25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҮГІТ – НАСИХАТ ТОБЫ АБЫРАЛЫ ӨҢІРІНДЕ

27.05.2014
FacebookWhatsappTelegram

21 мамыр күні қала әкімінің орынбасары Зәуреш Рамазанқызы Исабаева басшылық еткен үгіт-насихат тобының Абыралы өңіріндегі ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу жиыны өтті.

Кездесуді өткізудегі мақсат — Елбасының халыққа арнаған  биылғы  «Қазақстан жолы- 2050:  Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді, оның қалай жүзеге асырылып жатқанын түсіндіру, көпшілікпен ой бөлісу болды.

-Президентіміздің әр жылғы Жолдауынан соң халықтың әл-ауқаты мен ел экономикасы жаңа бір белестерді  бағындырып жатқанына тарих куә. Жолдаудан әркім адамдарға деген айрықша қамқорлықты сезінеді. Мұндағы түйінді бағдарламаның бірі — адам әлеуетін дамыту. Тұрақтылық пен бірлік-қоғамымыздың стратегия жолымен дамуымыздың аса маңызды факторы. «Ынтымақты елде- бақ тұрар» дейді дана халқымыз. Ендеше, ауызбіршілікте «Мәңгілік Ел» идеясын қолдап, алда тұрған міндеттерді бірге жүзеге асыруға тиіспіз, — деген Зәуреш Рамазанқызы жиынды ашып, үгіт-насихат тобының құрамымен таныстырды.

Келелі басқосуда қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары А. Садырбаев биылғы Жолдаудың ерекше маңыздылығына тоқталды.

-Елбасының Жолдауы халықтың нағыз әл-ауқатын арттыруға арналған мемлекеттік жоба десек болады. Адамдардың әлеуметтік — тұрмыстық жағдайына көп көңіл бөлінуде. Дамыған  30 елдің қатарына ену мақсат етілуде. Қазір елімізде сан ұлт өкілдері тату-тәтті, шынайы келісіммен бейбіт өмір сүріп жатыр. Барлығымыз бір мақсат, бір мүдде жолында бірігіп, ынтымақ, татулықта діни теріс пиғылдардың алдын алып, Жолдаудағы басты міндеттерді жүзеге асыру- әрқайсымыздың парызымыз,- деп ой түйді.

 

{jcomments on}ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығының Семей өңірі бойынша орынбасары Ғалия Жуасбаева денсаулық саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен оңды өзгерістер туралы мәлімдеді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының нәтижесі өз жемісін бере бастағанына, ана мен бала денсаулығына айрықша көңіл бөлінуден нәресте мен ана өлімінің кемігенін, аурудың алдын алуда біршама шаралар жасалынып жатқанын, жаңадан қалада жедел жәрдем станциясының ашылатынын, кейбір жерлерде амбулаториялардың құрылысы басталатынын айтып, Қайнарға жедел жәрдем автокөлігі берілетінінен хабардар етті.

 

Қалалық білім бөлімінің әдіскері А. Үйсінғазина Елбасының Жолдауында білім беру саласына да айрықша мән берілгенін  атап өтіп, ұрпақтарға сапалы білім мен тәрбие берудегі жұмыстарға тоқталды.

Сондай –ақ, Абыралы өңірінде әдістемелік семинарлар өткізілгенін, Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тексеру сынынан жақсы өткендігін, мектепішілік тесттік сынамадан оқушылардың 70 пайыздық нәтижеге жеткендігін айта келіп, биылғы ҰБТ-да  жақсы көрсеткішке жетуге тілектестігін білдірді.

Тұрғындармен басқосу жиынында Семей қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Е.Б. Төлеубаев Елбасының халықты жұмыспен қамту мәселесін бірінші кезекке тегіннен-тегін қойып отырмағанын, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында кәсіптік оқыту, мамандарды қайта даярлау, ауылдағы шағын кәсіпкерлікті дамыту, мүгедек жандарды жұмыспен қамту, аз пайыздық мөлшерде несие беру мәселелері халықтың жағдайын жақсарту үшін жасалып жатқан шаруалар екендігі төңірегінде ой өрбітті.

Абыралы өңірі бойынша 93 адам несие алып, кәсіп ашып, мал өсірумен айналыса бастады.

Аз қамтылған отбасылары несие аларда ойланып, заманның ағымына қарай, сұранысқа сай, пайдалы іске бел буғанда ойлану  керектігін мысалға келтірді.

Елбасы тапсырмасына орай халық арасында спортты, салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жүргізуді күшейту мәселелері де назардан тыс қалмады. Қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің маманы Қуат Исажанов көпшіліктің спортпен жүйелі айналысуы қажеттігіне, «Ел қайраты-жастар» ұйымдары жұмыстарын жандандыру керектігін атап өтті.

Қала әкімінің орынбасары З. Исабаева  биыл «Семей-Невада» қозғалысына 25 жыл толуына орай қалада ауқымды конференция өтетінін және «Абыралы өңірінің дамуы» жөнінде ғылыми тәжірибелік конференция өткізілетінін жеткізді. Өз ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салып, сауалдарын қойған тұрғындарға нақты жауап берді.

Үгіт-насихат тобы мектептердің, емханалардың жағдайларын көзбен көріп, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Қазима ҚАЖЫБЕКОВА,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС