25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

27.05.2014
ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
FacebookWhatsappTelegram

Туберкулез ауруына қарсы емдеу жұмыстарын жүргізіп, тәжірибе алмасу мақсатында Семейге Қырғызстан мен Тәжікстанның және еліміздің өзге де аймақтарынан медицина саласының майталман мамандары келді. Мамандар Семейге өткен жылы да арнайы келіп, туберкулезбен ауыратындардың әлеуметтік қорғалуымен танысып қайтқан еді. Ал, биыл делегация амбулаториялық қызмет және науқастарды тұрақты түрде емдеу жұмысымен танысты. Осыған орай, дүйсенбі күні қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен жергілікті медицина саласының мамандары әкімдікте делегаттармен ресми түрде кездесу өткізіп, жан-жақты пікір алмасты. 

 

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы   басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Ғалия Жуасбаева Семей өңірінде медицина саласы жетекші сала екендігін әрі Семей қаласының «брэнді» болып табылатынын атап өтті.

 

{jcomments on}- Семей халқының саны 350 мыңға жуық болса, мұнда 35-тей медициналық-әлеуметтік мекеме, 11 отбасылық дәрігерлік амбулатория және 12 емхана жұмыс істейді. Рентгендік тексеруден бастап, туберкулез ауруын бақылау жасауға тубдиспансерлермен бірігіп жұмыс істеуге мұның әсері мол. Адамның медициналық мекемемен жасайтын бірінші қатынасы отбасылық дәрігерден басталады. Олар отбасындағы барлық адамдарды жақсы танып қана     қоймай, оларды қандай аурудың мазалайтынынан да хабардар болады. Сондықтан, дәрігерлерге бұл дертті бақылауға жеңіл  болады,- деп атап өтті өз сөзінде Ғалия Жуасбаева.

 

Сонымен қатар, семейлік мамандар   туберкулезге шалдыққан науқастарды тұрақты емдеудегі тәжірибелерін де осы жерде ортаға салды. Ал, науқастарды тұрақты емдеуде  әлеуметтік қолдаудың да рөлі ерекше екені даусыз.

— 2009 жылы туберкулезге шалдыққандарға қаржылай көмек көрсетуге бізде жаңа мүмкіндік пайда болды. 120 адамды қамтитын ай сайынғы төлемақы басында 3 мың теңге болса, бүгінде 6,5 мың теңгені құрайды, — дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Разина Булешова.
Бұл тұрғыда тәжірибе алмасу мақсатында жақын маңдағы шетел мамандары Семейде осыдан бірнеше жыл бұрын да сапарлап келіпті.  Алғашында олар USAID ТВ CARE  жобасы аясында келген екен.

— Туберкулезге қатысты бағдарлама     бойынша тәжірибе алмасуда біз 2009 жылдан бері түрлі кездесулер өткізіп келеміз. Еліміздің қай өңірінен болмасын, мамандардың бұл мәселеге қатысты өз айтар ойлары бар әрі тәжірибелері де жеткілікті. Өткен жылы Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен әріптестерімізді шақырып, олармен осы тақырып тұрғысында тәжірибе алмастық. Ал, жақында ғана Тәжікстанда болғанымызда олардың      Семейден алған тәжірибелерінің жүзеге асып жатқандығын байқадық. Қазіргі таңда оларда да осындағы сияқты туберкулезге шалдыққандармен тек қана дәрігерлер емес, әлеуметтік қызмет тобы да жұмыс жасайды екен. Мұндай кездесулердің туберкулезді бақылауда пайдасы мол деп айтуға болады, — деген Қазақстандағы ТВ CARE  жобасының директоры Мария Идрисова  Семейдің туберкулезге қарсы күрес жұмысын жүргізу жағынан тәжірибесі мол екенін айтып өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында еліміздің өзге де аймақтарынан келген делегаттар пікірлерін білдіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Мысалы, Ақмола облысындағы аудан әкімдері туберкулезге шалдыққандарды өз бақылауына алған екен. Ондағы жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе отырып, аудан әкімдері туберкулезге шалдыққан науқас адамдарға әлеуметтік көмек көрсететін көрінеді. Айтуларынша, науқастардың үйлерін көмір мен ағаш сияқты отын түрлерімен, азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуді қолға алыпты. Мұндай жағдай алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде де қолға алынатынын айтады жиынға қатысушылар. Тараптар тәжірибе алмасуы барысында кездесуде айтылған ұсыныстары сол жерде қалмайтындығын, алдағы уақытта міндетті түрде жүзеге асатындығын айтып тарқасты.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,                                                                                                               «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС