25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАЛА ШАҚТАН БОЛАШАҚҚА

27.05.2014
БАЛА ШАҚТАН БОЛАШАҚҚА
FacebookWhatsappTelegram

25-ші мамыр – соңғы қоңырау соғылатын күн. Оқушылардың бір бөлігі асыға күткен кезекті жазғы демалысының жақындағанына қуанса, енді бір бөлігі үлкен өмір есігін ашып, ұлттық бірыңғай тестілеу    сияқты сыннан өтуді ойлап жүректерінің лүпілі жиілей түсетін кез. Оқу жылының негізгі қорытындылары айтылып, көктемгі самал тербеген жас талдың жапырағының діріліндей ерекше толқыныспен өтетін салтанатты шаралар ұйымдастырылатын күн.

25-ші мамыр күні ағымдағы жылда  елуінші оқу жылын тәмамдап отырған  №38 мектеп-лицейінде соңғы қоңырау өтті. Білім ордасында ұйымдастырылған салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Серікқазы Оразалиев қатысты. Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге құттықтау сөздерін арнады

— Мен сіздерді қала басшысының атынан және өзімнің атымнан оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Биыл бәріміз үшін жемісті жыл болды. Өңіріміздегі 68 мектептің түгелінде дерлік білім сапасының жақсара түскенін атап өту керек. Семейлік 31 мектеп оқушысының әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларда жүлдегер, жеңімпаз атануы соның бір айқын дәлелі. ҰБТ қорытындысы бойынша қаламыздың мектептері республика   бойынша және облыс бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Биыл да көрсеткіштеріміз жоғары деңгейде болады деген сенімдеміз. Қымбатты түлектер! Сендерге білімдерің мен біліктерің сынға түсетін ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тілеймін,- деді өз сөзінде қала әкімінің орынбасары. Сондай-ақ, Зәуреш Рамазанқызы биыл жазғы демалысты ұйымдастыруға 20 миллион теңге бөлінгенін, әртүрлі лагерьлердің жұмыс істейтінін айтып, қалған оқушыларға жазғы демалыстарын жақсы өткізулеріне тілектес екендігін жеткізді.

Өзінің құттықтау сөзінде мектеп директоры Гүлнар Оразбекова да түлектерге алдағы сыннан сүрінбей өтіп, сапалы білім алып, білікті маман атануларына тілектестігін білдірді. Айта кетейік, биыл мектепті 37 оқушы  бітіріп отыр. Олардың 22-сі ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге өтініш берсе, 15-і мектеп қабырғасында дәстүрлі емтихан тапсырады. “Алтын белгіге” 2 оқушы үміткер.

Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын барысында ұстаздар мен ата-аналар қауымы да жүрекжарды лебіздерін арнады. Мектеп оқушыларының орындауындағы концерттік нөмірлердің әрқайсысы шынайы қимастықтың айрықша белгісі болумен қатар, жан толқытар қайталанбас әдемілігімен ерекшеленді. Өз кезегінде түлектер осы күнге дейін тәлім-тәрбие беріп, мейірім шапағатын сыйлап өсірген ата-аналарына, он бір жыл бойы білім нәрімен сусындатқан мұғалімдеріне, мектеп ұжымына өлең жолдарын арнап алғыстарын айтып, сазды әуеннің ырғағымен би билеп, жиналған жұртшылықты тәнті етті.

 

{jcomments on}Кезекті оқу жылын тәмамдап, түлектеріне ақ жол тілеген №38 мектеп-лицейіндегі соңғы қоңырауға арналған шара осылай өтті. Жалпы, білім бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, биыл мектеп бітірушілердің саны 1924 оқушыны құрап, олардың 1403-і ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге өтініш берген. Осы сында ең жоғары балл жинап, “Алтын белгі” алсам деген үміткерлер саны   35 болса, үздік аттестат алуға 21 түлек үмітті.

 

Соңғы қоңырауы сыңғырлаған салтанатты жиын  Назарбаев зияткерлік мектебінде де жоғары дәрежеде өтті. Биылғы оқу жылы аталмыш мектеп үшін табысты болды. Жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Облыстық, республикалық, халықаралық білім додаларында шәкірттер бақтарын сынап, жеңімпаз атанды.  Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Бауыржан Серіковтің айтуынша, биыл мектептен 64 оқушы түлеп ұшқалы отырса, олардың 5-еуі «Алтын белгі», 3-еуі «Үздік аттестат» үміткерлері. Ал 59 шәкірт  «IELTS»  сертификатына ие болса, шетелдің ЖОО –да оқуға мүмкіндік сыйлайтын «САТ» сертификаты  да бірнеше түлектің еншісінде.

Салтанатты жиында осы жетіс-тіктер аталып, жылы лебіздер айтылды. Соңғы қоңырау соғылып, түлектердің жаңа өмірге басқан қадамдарына ыстық ықыластар арналды.      Оқушылық өмірмен қоштасу өмір заңдылығы. Бірақ, зияткерлік мектепте білім алу кез келген оқушының еншісіне бұйыра бермейтін бақыт, бедел санайтын    биылғы жылдың түлегі Балжан Нұрғазы өз ойын толқыныспен жеткізді.

-Мен бұл мектептен түлеп ұшатыныма қуаныштымын. Мектеп қабырғасында біршама белестерді бағындырдық, мектеп абыройы да асқақ. Біз үшін осы мектептің түлегі болу да мақтаныш,- дейді арманшыл қыз.

Балжан білім көкжиегін одан әрмен кеңейтіп,  Назарбаев университетіне инженер мамандығы бо-йынша оқуға түссем деп армандап жүрген талапкер екен. Ол үшін бүгінгі күн – ерекше күн. Толқып тұрған түлек соңғы қоңырау үні мектеп қабырғасында айнымас, айырылмас дос болып үлгерген оқушылардың болашақ мақсат жолында түрлі тарапқа тарайтын уақытының  жеткендігін білдіреді дейді. Десе де, қол ұстасып тұрған құрбылар бір-бірлеріне қимастықпен қарап, уақыт пен қашықтыққа қарамастан, мәңгі достық пейілдерінен айырылмайтындықтарын жеткізді.

Ал, Әйгерім Зейінқызы бұл күнді ыждаһаттылықпен күткен.

-Мектеп бітіріп отырғанымыз үшін қуанамын да, қимастық сезім де бар. Бірақ мен осы күнді күттім. Мектептен түлеп ұшып, ересектер қатарына қосылып, жаңа өмірге қадам басамыз. Өз алдымызға азамат  болып, елімізді дамыту үшін білімімізді жетілдіреміз,- деп жоспарымен бөлісті. Қаршадай қыздың арманы асқақ. Бағы жанса Назарбаев университетінде, болмаса, шекара асып білім алуды көздеп отыр. Білікті маман атанып, еліміздің дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін еңбек етпек.

Иә, Елбасымыз да халыққа Жолдауында «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар қалыптастыру» деп көрсеткен болатын. Қазіргі таңда оқушы көкірегіне білім нәрін құйып отырған білім ошақтарының беталысы жаман емес. Оқушылардың арманынан-ақ, өңіріміздегі білім саласының қарқынды дамығаны байқалады.

Жиын соңында түлектер шәкірт даярлау жолында уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған ұстаздар қауымына алғыс айтып, құрмет көрсетті. Білім мен білікті ғана емес,  мейірім мен жанашырлық, достық атаулы қасиеттерді бойларына сіңіруге баулыған ұстаздарға, мектеп ұжымына жемісті еңбек тіледі.

Мирас ҚҰСАЙЫН, Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС