25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОТБАСЫЛЫҚ ДӘРІГЕР — МЕДИЦИНА ЕРТЕҢІ

27.05.2014
FacebookWhatsappTelegram

Дүниежүзілік отбасылық дәрігерлер күніне орай Семейде медицина саласы мамандарының қатысуымен конференция өтті. Сонымен қатар, отбасылық дәрігерлер арасында өткен жүрек қан тамыры ауруына шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсету байқауының жеңімпаздары да марапатталды.

Кейіпкерлерінің бірі сырқаттанып қалғанда лезде отбасылық дәрігердің жанынан табылып, ем-дом шараларын жасап, ақыл-кеңестерін берумен қатар, өзін жанұяның бір мүшесі сезінетін дәрігерлер жайлы түсірілген шетелдік киноларды бәріміз таң қала тамашалаған болармыз. Ақ халатты маманның шынайы жанашырлығы ауырған жанның дертіне дауа, ерекше демеу екенін байқаймыз. Медицина саласындағы мұндай жұмыс жүйесі Қазақстанда да енгізілген. Осының арқасында елімізде тек ауырған жандардың ғана емес, халықтың денсаулығына қамқорлық танытатын әмбебап отбасылық дәрігерлердің саны артып келеді. Конференция барысында Семей қаласының СМУ-нің ректоры Төлебай Рахыпбеков отбасылық дәрігердің  сапалы медициналық қызмет көрсету мен халық денсаулығын нығайтудағы рөлі ерекше екендігін атап өтті.

— Денсаулық сақтау желісі дамыған Ұлыбританияда осы саладағы жүйенің барлығы тұтастай отбасылық дәрігерлердің жұмысына сүйенеді. Бүгінгі күні бізде денсаулық сақтау жүйесінде алдын-алу жұмыстарына толық басымдық беруімізге барлық мүмкіндік бар. Бүгінге дейін денсаулық сақтау жүйесі тұтастай аурулармен күреске, яғни, туберкулезді емдеу, мүшелер мен ұлпалардың қан жетіспегендіктен жансыздануын емдеу сияқты мәселелерді шешуге бағытталып келді. Бойында ауруы, әлеуметтік-психологиялық проблемалары бар жекелеген адамды, оның қоршаған ортасын және өмір салтын көру мүмкіндігі жоқ-тын. Сондықтан сырқат емес адамдардың денсаулығына қамқорлық көрсететін маман – отбасылық дәрігер пайда болды, — деді Төлебай Рахыпбеков. Сондай-ақ, ол медициналық университет жалпы тәжірибедегі дәрігерлерді дайындап жатқанын жеткізді. Жас мамандардың алғашқы легі оқу орнын тәмамдаған көрінеді. Бұдан бөлек  ол жұмыс берушілер кеңесі мен отбасылық дәрігерлер қауымдастығының көрсетіп жатқан көмегі көп екенін жеткізді.

 

{jcomments on}Қазақстандағы отбасылық медицинаның дамуы Алматыда алғашқы отбасылық дәрігерлер бөлімшесі бар отбасылық типтегі емхана ашылған 1989 жылдан басталды. Қайта оқу курсынан өткеннен кейін педиатрлар мен терапевтер аралас қабылдау түріне ауысқан. Қазіргі таңда Семей өңірінде жалпы дәрігерлік тәжірибе ұстанымы бойынша 10 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі қабылдайды.

 

— Біз жалпы тәжірибе дәрігерлерін даярлап жатырмыз. 754 интернді және 64 клиникалық  ординатор мен резидентті қайта оқыттық. Басқа салаға ауысқысы келген 905 дәрігер қайта даяралудан өтті. Шығыс өңірі бойынша 1723 жалпы тәжірибе дәрігерін дайындадық. Биыл біздің оқу орнын 74 маман бітірсе, олардың 51-і ауылдық жерлерде еңбек етуге ниет білдірді, себебі ауылдық жерлерде жас мамандардың жайлы өмір сүріп, жұмыс істеуіне жағдай жасалып жатыр, — деді конференцияда СММУ отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі Майра Еспенбетова.

2014 жылдан бастап медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында отбасылық дәрігерлік амбулаторияларда жанбасылық арнайы норматив енгізілді. Отбасылық дәрігерлер нақты тұлғаға, жанұяға, нақты бір аумақтың жергілікті тұрғындарына  бағытталған сапалы медициналық көмек көрсетуде. Бұл өз кезегінде жылдам әрі жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

— Егер біздің емхананы алып қарасақ, бізде тек отбасылық дәрігерлер, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету саласының дәрігерлері жұмыс істеді. Бірнеше айдан кейін емделушілер бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі бойынша қаржыландырудың екінші кезеңі басталғанына қуанышты екендіктерін жеткізді, себебі, олардың ойынша бұл бағыттағы жұмыс жалпы жағдайдың жақсаруына септігін тигізген көрінеді. Біздің қазір зерттеудің 190 түрін жергілікті орындарда жасауға мүмкіндігіміз бар. Зертханамен жасасқан келісімнің арқасында емделушілер алысқа бармайды, кепілдендірілген көмек дәл беріледі, ол үшін электронды жүйе қалыптасты. Екіншіден, тұрғындар үшін таңдау жасау жүйесі қалыптасқан. Егер қандай да бір емделушіге нақты бір дәрігер керек болса, біз сұранымына жауап беріп, онымен келісім-шартқа қол қоямыз. Емделуші мекемені де дәрігерді де таңдауға құқылы. Зерттеулер саны азайды, сәйкесінше кезектер де қысқарды деген сөз. Өтініш білдіру жүйесінің қызметіне балалар мен қариялардан бөлек еңбекке қабілетті азаматтар да көптеп жүгіне бастағанын көруге болады,-деді №3 аралас типтегі емхананың бас дәрігері Нәйлә Әлменова.

Әлбетте, қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына көңілі толмайтын азаматтар бар, бірақ ол заңды. Дәрігерлер мен мекемелердің жұмыс қағидалары өзгеріп жатыр, бұл ескі жүйеге үйреніп қалған адамдарға жаңа тәртіпке бой үйретуге тура келеді деген сөз, яғни қабылдауларға алдын-ала жазылып, шұғыл жағдайларда қалай әрекет ету қажеттігін және кімнен көмек сұрау керектігін білуге, өзі емделетін емхананы таңдауға тиіс болады.

Конференцияда Семей қаласы емханаларының сегіз отбасылық дәрігері ең жиі кездесетін сырқат – жүрек қан тамырлары ауруымен ауырған емделушілерге медициналық көмек көрсету бойынша үздік дәрігер байқауының жеңімпаздары ретінде арнайы дипломдармен марапатталды. Дүниежүзілік отбасылық дәрігерлер күні өткізілген конференция дәрігерлер жұмысының мәселелері мен болашақ мүмкіндіктеріне қоғамның назарын тағы бір мәрте аударды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС