25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТТІҢ ИГІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

27.05.2014
FacebookWhatsappTelegram

Биыл жыл басынан бері Семей қалалық сотында жер қатынастары дауына қатысты 30 іс қаралып, оның 12-сі бойынша шешім шығарылған. Сондай-ақ, сот істерін жүргізуде инновациялық технологоияларды пайдалану артып, ағымдағы жылдың басынан электронды Үкімет порталы арқылы түскен арыз-шағымдардың саны 1070-ке жеткен. Бұл жайлы аталмыш мекемеде өткен арнайы брифинг барысында белгілі болды.

 

Семей қалалық сотының бас маманы Карина Ғабдуллина сот істерін жүргізуде инновациялық технологиялардың пайдаланылу деңгейінен хабардар етті. Мәселен, аталмыш мекеменің ғимараты фойесінде «Сот істері  бойынша анықтамасы» бар сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-сараптамалық жүйесінің құрамдас бөлшегі болып табылатын моноблок орнатылған. Оның пайдасы сол, халық еркін түрде осы сотта және жоғары соттарда қаралған істердің нәтижелері туралы біле алады. Өз сөзінде Карина Ғабдуллина электронды Үкімет порталы арқылы түскен арыз-шағымдардың саны 1070-ке жеткені жайлы да айтып өтті.

— Өткен жылдардағы сәйкес мерзіммен салыстырғанда бұл көрсеткішті есепке алсақ, халықтың арыз, өтініштерді электронды түрде беру деңгейінің артып  келе жатқандығын атап өтуге болады, — деді бас маман.

Жиында сот процесіне оң әсерін тигізетін жағымды  жаңалық ретін бейне хаттама жүргізу тәжірибесі де сөз болды. Бұл жайлы Семей қалалық сотының судьясы    Мадина Дәулетова айтып берді. Оның сөзінше, 2013 жылы аудио-бейне тіркеуді пайдаланумен 12682 іс қаралған. Ал, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ғана бұл көрсеткіш 2182-ге жеткен.

— Сот отырысының бейнетаспасын жүргізу хаттама   толтыруға, тараптардың онымен танысуы үшін жасалатын көшірмесін жасауға кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сот отырыстарының бейнетаспасын жасау қағаз құжаттардың жойылу қаупін төмендетіп, хаттаманы толтыруда жіберілетін қателердің алдын алады. Осының бәрі өз кезегінде бейнетаспаны тараптардың өтініші бойынша істі қайта қарау кезінде пайдалануға мүмкіндік береді, — деді Мадина Мұратқызы.

 

{jcomments on}Сондай-ақ, жер дауына қатысты істерді қарастыру   жайындағы мәліметтермен  судья Талғат Адаспаев бөлісті. Өз сөзінде ол жер дауына қатысты істердің арасында жеке азаматтардың өзара таласынан туындағандарымен қатар, тұрғындардың жергілікті билік өкілдерінің, мемлекеттік органдардың және республикалық мемлекеттік мекемелердің шешіміне наразылығынан пайда  болғандары да көптеп кездесетінін айтты.

 

— Жыл басынан қалалық соттың қарауына 30 іс түскен. 6-уы әртүрлі себептермен кері қайтарылса, 4-і қабылданбаған. 2 іс бойынша өтініш қанағаттандырылса, 3-і бойынша қанағаттандырмау туралы шешім шығарылды және тараптардың келісімге келуіне байланысты 3 іс аяқталса, 3 іс қарастырусыз қалған. Жалпы аяқталған істердің саны 12-і болды,-деді Талғат Құсайынұлы.

Еңбек заңнамасын бұзуға қатысты істер жөнінде айт-қан қалалық соттың судьясы Айдар Секенов жұмыс      беруші мен қызметкердің құқықтары және міндеттері   туралы төмендегідей мәлімет берді:

— Біздің елімізде жұмыс беруші мен жұмысшының       арасындағы еңбек қарым-қатынасы ҚР Еңбек Кодексінің талабына сай реттеледі. Еңбек Кодексінің 172-бабына сәйкес жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді: жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша — жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде арыздануға болады.  Басқа еңбек даулары бойынша — қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап бір жыл ішінде арыздануға болады.

Сондай-ақ, Айдар Секенов жұмысқа қайта орналастыру туралы талап-арызбен сотқа шағымданған тұлға мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылатынын және аталмыш санаттағы арыздардың бір ай ішінде қарастырылу  керектігін, зейнет жасындағы жұмысшының қателігі үлкен болған жағдай да ғана жұмыс берушінің оны жұ-мыстан шығара алатынын тілге тиек етті.

 

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС