Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

*

21.05.2014
*
FacebookWhatsappTelegram

ЖАНЫМНЫҢ СЫРЫН ЖАСЫРМАЙ КЕТЕМ,

ЖАРҚ ЕТЕ ҚАЛСАМ ЖАСЫНДАЙ ЖЫРЛАП.

ӘЛЕМДЕ СІРӘ, АСЫЛ БАР МА ЕКЕН,

ТАРБАҒАТАЙЫМНЫҢ ТАСЫНДАЙ ҚЫМБАТ.

«Семей таңы» газетінің 95 жылдық мерейтойы қарсаңындағы көшпелі редакцияның кезекті   сапары басылымның таралымы көп аудандардың бірі – Тарбағатай ауданында жалғасты. Аталмыш өлкедегі сапар барысында  редакция ұжымы ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, оқырмандармен жүздесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдап, пікір алысып  қайтты.

Тарбағатай ауданы –     Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан, құрамында 17 ауылдық округ пен 65 елдімекен бар, ауылшаруашылық саласы дамыған,       облыстағы іргелі аудандардың бірі. Ақынды да, батырды да, ғалымды да тудырған киелі өлке өнер қырандары мен спорт сәйгүліктеріне де өте бай. Жалпы, қай салада болмасын майталман мамандар тәрбиеленіп, тарихы тереңде жатқан Тарбағатай төсінен талай тарлан түлеп ұшқан, ұлағатты ұрпақ өсіп-өнген. Бүгінде  халқының саны 46 мыңға жуықтаған аудан төскейге мал өрбітіп, ата дәстүр-салтын сақтаған, қаладан шалғай жатса да, өркениет көшінен әсте қалыс қалмаған. Өткені – тағылымды тарих боп қалса, жергілікті жұрттың бүгінгі тірлігіне қарап, аудан болашағының жарқын екенін де байқауға болады.

Өткен жылдың шілде айында,  әкім   болып Ділдәбек Оразбаев тағайындал-ған кезде біз жаңа басшыдан «А корпусы –ашық әңгіме» айдарына сұхбат алу үшін аудан орталығы Ақсуатқа барып қайтқан болатынбыз. Шынымызды айтсақ, иесі жоқ елдімекенге ұқсап жүдеу тартқан аудан орталығы еңсені басып тұрған еді… Сол кезде жаңадан қызметке та-  ғайындалған әкімнің жоспары көп болатын. Осы сапарымызда ең бірінші содан бері не өзгерді деген сауалға жауап іздеген едік…

Ділдәбек Оразбаев ауданға әкім боп келгеннен бері Тарбағатай ауданында өзгерістердің барлығын бірден байқадық. Бір жылдың ішінде қыруар жұмыстардың жасалуына ықпал етіп, ілкімді істердің  бастамашысы болып жүрген білікті басшының жұмысына халық та дән риза, өңірдегі өзгеріс ауыз толтырып, мақтанышпен айтарлықтай екен. «Жүз рет естігенше, бір рет көр» дегендей, «Бәйтерек» пен «Қазақ елі» монументтерінің көшірме нұсқалары алыстан мен мұндалап тұр. Сонымен қатар, шамдары жар-қыраған ауылдың түнгі көрінісі де  көңілге қуаныш ұялатады екен. Қазіргі уақытта аудан орталығы мен ауданға қарасты барлық ауылдарда раушан гүлдерін егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Осыған қарап-ақ ауданның адам таны-мастай өзгеріп, қарыштап дамып келе жатқанын  аңғаруға болады. Мұның барлығы, әрине, Ділдәбек Тәжібайұлының бір жыл бойы жар құлағы жастыққа тимей атқарған еселі еңбегінің жемісі екені сөзсіз.

Өткен жылы әкімдікке  алғаш тағайындалған кезде Ділдәбек Тәжібайұлы жергілікті жердің тарихымен танысып жат- қандығын, мүмкіндік болса  ауданда сол тарихты есте қалдырып, болашақ ұрпақтың біліп өсуіне ықпал ету мақсатында қадамдар жасау жоспарында бар екенін де айтып қалған еді. «Толағай» ертегісінің желісі бойынша белгі қойып, жастардың туған жерге деген сүйіс-пеншілігін арттыруға ықпал етсем деген жоспары жайлы біздің газетте жарық көрген сұхбатта ой бөліскені  оқырманның есінде болар. Ал, бүгін Ақсуаттың кіре берісіне қойылған «Бөрітостаған»  белгісін әкімнің  жергілікті тарихқа деген  тағы бір құрметі деп түсіндік.

Мамырдың 13-і күні «Семей таңы» — «Вести Семей» газеттерінің Директор – Бас редакторы Риза Молдашева бастаған көшпелі редакция ұжымының Тарбағатай ауданындағы кездесуі аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев пен «Нұр Отан» партиясының Тарбағатай аудандық    филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талант Бейбіт және аудандық ішкі  саясат бөлімі басшысының міндетін     атқарушы Мәди Желдібаевтың қатысуымен бейресми дидарласудан басталды. Дастархан басындағы әңгіме барысында ауданның ахуалы сөз болды. Риза Асан-қызы сөз арасында Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовтің Тарбағатай ауданында басшы болған кезінде ауданның гүлденуіне   сүбелі үлес қосып, қарқынды қызмет жасағаны туралы жергілікті жұртшылық тарапынан үнемі айтылатынын да жеткізе кетті.

Ал, келесі күні таңертең аудандық әкімдіктің мәжіліс залында көшпелі редакция ұжымының 95 жылдық тарихы бар ата басылым – «Семей таңы» газетінің байырғы оқырмандарымен, аудан жұртшылығымен жүздесу жиыны өтті. Алқалы жиынға аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Марат Мағжаев бастаған әкімдіктің дербес бөлім басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, ауылдық округтердің әкімдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары мен қоғамдық тілшілер, ардагер журналистер, батыр аналар, ұстаздар және белсенді жастар, жалпы газетіміздің оқырмандары қатысты.

 

{jcomments on}Жиын барысында Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев газетіміздің көшпелі редакция ұжымының аудандағы сапары туралы қысқаша түсіндіріп, «Семей таңы» басылымы жайлы айтып өтті.

 

— Ауданның тыныс-тіршілігімен тереңірек танысып, газет оқырмандарымен тікелей кездесіп, ой-пікірлерін білу мақсатында келіп отырған, облыс көлеміне 20 мың данамен тарайтын, ғасырға жуық тарихы бар, халқымыздың ғұламалары Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытовтар басшылық жасап, көп жылдар еңбек еткен, көпшілік сүйіп оқитын «Семей таңы» газетінің Директор – Бас редакторы Риза Асанқызы Молдашева мен редакция қызметкерлеріне зор алғысымызды білдіреміз, — деген Ділдәбек Тәжібайұлы, — мемлекеттік бағдарламаларды, елімізде, облыс және қала, аудандар көлемінде атқарылып жатқан маңызды қоғамдық саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды, Елбасының және мемлекеттік биліктің барлық құрылымдарындағы атқарылып жатқан істерді нақты және дер кезінде халыққа жеткізудегі өзіндік ұстанымы мен тұрақты таралымы бар «Семей таңы» газеті  95 жылдық тарихында үлкен жетістіктерге жетіп отыр,-деп атап өтіп, басылымның әр кезеңде қол жеткізген жетістіктеріне де тоқталды.

Өз сөзінде қазіргі уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте жоғары деңгейде дамып келе жатқандығын, І тоқсанның қорытындысы бойынша да көрсеткіштердің өсу деңгейі 3 пайыздан жоғары болғанын айта келіп, осындай жұмыстарды насихаттап, оқырмандарды шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырғаны үшін Ділдәбек Тәжібайұлы «Семей таңы» газетінің ұжымына тағы бір мәрте алғысын айтты. Сонымен қатар, исі қазақтың төл басылымы – «Егемен Қазақстан» газетінен 20 күнге үлкендігі бар «Семей таңының»  қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі екендігін айта отырып, аудан басшысы:

— Құрметті редакция қызметкерлері! Сіздерге келешекте де қалың оқырмандарыңыздың шынайы ілтипатына бөленіп, толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз! «Семей таңының» алдағы желтоқсан айында болатын 95 жылдық торқалы тойы құтты болып, газеттің ғұмыры ғасырдан ғасырға ұласа берсін, — деген тілегін білдіріп, газет ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Аудандағы газет таралымының әлі де арта түсетіндігін де айтып өтті.

Аудан басшысынан кейін жиынға қатысып отырған байырғы «Семей таңы»    газетінің бірқатар оқырмандары сөз алып, ата басылым ұжымына жылы лебіздерін білдірді. Олардың ішінде алғашқы болып мінберге шығып, сөз алған Ақсуат ауылының тұрғыны, зейнеткер Тоқтарбек Кенжин сөзінің басында газетіміздің көшпелі редакциясының Тарбағатай ауданына арнайы келіп, ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, оқырмандармен жүздесіп отырғаны үшін редакция ұжымына алғысын айтып өтті.

— Газетті – халықтың көзі һәм айнасы деуге болады. Мен қызмет істеп жүрге-німде «Семей таңы» газетін жаныма жақын көретінмін. Шынымды айтсам, қазіргі уақытта да, мерзімді бапасөзді ең бірінші, осы газеттен бастап оқимын. Одан кейін облыстық, республикалық және аудандық газетке бет бұрамын, — деген Т.Кенжин, — Риза Асанқызы, мен сізді бұрыннан танимын. Еліміз Тәуелсіздігін енді алып жат-қан уақытта, 1990 жылдардың аяғында да барлық бағыттағы, яғни, республикалық, облыстық басылымдардың көбінің жағдайы қиын болған еді. Оған өзіміз де куә болдық. Сондай қиын-қыстау кезеңдерде мойымай, еңбегіңізді сарп етіп, өз қызметіңізге деген адалдығыңызды көрсетіп, тарихи басылымның жабылуына жол бермей аман алып қалып, бүгінгі күнге жеткіздіңіз. Сіздің сүбелі еңбегіңіздің ар-қасында басылымның  біршама жетістіктерге жеткендігінен хабардармыз. Біз өте қуаныштымыз, — деп атап өтті.

Ары қарай сөзін жалғаған Тоқтарбек Кенжин Тарбағатай ауданы қалалы жерден шалғайда орналасса да, мәдениет, білім, спорт жағынан болсын, экономикалық-әлеуметтік дамуы жағынан болсын облыс бойынша алдыңғы қатардағы аудандардың бірі екендігін айта келе, Ділдәбек Тәжібайұлының аудандағы    атқарып жатқан жұмыстарына да көңілі толатындығын жеткізді. Сондай-ақ, аудан басшысына жергілікті жұрттың алғысы шексіз екендігін де айтып өтті. Ауданға қатысты жағымды жаңалықтардың үзбей беріліп жүргені үшін редакция ұжымына алғысын айтып, алдағы 95 жылдық мерейтоймен құттықтады.

Одан кейін «Семей таңы» газетінің ауданда ұзақ жылдар меншікті тілшісі  болған, бүгінде ардагер журналист      Мейрам Оралов сөз алып:

— Мен республикалық бірқатар газеттерде қызмет еткен болатынмын. Қазақтың қайсар қызы, ақын Фариза Оңғарсыновамен де қызметтес болдым. Бірде сыни мақала жазып, Алматыдан шеттетіліп, елге оралуыма тура келген еді. Содан 1973 жылы «Семей таңы» газетіне келіп орналастым. Одан біраз жылдан кейін Ақсуатқа қайтып келіп, мұнда Хамза Сәтиев- термен бірге қызмет еттім. 10 жылдан кейін қайтадан «Семей таңына» ауысып, онда да табан аудармастан 10 жыл жұмыс істедім. Ол жерде «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары болған Кәйкен Шамкин, марқұм Сиязбек Рахимов сынды ағаларымызбен бірге қызмет жасадық. Жалпы, «Семей таңы» газетінен көптеген жақсылар мен жайсаңдар шыққан, біз де сол кісілердің көзін көріп, солардың ізімен жүрдік. «Семей таңы» газетін – еліміздегі барлық қазақ баспасөзінің қара шаңырағы деп айтса да артық болмас. Өйткені, бұл басылымның республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің өзінен 20 күнге үлкен екендігінен хабардарсыздар. Ал, бүгінде байырғы басылымға басшылық жасап отырған қарындасымыз Риза Асанқызының ағаларының жолымен, сол Алаш зиялыларынан қалған тарихи басылымның туын жықпай, небір қиын қыстау кезеңдерде де қазақ баспасөзі қарашаңырағының жұмысын жалғастырып келе жатқанына мен де, барша жұртшылық та дән риза, — дей келе, — бұл газет мен үшін өте ыстық. Өйткені, «Семей таңында» жұмыс істеп жүргенімде отбасылы болдым. Осы жерде тәжірибе жинадым. Ондағы кездерімнен бір есімде қалғаны түйе түлігінің азайып бара жатқандығы туралы «Түлік басы түйе еді» деген мақала жаздым. Ол кезде Арал теңізі енді-енді тартылып бара жатқан болатын. Содан түйе туралы мақаламнан түскен қаламақыны сол Арал теңізінің қорына аудардым. Одан кейін ауыр жағдайда жылқы баққан батыр ағамыздың еңбегі туралы «Қар тепкенге қажымас қайран жылқы» деген тақырыпта жазған мақалам есімде қалыпты,-деп өткен шағын да есіне алып, өзі талай жыл еңбек еткен тарихи басылымды 95 жылдық мерейтойымен құттықтап, редакция ұжымына ағалық ақ тілегін айтты.

Ардагер журналистен кейін сөз алған Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, зейнеткер Нұржамал Тоқтағұлова өзінің өмірбаяны туралы, сұрапыл соғыс кезіндегі барлық балалар сияқты қиындықты көргені жайлы, мектеп бітірген соң Алматыға оқуға барып, онда Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың анасы Әмина ападан тәлім-тәрбие алғанын, оқуын ойдағыдай тәмамдаған соң Ақсуатқа келіп, ұстаздық қызмет еткенін, онда оқушылары және олардың ата-аналарымен бірге газет-журналдарды қалдырмай оқығандығын,  ұзақ жылдар бойы «Семей таңы» газетінің тұрақты оқырманы болғанын айта келе, аталмыш басылым туралы пікірін білдірді.

— «Семей таңы» газетінде ардагерлер туралы жарияланатын мақалалар мен пайдалы кеңестерді және облыстағы әрбір ауданның жетістіктері жайлы ақпараттарды қызыға оқимыз. Жаңалықтың жаршысы болып жүрген бұл газетті – жан азығымыз деп айтуға да болады. Тарихы тереңде жатқан бұл басылымның ғұмыры әлі де ұзақ болсын,-деген аналық тілегін айта отырып, Ділдәбек Тәжібайұлының қарттарға көрсетіп жүрген қамқорлығына алғысын айтты.

«Нұр Отан» партиясы Тарбағатай аудандық филиалы, партиялық бақылау комитетінің төрағасы Қыдырмолда      Илиясов та аудан басшысының жұмысына өте риза екендігін жеткізіп, Ділдәбек Тәжібайұлы әкім боп келгелі, әсіресе, аудан орталығы Ақсуаттың қалаға бергісіз болып өзгергенін атап өтті.  Қыдырмолда Илиясов «Семей таңы» газетінің әр санын асыға күтіп жүретінін тілге тиек етіп, редакция ұжымын алдағы мерейтоймен құттықтап, шығармашылық өрлеу тіледі.

Жиын барысында Ділдәбек Тәжібайұлы мәртебелі меймандар мен жергілікті жұртшылықты алдағы жұмыс жоспарларымен де таныстырып өтті.

— Сәтін салса, келер жылы Ақсуат ауылында өнер мектебі мен ат спорты мектебін ашуды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты жақын арада ақындар мектебі де ашылмақ. Сонымен қатар, жуырда спорт модулі де салынбақ. Демек, алдағы уақытта ауданда қосымша жұмыс орындары көптеп ашылады деген сөз. Сондай-ақ, дарындылар мектебін салу үшін де жоба жұмысына қаржы бөлінді. Әзірге мердігерлер арасында конкурс жүргізілуде. Ал, Көктүбек ауылында балабақша мен клуб үйі жоқ. Алайда, бұл мәселені де шешу жағын қарастырып отырмыз. Егер жаңадан мектеп салынатын болса, бұрынғы мектептің жартысын клуб үйінің мекемесі, ал, жартысын балабақша жасап, «бір оқпен екі бердей қоянды ататындай» жағдай жасайтын боламыз. Бұл ауылға көпір де салынбақ. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Көкжыра ауылында 37 бала кезекке тұрса, ондағы ескі ауылдан 30 балаға арналған балабақша ашылмақ. Әзірге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, облыс бойынша Тарбағатай ауданы мектепке дейінгі балаларды балабақшаға орналастыру жағынан үлкен жұмыстар атқарып келеді. Өткен жылдан бері осы уақытқа дейін 9 балабақша ашылса, үстіміздегі жылы  Балапан бағдарламасы бойынша тағы да 5 балабақша ашылмақ. Қай ауыл балабақшаға мұқтаж болса, сол ауылда міндетті түрде ашылатын болады. Оның барлығының қаржысы да қарастырылған. Бұл жұмыстардың барлығынан облыс басшысы да хабардар. Алайда, мұнымен тоқтап қалу ойымызда жоқ. Ауданда әлі де атқаратын жұмыстар өте көп. Елбасы айтқандай, шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуымыз керек. Ауданның  картоп, сәбіз, пияз, қызылша сияқты көкөніс түрлерімен өзін-өзі қамтамасыз етуіне де жағдай жасауымыз керек. Ал, астық мәселесі Қазақстанда дұрыс жолға қойылған. Қазіргі уақытта ауданға 150 тонна ұн әкелінді. Сондықтан, нанның бағасы қымбат-    тамауға тиіс. Жалпы, баға бақылауда  болады,-дейді Д.Оразбаев.

Аудан басшысынан кейін сөз алған  «Семей таңы» — «Вести Семей» газеттерінің Директор – Бас редакторы  Риза Молдашева сөзінің басында көшпелі редакция ұжымының жергілікті халықпен жүздесудегі мақсатын қысқаша түсіндіріп өтті:

— «Халық деген – Құдайдың бір аты» деген сөзді облыс әкімі Бердібек Мәшбек-ұлы үнемі айтып жүреді. Ұдайы халықтың арасында жүретін, жұртшылыққа етене жақын әкім – Бердібек Мәшбекұлынан үлгі алып, біздің –  редакция қызметкерлері де халықпен үнемі жүздесіп, қарапайым халыққа, оқырмандарымызға жақын болу қажеттігін назарда ұстаймыз. Ал  басылымның 95 жылдығына арналған көшпелі редакция  жұмыс сапарын осыдан бір ай бұрын Зайсан ауданында бастаған еді. Енді, міне, сіздердің аудандарыңызға келіп тұрмыз. Көпшілігіңізбен бұрыннан таныспыз. Алайда, кейінгі жылдары байырғы оқырмандарымыз бен тұрақты авторларымыздың көпшілігінен қол үзіп қалған едік. Ал, сіздер мен біздің арамызды жалғап, арамызға «алтын көпір» болып, газетімізге жанашырлық танытып, қолдау көрсетіп жүрген, әрине, аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлының еңбегі  екенін айтпай кетуге болмайды,-деген Риза Асанқызы,-өткен жылы Ділдәбек Тәжібайұлы ауданға әкім болып келгенде  осында арнайы келіп, құттықтап қайтқан едік. Сол кезде аудан әкімі өзінің алдағы жоспарлары туралы айтқан болатын. Біз Ділдәбек Тәжібайұлын облыста қызмет атқарып жүрген кезінен бастап, сырттай танитынбыз. Аз уақыт ішінде облыста атқарған жұмыстары туралы білгендіктен, біз оның жоспарларының жүзеге асатындығына күмән келтірмей, сеніммен ат-танған болатынбыз. Биыл сол сенімнің ақталып, жоспарлардың жүзеге асқандығын көріп отырмыз. Аудан орталығы Ақсуаттағы өзгерістерді бірден байқауға болады. Ауыл өте әдемі болып, көркейіп кетіпті. Шынымен де, бір жылға жетпейтін уақыттың ішінде  осыншама өзгерістердің орын алғанына тәнті болдық. Ділдәбек Тәжібайұлының жергілікті тарихқа көп көңіл бөлетіндігі маған қатты ұнады. Мысалы, Бөрітостаған, Толағай сияқты ескерткіштер алыстан көз тартып тұр. «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, елдің нағыз жанашыры бар екені, басшы бар екені ауылдарыңыздан көрініп тұр,-деп, ары қарай өзі басқарып отыр-ған басылым туралы да айтып өтті:

– «Семей таңы» — сонау ХІХ ғасырда Алаш зиялыларынан, Алаш белсенділерінен бастау алған газет екенін, 1919 жылы желтоқсан айының 4-де «Қазақ тілі» деген атпен алғашқы нөмірі шыққанын өздеріңіз білесіздер. Алайда, түп тамырына үңіліп қарайтын болсақ, бұл газеттің тарихы одан да әріде жатыр. Ал, сол уақыттан бастап Алаш зиялылары, қазақтың біртуар тұлғаларының көбі осы басылымда қызмет еткен. Қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезовтың да қолтаңбасы қалған, бергісін айтар болсақ, Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың да ұшқан ұясы – осы «Семей таңы». Мәннан Тұрғанбаев, Шаймардан Тоқжігітов, Жүсіпбек Аймауытовтардың ізі бар бұл басылымда қолтаңбасы қалмаған қазақ зиялылары кемде — кем. Сол зиялылардың ізін жалғаған бүгінгі ұрпақ, яғни, біздер тарихи басылымның шырақшысы болып отырмыз. «Семей таңының» отын сөндірмей, бүгінгі күнге жеткізгеніміз – ата-баба алдындағы борышымызды орындағанымыз деп білеміз.

Одан әрі Риза Асанқызы 1997 жылы екі облыс қосылған уақытта «Семей таңы» газетінің 3 айға тоқтап қалғандығы туралы айтты.

— 1997 жылы Семей облысы тарап, Шығыс Қазақстан облысына қосылғаннан кейін аймақта бір ғана басылым болуы керек болған соң «Семей таңы» газеті өз жұмысын тоқтатқан болатын. Содан кейін маған қалалық мәслихаттың депутаты ретінде, журналист ретінде бұрынғы Семей облысы аудандарының (оның ішінде Тарбағатай ауданы да бар) тұрғындарынан көптеген өтініш хаттар келіп түсті. Мұндай хаттар сол кездегі Семей қаласының әкімі В.Бутинге де көптеп келген екен. Бір күні В.Бутин маған басылымның жұмысын қайта жандандыруды қолға алу керек екендігін айтып, 3 ай үзілістен кейін қалалық газет ретінде «Семей таңын» қайтадан жарыққа шығардық. Басылымның бірінші бетіне «Бір сүрініп, бір тұрып, Дақ түсірмей арына, Оқырманға жол тартты «Семей таңы» тағы да!» деген тақырыппен газетіміз оқырманға қайта жол тартты,-деген Риза Асанқызы сөз соңында көшпелі редакция ұжымын жұртшылыққа таныстырып өтіп, оқырмандардың газет жұмысы жөніндегі ұсыныс-тілектеріне құлақ түріп, көкейдегі сауалдарына жауап берді.

Жиын барысында Риза Асанқызы көп балалы ана, мәдениет үйінің қызметкері Айжан Тілеуленова мен Кәрім Нұрбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Салтанат Шаймұратова, Ақсуат ауылының пошта таратушысы Сәния Жақиянова және Ақсуат ауыл әкімшілігінің қызметкері Рая Омарова сынды белсенді оқырмандарға «Құрметті оқырман» сертификатын, сонымен қатар, Ақсуат ауылының тұрғындары Шәкен Көпшікбаева, Жұмаш Маханқызы мен Меруерт Қабықбаеваларға «Семей таңы» газетінің Тарбағатай ауданындағы (штаттан тыс) меншікті тілшісі куәлігін салтанатты түрде табыс етті. Одан кейін «Семей таңы» газетінің аудандағы таралуына белсенді түрде атсалысып жүрген Ақсуат ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Нұғиев пен Қызылкесік ауылдық округінің әкімі Мейіржан Сахариев, Ырғызбай ауылдық округінің әкімі Айгүл Иманғалиева, Ақсуат ауылындағы мәдениет үйінің бас режиссері Серік Жұматов және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлім Боранжанова мен Көкжыра Өндірістік кооперативінің төрағасы Мәуліт Аязбаев сынды бірқатар азаматтарды редакцияның Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, жиын барысында «Семей таңы» газетінің көшпелі редакция ұжымы Ақсуат ауылының тұрғындары Үмітхан Лаубаева, Жанар Жангелова және Екпін ауылының тұрғыны Гүлнар Әбілова мен Сәтпаев ауылының тұрғыны Кенжегүл Әлімқанова сынды әлеуметтік жағынан аз қамтылған 30-ға жуық көпбалалы жанұяларға азық-түлік сәлемдемелерін үлестірді.

Жиын соңында аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев газетіміздің көшпелі редакция ұжымының Семейден арнайы келіп, ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, келелі отырыс өткізіп, оқырмандармен жүздесіп жатқаны үшін аудан жұртшылығы атынан ризашылығын айтып, аудандық әкімдік пен аудандық мәслихаттың атынан Риза Асанқызына Алғыс хат табыс етіп, қазақы жолмен иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Жиынға қатысушылар да көшпелі редакция ұжымына алғыстарын білдіріп, ақ тілектерін айтып тарқасты.

 

АРДАГЕРЛЕР ОРТАЛЫҒЫНДА

АРДАГЕРЛЕР ОРТАЛЫҒЫНДА

Келелі отырыстан кейін Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев пен «Семей таңы» — «Вести Семей» газеттерінің Директор – Бас редакторы Риза Молдашева бастаған топ аудандық Ардагерлер орталығына ат басын бұрып, ке-зінде ауданда қызмет жасаған Дүйсеш Әзімбеков, Мұрат Оралов сынды бір топ ардагерлермен дидарласты. Аталмыш мекеме басшысы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқан Сахариев қадірлі қонақтарды аудандық ардагерлер орталығының жұмысымен таныстырды. Оның айтуынша, бұл мекеме бұрын аудандық комитеттің бюро залы болған. Ал, кейінгі 7 жыл бойы белгілі бір мекеменің қоймасы болып келген.

— Біз өміріміздің белсенді шақтарын өткердік. Ендігі қалған ғұмырымызды ұрпақ тәрбиесіне арнасақ па дейміз. Мына отырған ақсақалдардың үйлерінде барлық жағдайлары жасалған. Алайда, осы уақытқа дейін ауылда қарттардың басын қосатын арнайы орын болмаған еді. Бұған дейін олар тек базар маңында ғана бір уақыт сейіл құрып, көшедегі орындықтарға жайғасып, әңгіме дүкен құратын. Менің ойымда бұл мәселе көптен бері жүрген еді. Ақсақалдармен ақылдаса келе, аудан басшысына жолығып, осы мәселені айтқанымда Ділдәбек Тәжібайұлы бұл ойымызды бірден қолдап, «бос ғимарат тапсаңыз болды» деген еді. Содан осы ғимаратты тауып, мұның ішін 3 күн ішінде барлық күл-қоқыстан тазартып, 1 ай уақыт ішінде кәсіпкер азаматтар өз қаржыларына мекемемізді жасап берді. Қазір мұнда барлық жағдай жасалған, — деген Мұқан Сахариұлы, — Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы – үлкенді сыйлай білетін азамат. Оның аудандағы атқарып жатқан жұмыстарына қарттарымыз да дән риза. Ал, жақында облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлы аудан әкімінің тікелей қолдауымен ашылған бұл мекеменің жұмысына оң бағасын беріп кетті. Ардагерлер орталығын – қарттардың демалатын орны деп те атауға болады. Біздің мақсатымыз – бұл жерді жастардың тәрбие орталығына айналдыру,-деді.

Сонымен қатар, Мұқан Сахариұлының айтуынша, ардагерлер орталығының мекемесі 1,5 млн. теңгенің дүниесімен жабдықталған. Мысалы, келелі кеңестерді өткізу үшін арнайы үстел, орындықтар қойылған. Қазіргі уақытта аға буын өкілдері мен жастардың кездесуі, сондай-ақ, түрлі қоғамдық ұйымдардың жиындары мұнда жиі өтіп тұрады екен. Керек десеңіз, теледидар және компьютерлерден бөлек, мұздатқыш сияқты тұрмыстық техникалар мен ыдыс-аяққа дейін табылады бұл жерден. Тіпті, алыс-жақын ауыл-аймақтардан жұмыс барысымен аудан орталығына келген азаматтарға қажет болса, жазуларын компьютермен теріп, оны қағазға шығарып беру сияқты қызмет түрлерін де көрсетіп, жұртшылыққа көмек жасайтындықтарын айтады ардагерлер. Сондай-ақ, орталықта аудан тарихына да орын берілген. Мекеменің төр жағына Қаракерей Қабанбай батырдың суреті мен өмірбаяны және ірі шайқастары     туралы жазбалар ілінсе, оң  қабырғаның жоғарғы жағына ауданнан шыққан Социалистік Еңбек Ерлері мен КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаттары және Ленин орденінің және басқа да марапаттардың иелері болған аудан тарихында өзіндік орны бар тұлғалардың суреттері ілінген. Сол сияқты орталықтың сөрелеріне аталмыш өлкеде туған Алаш зиялылары туралы кітаптар да қойылған. Ардагерлердің айтуынша, мұндай орталық аудандағы 17 ауылдық округтің 14-інде ашыл-ған екен.

Ардагерлермен кездесу барысында Ділдәбек Тәжібайұлы бұл мекеме кәсіпкерлердің қаржысына жасалғанын атап өтіп, сол сияқты аудан орталығында ғимараттар салуға ниетті кәсіпкерлер болса, оларға жаңа ғимараттар жобасы 2 қабаттан төмен болмау керектігін тапсырғандығын да сөз етті.

Аталмыш мекеменің жұмысымен танысқан редакция қызметкерлері ақсақалдардың тағылымды тарих пен жастар тәрбиесіне бей-жай қарамай, әлі де болса қоғамға қызмет жасап жүргендері өскелең ұрпақ үшін үлкен өнеге екенін атап өтті. Сондай-ақ, ақсақалдармен әңгімелесу барысында ғасырға жуық тарихы бар «Семей таңы» газеті жайлы да сөз болды. Ардагерлер бұл басылымды жас кездерінен бері сүйіп оқитындықтарын айтады. Ал, Мұқан Сахариұлы әңгіме арасында ертеректегі қилы замандарда «Семей таңы» басылымына ауыл жұрты қоймен есептесіп жазылған қызық жағдайлар болғанын, сонымен қатар, өзі Ақсуат ауылынан 4-5 шақырым қашықтықта орналасқан Қарғыба ауылында өндірістік кооперативтің төрағасы болып қызмет ат-қарған шағында қара қасқа атымен күнбе-күн барып-келіп жұмыс істегенін, сол уақытта «Семей таңы» газетін аталмыш ауылға өз қоржынына салып алып таратқан да кездері болғанын айтып өтті. Ақсақалдар аудандағы болып жатқан жағымды жаңалықтарды, тың ақпараттарды дер кезінде жеткізіп отыратын, «Семей таңы» газетінің Тарбағатай ауданындағы меншікті тілшісі Хамза Сәтиевпен сол кездерден бастап қойын-қолтық жұмыс жасағандықтарын да сөз етті.

Аудан басшысының жұмысына өте риза екендіктерін де жеткізген ақсақалдар «Семей таңы» газетінің көшпелі редакция ұжымына алғыстарын айтып, «еңбекте жемісті болыңдар» деп ағалық ақ баталарын беріп, бізбен бірге естелік суретке түсті.

 

«СЕМЕЙ ТАҢЫНЫҢ» ҚҰРДАСТАРЫ

 

“семей таңының” құрдастары

Осы сапарымызда  ел ішінде «Семей таңы» газетінің   құрдастары бар ма екен деген сауалға да жауап іздеп,  Тарбағатай өңірінен «Семей таңының құрдастары атты» жаңа айдардың кейіпкерлерін тауып  қайттық. Олар 95 жастағы Ақсуат ауылының тұрғыны Камал Шаштығарина,   Биби Омарова және Жұмаш Илібаева. Басылым құрдастарына редакция ұжымы сый-сияпат жасап, зор құрмет көрсетті. Меймандар кейуананың шаңырағынан да құр шықпады. Молынан жайылған адал асынан дәм татып, ақжаулықты ананың ақ батасын алып қайтты.

ҚУҒЫН – СҮРГІННІҢ ЖҮРЕККЕ САЛҒАН ЖАРАСЫ ЖАЗЫЛАР ЕМЕС

 

Қуғын — сүргіннің  жүрекке салған жарасы жазылар емес…

Қуғын — сүргіннің  жүрекке салған жарасы жазылар емес…Түс ауа   Қарасу ауылына ат басын тіреген біз аталмыш ауылдағы газетіміздің тұрақты оқырманы, 85 жастағы Асхат Хабибуллаұлымен кездескен соң осындай ой түйдік.

Ақсақал «Семей таңы» газетінің ұжымы келеді дегенді естісімен әкімдіктің қызметкерлеріне өзінің газетке басуға жазып қойған мақаласы мен басылымның басшысына айтар өтініш-тілегі бар екендігін алдын ала ескерткен көрінеді. Келген қонақтарды қақпа сыртынан қарсы алған қазыналы қарт меймандарға төрден орын беріп, дастархан басында әкесі туралы, сәулесі сөнбес балалық шағы жайлы естелік әңгімелер айтты. Айтуынша, әкесі Хабибулла Бозанов қылышынан қаны тамған Кеңес заманы кезіндегі солақай саясаттың құрбаны болған Алаш белсенділерінің бірі екен. (Хабибулла Бозанов туралы мақаланы газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар). Асхат Хабибуллаұлы сөз арасында өзінің 8 жыл орысша, 2 жыл қазақша білім алғаны туралы, әкесінен ерте айырылғандығы жайлы әңгімелей отырып, көзі тірісінде әкесінің қабірін табуды армандап жүргендігін жеткізді. Бұл парызын орындау мақсатында жас кезінен бері талай жерге барып, талай мекеменің табалдырығын тоздырған көрінеді. Асхат ақсақал өмір бойы совхозда көлік жүргізушісі болып еңбек еткен. Саналы ғұмырында 12 бала тәрбиелеп, 8 келін түсіріп, олардан бүгінде немере, шөбере сүйіп отырған жайы бар. Балалары қазіргі уақытта еліміздің әр аймағында түрлі салада қызметте екен. Ал, отанасы екі жыл бұрын бақилық болған.

Жалпы, Тарбағатай ауданының жұрт- шылығы өте қонақжай екен. Қай үйге кірсек те жайылған  аста — төк ақ дастархан, үй иелері қонақжайлық пен құрмет көрсетіп, аталы сөздің қадірін білетін баталы қариялар да меймандарға ақ батасын беріп,  зор ілтипатпен шығарып салып отырды.

«Семей таңы» газетінің Тарбағатай ауданындағы көшпелі отырысы тәуліктің екінші жартысында түтіні түзу, бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан, аудандағы ең үлкен ауыл — Ақжарда жалғасын тапты.

АҚЖАРДА АЙТЫЛҒАН АҚ ТІЛЕК КӨП БОЛДЫ

Ақжарда айтылған

«Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев тұрғындар алдында басылымның бүгінгі тынысына тоқталды. Сондай – ақ, аудан әкімі «Семей таңы» газеті Шығыс өңіріндегі мемлекеттік саясатты насихаттап, ұлт тұтастығына, ел бірлігіне үндейтін,  жастар тәрбиесіне жете көңіл бөліп отырған байырғы басылым екендігін бұл кездесуде де еске салды.

«Семей таңы» газеті ақжарлықтар үшін де бөтен емес екен. Бұрынғы аудан, бүгінгі тірек ауыл Ақжардың Қазақстанның рухани орталығына айналған Семеймен тығыз қарым – қатынасы бар. Бүгінде орта буын атанып, ел ағаларына айналған Ақжардан шыққан азаматтардың бірқатары Семейде білім алып, жалынды жастық шақтарын өткізген. Қала берді бұл күнде балалары да Семейдің оқу ордаларында білім алып жатқандықтан, ақжарлықтардың Семей жайында айтарлықтай ой – пікірлері қалыптасқан. Күнделікті көзге іліне бермейтін, елеп- ескере бермейтін осындай жақындастық болар, Семей мен Ақжардың ортасындағы алтын көпірді, сабақтастықты үзбепті.  «Семей таңы» газетінің ұжымымен кездесу өтеді дегенді естіген ауыл тұрғындары мәдениет үйіне жиналыпты.

Әлбетте, кездесуде ыстық ықыластың, жылы лебіздің жөні бөлек. Басылымның 95 жылдық мерейтойына Ақжар ауылында да құттықтаушылар қатары көп болды. Ақжардағы ақжарма тілектердің шоғырын ауыл әкімі Асқар Боғырбаевтың құттықтауымен бастау алды:

-Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Мәннан Тұрғанбаевтар іргесін қалап, негізін салған газеттің әлбетте, қазақ баспасөзінің киелі қара шаңырағы екендігін баса айтар едім. Алаш арыстарының ізі қалған басылымның бұл күнде қоғамда алар орыны ерекше. Ұлт мүддесі, ұлтаралық татулық және бүгінгі күнгі кезек күттірмейтін өзекті де өміршең мәселелерді газет беттерінен жиі кездестіріп тұруға болады. Облыстағы аудандар ахуалын осы  газет бетінен оқып танысып жүрміз. Тарбағатай ауданының тыныс – тіршілігі де басылым бетінде үнемі үздіксіз беріліп тұрады. Ақжар ауылындағы айтулы істер, жағымды жаңалықтарды да біз  «Семей таңы» газетінен жиі оқитын болдық. Сонымен қатар, бүгінгі жаһандану дәуіріндегі ең басты мәселе – ұлттық мүдде екендігін баршамызға аян. Әлбетте, ұлттық мүдденің ұлттық тәрбиемен ұштасып жатқаны айтпаса да түсінікті. Басылым бұл тұрғыдан да қаражаяу емес. Әсіресе, жастар тәрбиесіне жете мән беріп, алдыңғы толқынның ақыл –кеңестері, танымдық, тәрбиелік мақалаларға қанығып жатамыз. Өз дәуірінде елге, қоғамға игілікті ісімен із қалдырған алдыңғы буын ағалардың өнегелі, өрелі өмірі      жайында бүгінгі буын «Семей таңы» арқылы қанық болап жатамыз. «Семей таңы» Алаш арыстарының салып кеткен ізімен халыққа қалтқысыз қызмет жасай берсін,-деп лебізін жеткізген Асқар Боғырбаев «Семей таңы» газетінің бас редакторы Риза Асанқызы бастаған ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

Қазір заманның  дамыған шағы. Ғаламтордың ғажайыбы да ауыл өміріне дендеп ене бастаған. Жастары қазір газет оқып, ой толықтырғанға емес, ғаламтор парақтауға әуес-ақ. Шыны керек, бүгінгі  қоғамда қолына газет алып, қақпасындағы пошта жәшігіне елеңдеп жүретін де орта буынның өкілдері. Қолына газет ұстап өскен орта буынның да бұл күнде алды көнекөз қария атанса, соңы қырығында қамал алып, елуді еңсергендер. Міне, осы буын газетті жастай жатып оқитын, келер нөмірі келгенше күтіп жүретін. Ақжар ауылындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы  Талғат Халықов та солардың қатарынан. Жас кезінен газет парақтап өскен азамат осы күнге дейін газет – журналдарды қалт жібермей қарап отырады. Әсіресе, «Семей таңы» Ақжар ауылына кең тарала бастаған тұстан бастап, тұрақты оқырманына айналыпты.

-Жастық шағымыз Семей қаласында өтті. «Семей таңы» газеті мен үшін жат емес. Бұрын әр ауылда газет оқырмандарымен редакция ұжымдары дәстүрлі түрде кездесіп, ой – пікір алмасатын. Міне, осындай кездесулердің тоқтап қалғанына да біраз уақыт өтіпті. Сол сең бүгін Ақжар ауылында бұзылғандай. Соңғы жиырма жыл көлемінде Ақжар ауылында мұндай кездесулердің алғаш рет ұйымдастырылып тұрғанын айтқым келеді. Бұл тұрғыда газет редакторы Риза Асанқызы бастаған ұжымның жемісті жұмысын айқын ағаруға болатындай. Оқырманмен жүздесу — үлкен жетістік. Халықтың ой – пікірі, сан түрлі сауалдары, мұң – мұқтажын тыңдау арқылы газет көтеретін тақырыптар тізбегі топтасады. Елбасы биылғы өз Жолдауында «Мәңгілік Ел»  идеясын ұсынды. Осы идеяда     Н.Назарбаев жастарға көп сенім артатындығын тілге тиек етті. Өзімнің ұсынысым ретінде жастар тәрбиесіне газет бетінде көп көңіл бөлінсе. Осы жастар тәрбие-сінде мақалалар тек ақпараттық тұрғыдан шектелуде, — деген Талғат Халықов өз ойымен осылайша бөлісіп, газеттің ауыл – аймақтың тынысын жазып, жарыққа шығыруда «Семей таңы» газетінің айрықша орын алатындығын атап өтті.

Иә. Ауыл – алтын бесік. Қазақы салт – дәстүрдің, қаймағы бұзылмаған орта да дәл осы ауыл екендігін екінің бірі біледі.  Сондықтан ауылдың ахуалы, тыныс – тіршілігі, тіпті, тындырған ісіне дейін «Семей таңы» газетінің назарынын тыс қалған емес.  Бұған Тұғыл ауылынан келген Айман Тлендинованың  қосар өз ойы да бар екен.

— «Семей таңы» газетінің оқырманы ретінде айтарым басылым бетінде  әлеуметтік мәселелер, денсаулық сақтау саласы, білім беру сияқты тақырыптар жиі қамтылады. «Әркімнің өзі шыққан тауы биік» деген ғой. Біздің Тұғыл ауылында да игілікті іс – шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар атқарылып жатыр. «Семей таңы» газетінің ұжымы жиналған сәтті пайдаланып, Тұғыл ауылына да көңіл бөліп, жағымды жаңалықтарымызды аудан жұртшылығымен бөлісуге көңіл бөлулеріңізді сұраймын, — деген Айман Тлендинова басылымның 95 жылдық мерейтойымен құттықтап, алдағы уақытта газет ұжымы ауданға жиі ат ізін салып тұратындығына үміт артатынын  білдірді.

Осындай тілектер мен ұсыныстар, жылы лебіздерден кейін «Семей таңы» газетінің бас редакторы Риза Асанқызы басылымның Тарбағатай ауданындағы көшпелі редакциясын ұйымдастыруға мұрындық болған аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлына, Ақжардағы ақжарқын кездесуге ұйтқы болған ауыл әкімі Асқар Боғырбаевқа Ақжар ауылының тұрғындары алдында редакция ұжымы атынан алғысын жеткізді.

Риза Асанқызы өз сөзінде Тарбағатай ауданына ұйымдастырылған көшпелі редакция жұмысы барысында Ақжар ауылына арнайы ат басын бұрудағы басты себеп, халықпен жақын танысу, етене араласу әрі ауылдағы айшықты істерді көру екендігі жеткізді.

— Бүгінгі кездесу Ақжар ауылымен газет арасындағы байланыстың басы болып есептеледі. Алдағы уақытта тығыз қарым – қатынасымыз жақсаратындығына бек сенімдімін. Сіздердің алдарыңызға келіп құрмет көрсету, 95 жылдық мерекеміздің алдындағы парызымыз деп санаймыз. Біздің басылым үшін сіздердің пікірлеріңіз, ойларыңыз, өтініштеріңіздің маңызы ерекше, — деп көшпелі редакцияның Тарбағатай ауданында өтіп жатқан күндерінің маңыздылығына тоқталып өтті.

Газет ұжымы Ақжар ауылына да құр алақан бармады. «Семей таңы» газетінің кезекті санын асыға күтіп отыратын озық ойлы біраз оқырманға бір жарым жылға газетті тегін оқуға мүмкіндік беретін арнайы сертификат табысталды. Сондай-ақ біздің басылымның Ақжар өңірінде таралауына көмек көрсетіп жүргендерге  Алғыс хат табысталды. Тарбағатайдағы тындырымды істерді, жағымдық жаңалықты жеткізіп, қоғамның көзқарасы газет беттерінде жарияланып тұруы үшін штаттан тыс тілшілерге де арнайы куәлік беріліп, отбасылық жағдайы төмен жандарға арнайы сәлемдемелер табысталды.

Ақжарда да ауыз толтырып айтарлықтай істердің жүріп жатқандығы ауылға кіре берістен байқалып тұр. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген қазақы мақалдың дәл осы жерде қолданудың жөні де бар болар. Ақжардың әкімі Асқар Боғырбаев өзінің іскер басшы екендігін байқатты.  Ауылдың тазалығы мен тиянақтылығы өз алдына, әлеуеті әлді, экономикасы қар-қынды. Мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп, кәсіптің көзін тапқан еңбеккерлер де Ақжарда көп. Әр салаға серпін беріп, ауданның әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан дамуына септігін тигізіп отырған серіктестіктер мұнда да жеткілікті екен. Ақжар өңіріне аты мәшһүр кәсіпкер Бақытжан Құнапиянов басқаратын «Айзат Құрылыс» ЖШС осындай ісі алға басқан серіктестік. Кәсіпкердің қолға алған шаруаларының бірі – сүт өндіру цехы. Ділдәбек Тәжібайұлының айтуынша, шалғай жатқан аудандарда дәл осындай сүт өндіретін цех әзірге жоқ көрінеді.

-Халықты табиғи азық – түлікпен қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Тарбағатай ауданында мал шаруашылығы жетекші салалардың қатарында. Сондықтан, осындай сүт өндіретін цех ашуды жоспарлап отырмыз. «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында өткен жылы 12 млн. теңге несиені осы цехты іске қосу үшін алдық. Наубайхана да халыққа қызмет етеді. Қазір қайта жөнделу үстінде. Жақында  қосылады. Мал шаруашылығына да көңіл бөлінуде. Құрылысқа қажетті материалдарды, атап айтқанда, терезе жасаумен айналысамыз. Қысқасы, серіктестік кешен ретінде жұмыс жасайды. Қазір    100-ге тарта адам осы жерде еңбек етеді, — дейді сұхбат барысында кәсіпкер Бақытжан Құнапиянов.

Ділдәбек Тәжібайұлы ауданның әр ауылы болашақта өздерін көкөніс өнімдерімен  қамтамасыз етуі керек деп есептейді. Ауыл әкімдеріне осы бағытта бірқатар тапсырмалар да жүктеген. Төрт түліктің жайын жатқа білетін тарбағатайлықтардың  көкөніс егуге де ебі бар екен. Мұны Ақжар ауылындағы «Толғанай» шаруа қожалығының жылыжайынан аңғаруға болады. Ерболат Ердан атты азамат «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы негізінде 3 млн. теңге несие алып, трактор, картоп қазатын әрі егетін техника алумен қатар, ауласына жылыжай салыпты. Ауыл әкімі Асқар Боғырбаевтың айтуынша, ауылда осындай жылыжайдың қатары әлі де толығып, алдағы уақытта 4-5 жылыжай салынады деп жоспарланып отыр екен.

Жылыжайда көкөністің барлық түрі бар. Тамшылатып суару әдісін қолданып отыр. ШҚО – да тамшылатып суару қазіргі кезде көп шаруашалықтың қолданатын әдісі.  Судың да сұрауы барын ескерсек, тамшылатып суару әдісінің кең қолданысқа енуі орынды.

Жылыжайдың қожайыны Ерболат      Ердан мен Нұргүл Ақбасқызы. Өткен жылдың күзінде отбасы Қытайдан атамекенге оралған екен. Елге келіп, еңбек етуге бел буған отбасына жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп, несие алуға кеңес беріліпті.

— Жылыжайға қажетті құрал – жабдықты отағасы Қытайдан әкеліп орнатты. Қара күздің қарашасына дейін өнім алып, ерте көктемде, яғни, Наурыз айының басында қайта көкөніс егуді бастап кетеміз. Қияр, қызанақ, бұрыштың барлығы да жылыжайда салынған. Халық тұтынатын өнімдердің барлығы да болады, — дейді Нұргүл Ақбасқызы.

Тарбағатай ауданында балабақшаға деген тапшылық жоқ. Мемлекеттік балабақшамен қатар, жеке меншік балабақшалар саны да аудан бойынша артып келеді. Ділдәбек Оразбаев ауданға әкім болып келгелі аудан бойынша жеке меншік тоғыз балабақша өз жұмысын бастаған. Бір айта кетерлігі, мемлекеттік және жеке меншік балабақшаның арасында анау айтарлық айырмашылық  жоқ. Жеке меншіктің қолындағы балабақшалар да мемлекеттік тапсырыс арқылы өз қызметтерін сапалы түрде жүргізіп отырған жайы бар. Осындай балабақшалардың бірі – Ақжар ауылындағы «Ай — Тұмар» балабақшасы. Ерлі – зайыпты Есет  — Тоқтагүл Тоқтаубаевтар ашқан балабақшада бұл күнде «Құлыншақ» пен «Балдырған»  топтарында бір жарым жастан бес жасқа дейін елу бүлдіршін бар. Жекеменшік балабақшаның бір ұтатыны балаңыз бір жарымға толса, жұмыс-қа шығуыңызға мүмкіндік бар. Балабақшаның бағасы барлығы үшін қолжетімді деп айтуға тұрарлық.  Ата – аналар ай сайын 6 мың төлейді. Балабақша ашылған сәттен бастап 18 адам жұмысқа тұрған.

Айтпақшы, «жұмыс» дегеннен шығады. Аудан бойынша биыл жұмыс орындары көптеп ашылып, жұмыссыз жүргендер қатары азайған. Екі қолға бір күрек ұстап, еңбекке араласқандардың қатары көп. Бір ғана Ақжар ауылында жетпіске жұмыс орыны ашыл- ған. Жаңадан құрылған «Ақжар — тазалық» мекемесінің бір ғана өзінде бұл күнде 13 адам қызмет етеді. Сондай — ақ, мәдениет, білім беру салаларында да жаңадан жұмыс орындары ашылған екен.

Білім беру демекші, келер жылы Ақжар ауылында білім беруде үлкен бір серпіліс болмақ.  600 орындық мектеп пен 300 орындық интернаттың құрылысы басталды.

-Жалпы бұл мектептің құрылысына қаржы бөлінуіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың еңбегі ерекше. Халықтан түскен кез келген өтініштің облыс әкімінің назарынан тыс қалмайтынын  бәріңіз де байқаған шығарсыздар. Тіпті, құрлыс жұмысына мердігер компанияның жергілікті жерден болуын да облыс басшысы қадағалауына алды,-дейді аудан әкімі.

«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дейді қазақ. «Семей таңы» газетінің Тарбағатай ауданындағы  көшпелі редакциясы күндеріне орай құрылысы басталатын білім ордасының ірге тасын қалап, капсуласын қою салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев, «Семей таңы» газетінің бас редакторы Риза Молдашева, мердігер компания «ПМК Құрылыс» ЖШС төрағасы Қайрат Нәбиев және ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар қатысты. Капсуланы қою рәсімі қарт ұстаз, Еңбек ардагері Сайлаубек Жүніс-баевқа бұйырды. Осы жерде Риза Асанқызы болашақта мектеп түлектері журналистика саласының жүйріктері болсын, білім ошағы атпал азаматтардың тәрбие алып шығар шаңырағы болсын деген лебізін білдірсе, ауылдың абыройлы азаматы Қасым ақсақал ақ батасын берді. Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, жергілікті ақын Әрімбек ақсақал Мәселұлы жүрекжарды өлеңін де  арнады:

Алып жатқан атшаптырым алаңды,

Білім беріп, оқытатын балаңды.

Еңселі, әсем орта мектептің,

Ақжарымда іргетасы қаланды.

Еңбек етпей мақсатына жетпек кім?

Міне, бүгін соны мақтан етпекпін.

Ақсақалдар, ақ жаулықты әжелер,

Іргетасын қалап жатыр мектептің.

Алдан күткен арайлы аппақ таңдарын,

Ғұмырымды жалғайтұған жандарым.

Болашақта осы мектепте оқитын,

Сәбилердің көбейтейік сандарын.

Мекен еткен алты Жұмық әулетім,

Азат елдің тасытады сәулетін,

Шекаралық шетте жатқан ауылдың,

Осы мектеп арттырады сәулетін.

Жүк көтерсе тістенетін тістерін,

Сарқып берер сом білектің күштерін,

Қара нардай қажымайтын құрыш қол,

Құрылысшылар сәтті болсын істерің!

Қазақы дәстүрмен шашу шашылып, өлең – жыр ақтарылды. Көнекөз қарияның батасы берілді. Басталар істің берекесін осыдан көруге болады. Ауылдағы ағайынға алаңдауға негіз жоқ. Құрылысты Ақжар ауылының бел баласы, абыройлы азаматы, облыстық мәслихат депутаты Қайрат Нәбиев басқаратын «ПМК Құрылыс» ЖШС жүргізеді. Құрылыстың жалпы құны 1 млрд. 650 млн. теңге.  Биылға 500 млн. теңге бөлініп те қойған екен. Қайрат Қасымұлы келер жылдың желтоқсан айында мерзімінде бітіру жоспарланып отырғандығын айтады.

ЫРҒЫЗБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

 

ЫРҒЫЗБАЙ

АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

«Семей таңы» газеті көшпелі редакциясының Тарбағатай ауданындағы жұмыс сапары мамырдың 15-і күні Ырғызбай ауылдық округінің орталығы – Жәнтікей ауылында аяқталды. Аталмыш ауылдық округтің әкімі Айгүл Иманғалиева қонақтарды ауыл қақпасының сыртынан қарсы алды. Аудандағы тірек ауылының сапына енген 1200-ге жуық халқы бар Жәнтікейдің тыныс-тіршілігімен танысқан көшпелі редакция ұжымы іргелі ауылдағы «Айгерім» ясли- балабақшасы мен «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша ашылған жұмыртқа бағытындағы шағын тауық фермасында болып,басқа да  бірқатар нысандарды аралап шықты. 30 жылдан бері табан аудармастан ауылға басшылық жасап келе жатқан тәжірибелі әкімдердің бірі Айгүл Дәуірбекқызының жүйелі жұмыс жүргізуінің арқасында ауыл жайнап, көркейіп келеді екен. (Ырғызбай ауылдық округі туралы толығырақ алдағы сандардан оқи аласыздар). Тарбағатай ауданындағы сапары соңында аудан қонақтары Жәнтікей ауылынан да дәм татпай қайтпады. Ас ішіп болған соң жергілікті халықтың ақ батасын арқалаған газеттің көшпелі редакция ұжымы Семейге аттанды. Осылайша «Семей таңының» Тарбағатай ауданындағы күндері өз мәресіне жетті.

Редакциядан: «Семей таңының» Тарбағатай ауданындағы күндерін өткізуге көмек көрсеткені үшін  аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевқа, Ақжар  ауылының әкімі Асқар Боғырбаевқа және аудан әкімінің ішкі саясат бөлімінің қызметкерлеріне өз тарапымыздан алғыс айтамыз.

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

“Семей таңы”.

Связанные новости

В Абайской области введены в эксплуатацию 226 объектов

04.06.2025
В Абайской области введены в эксплуатацию 226 объектов

В Абайской области продолжается планомерная работа по приёму в эксплуатацию завершённых строительных объектов и усилению контроля в сфере архитектурно-строительного надзора,...

Читать далее ...

Советник Президента Малик Отарбаев посетил Абайскую область с рабочим визитом

03.06.2025
Советник Президента Малик Отарбаев посетил Абайскую область с рабочим визитом

Сегодня Абайскую область с рабочим визитом посетил советник Президента Республики Казахстан Малик Отарбаев. В рамках поездки он провёл встречи с...

Читать далее ...

В Абайской области усилены меры по профилактике правонарушений среди подростков

03.06.2025
В Абайской области усилены меры по профилактике правонарушений среди подростков

В Абайской области активизирована работа по предупреждению правонарушений среди несовершеннолетних. Комплексные профилактические мероприятия проводятся на постоянной основе в школах, колледжах...

Читать далее ...

Стартовал отбор в Президентский молодежный кадровый резерв

03.06.2025
Стартовал отбор в Президентский молодежный кадровый резерв

Президентский молодежный кадровый резерв – проект, направленный на создание прозрачного и эффективного социального лифта для молодежи. 1 июня на сайте...

Читать далее ...

Открытый диалог ради будущего: в Семее прошёл форум «Безопасное детство – начало правовой культуры»

03.06.2025
Открытый диалог ради будущего: в Семее прошёл форум «Безопасное детство – начало правовой культуры»

В Семее, на базе Alikhan Bokeikhanov university, прошёл областной форум «Безопасное детство – начало правовой культуры», собравший педагогов, представителей госорганов,...

Читать далее ...

В Абайской области началась подготовка к празднику Курбан айт

31.05.2025
В Абайской области началась подготовка к празднику Курбан айт

6 июня мусульмане всего мира отметят один из важнейших религиозных праздников — Курбан айт. В Абайской области подготовка к этому...

Читать далее ...

Новости

В Абайской области введены в эксплуатацию 226 объектов

1 день назад

Советник Президента Малик Отарбаев посетил Абайскую область с рабочим визитом

2 дня назад

В Абайской области усилены меры по профилактике правонарушений среди подростков

2 дня назад

В Семее началось строительство индустриального парка по производству чипов и электроники

2 дня назад

Стартовал отбор в Президентский молодежный кадровый резерв

2 дня назад

Открытый диалог ради будущего: в Семее прошёл форум «Безопасное детство – начало правовой культуры»

2 дня назад

В Абайской области началась подготовка к празднику Курбан айт

5 дней назад

В Абайской области началась подготовка к Национальной сельскохозяйственной переписи

5 дней назад

В Урджарском районе установят дорожные знаки более чем в 10 селах

6 дней назад

В Казахстане запускается пилотный проект единого ваучера для детей на спорт, творчество и дополнительное образование

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС