оқу орындарының ішінде осы білім ошағының студенттері арасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарын ерекше қадағалау керек екендігін атап өтті.

 

Жалпы жиын барысында қаралған 30 істің 18-і жайсыз отбасыларға қатысты болса, 12-і әртүрлі деңгейдегі тәртіп бұзушылық пен қылмыстық әрекеттер жасаған жасөспірімдер мәселесі. Комиссияның шешіміне сәйкес ащы суға шектен тыс құмартып, бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 2 азамат ата-аналық құқықтарынан айырылды. Қалған ата-аналарға қатаң түрде ескерту жасалып, түзелулеріне мүмкіндік берілді.

Мирас ҚҰСАЙЫН, «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС