Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰЛТ ҚАСІРЕТІНЕ АЙНАЛҒАН ЖЫЛДАР

27.05.2014
FacebookWhatsappTelegram

“Мың өліп, мың тірілген” қазақ халқы өз тарихында талай нәубетті басынан өткерді. Бірақ соның ішінде екі аштық халықтың болашағына, тағдырына үлкен нұқсан келтірді. Бұл зобалаң Қазақстанмен қатар, Украина, Беларусь, және Ресей Федерациясының Еділ бойы, Орал, Батыс Сібір мен Солтүстік Кавказ өлкелерін қамтыды. Осы өлкелермен салыстырғанда ашаршылық пен қуғын-сүргіннен ең көп зардап шеккен қазақ елі болды.

 

Осыдан 100 жыл бұрын А.Байтұрсынов “Әлхамдуллә, аз емеспіз, алты миллион қазақпыз” деген екен. Байтұрсынов айт- қан 6 млн. халықтың үштен екісі нәубет құрбанына айналған-ды.

1921 жылғы ашаршылықтың аса қатты белең алған жері — Түркістан өлкесі болды. Сонау 1916 жылдың өзінде-ақ, қазақтар арасында ашаршылық нышаны сезіле бастаған. 1914 жылы империалистік державалардың үстемдік құруға тырысқан І-ші дүниежүзілік соғысы қазақ өлкесіне де әсерін тигізбей қоймады.

1916 жылғы ІІ-ші Николайдың 500 мың адамды майданға қара жұмысқа алу туралы жарлығы қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтеріліске әкеліп соққаны белгілі. Бұл кезде Ресей империясындағы тұрақсыз жағдай халықты ақ пен қызылға бөліп, арты азамат соғысына ұласты. Соғыстың кесірінен Түркістанда өндірістік байланыстар үзіліп, азық-түліктің тапшылығы сезілді.

 

{jcomments on}Қазақстанның ашаршылыққа ұшырауының бір себебі — майданға көмек үшін Кеңес өкіметінің бүкіл елде төтенше әскери коммунизм саясатын енгізу еді. Оның “продовольственная разверстка” деп аталған тармағының негізінде қызылдарды тамақпен қамтамасыз ету үшін, 1918 жылы Түркістан халқының бар малы мен азық-түлігі күшпен тартып алынды. Малынан айырылған қазақтардың жағдайына қарамастан азық-түлік Ресейге жөнелтіліп жатты. Күнкөрісінен айырылған елді аштық жайлады.

 

Алапат аштықтан күйзелген елге қол ұшын беру үшін 1921 жылы 17 тамызда Семей губерниясында “Аштыққа қарсы көмек көрсету комиссиясы” құрылып, оны Әлихан Бөкейханов басқарған. 1922 жылдың 11 қазанында оның орталыққа берген есебінде аштыққа ұшыраған сәбилерге Семей губерниясында 72 балалар үйін ашып, сол кезде 4 861 баланы қабылдап, оларға көмек көрсеткенін айтады.

Алаштың біртуар ұлдары ұлтын аштықтан қалай аман алып қаламын деп арпалысты. Семейде шығатын «Қазақ тілі»    газетінде М.Дулатов «Аштық қырғыннан қайтсек құтыламыз» деген мақаласында: «Елді аштық қырғынынан құтқару үшін, азамат тегіс атқа міну керек. Қазақ өкіметі аштар үшін күйлі елдерден жылу жинауға рұқсат етсін. Алаштың азаматтары,       мойындарыңдағы тарихи борыштарыңды өтейтін күн туды» деп жазған.

Халық қырылып жатқаны жайлы осы кезде М.Әуезов жар салды. 1921 жылы қазақтың тұңғыш құрылтайында ол өз сөзінде «соңғы жылдары ашаршылықтың салдарынан 1 миллион 700 мың қазақ қырылды, оның 700 мыңы балалар» деген. Соның арқасында Алашорда қайраткерлері ел ішінде сауын айтып, мал жиды. Екі-үш айдың ішінде 15 мың ірі қара жиналып, ол аштық жайлаған өңірдегі адамдарға таратылып берді. Ж.Аймауытұлы Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ету ниетімен Семей губерниясынан 8 мың мал жинап, жолай оны ашыққандарға үлестіреді.

1925 жылы  Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1-ші хатшысы болып келген Ф.Голощекин өз жұмысын «Қазақстанда Кеңес өкіметі болған жоқ. Бұл жерге, сөз жоқ, кіші Қазан керек» деген сылтаумен бастады.

Мәскеудің жедел индустрияландыру   саясатының негізінде 1928 жылы қазақ  байларын кәмпескелеу туралы қаулы қабылданады. Алғашқы кезекте кәмпеске хан, сұлтан тұқымдарынан шыққан ірі    байларға қатысты дегенмен науқан барысында жүз тұяғы барлар да ірі байлар қатарына жатқызылып тәркіленді.

Байларды кәмпескелеу, артын ала жаппай колхоздастыру науқаны қазақ жерінде ауылшаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибесін талқандады. 1931-33-ші жылдардағы аштықтың басты себебі болған қазақ шаруасын ұжымдастыру мен отырықшылыққа тез арада көшіру болды. Мұны атқарушы белсенділер асыра сілтеушілікке жол берді. Соның бір көрінісі — 30-шы жылдары орын алған ет дайындау науқандарының өршіп кетуі. Мал етін дайындау қорқыту және қысым жасау әдістері асыра сілтеушілікпен жүргізілген. Бұл жағдай халықтың наразылығын туғызып, әр өңірде халық көтерілістерінің пайда болуына алып келді. Соның бірі 1931 жылы орын алған Абыралы өңіріндегі 12 ауылдың көтерілісі. Тарихшы Б.Нәсеновтың дерегіне сүйенсек, бұл көтеріліске 29 мың халықтың 15-17 мыңы қатысқан. Осымен бірге Шұбартау, Шыңғыстау, Тарбағатай, т.б. аймақтарда болған көтерілістер аяусыздық, қатыгездікпен басылып жанышталды. Әл-ауқаты төмендегеннен кейін халық Қытай, Түркия, т.б. елдерге көшуге мәжбүр болды.

Бұл қасірет Шыңғыстау өңірінде оңайшылықпен өткен жоқ. Аға сұлтан Құнанбай қажы әулеті, ұлы Абай ұрпақтары қудаланды. Абайдың бел баласы Тұрағұл тәркіленіп, отбасымен жер аударылады, немере інісі Шәкәрімнің өмірі қайғылы аяқталғаны белгілі.

1930 жылы белең алған қуғын-сүргін біртіндеп 1937-38 жылдардағы Сталиндік жаппай репрессияға ұласты. Ә.Бөкейханов бастаған Алаш қайраткерлері, жерлестеріміз Р.Мәрсеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақбаев, А.Қозыбағаров, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов патша самодержавиесі және Кеңес өкіметімен аянбай күресіп, өздерінің күш-жігерін тек қана Отанына қызмет ету үшін жұмсаған еді. Ежелден рухани орталық болған Семей қаласы да репрессияның қасіретті жылдарын бастан кешірді. Алаш идеясын ту қылып ұстаған Қ.Мұхамедханов Абайдың ақындық мектебіне «ұлтшыл ақындарды» енгізгені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылып, артынан төрт жылдан кейін толық ақталып шығады. Оның әкесі М.Сейтқұлов та сол сұрапыл саясаттың қуғынына ұшыраған.

Алаш үкіметі аз уақыт өмір сүріп құлатылғанымен, ол үкіметтің құрушылары қатаң жазаланып, түгелімен репрессия құрбандарына айналғанымен, Алаш идеясы өлген жоқ. Алаш жұртының бодандық қамыты сыпырылып, азаттықтың аспанында тәуелсіздік туынының желбірейтін сәтін күтті. Ондай тарихи сәт, азаттықтың ақ таңын атырған күн 1986 жылдың 16 желтоқсаны болды.

Кешегі кеңестік жүйе халық жауы атандырған арыстарымыз біртіндеп ақталуы, олар армандап кеткен тәуелсіздік – бүгінгі қол жеткізген олжамыз.

Бұл азаттық арыстарымыздың әр тамшы қанымен тең екенін, өскелең ұрпақ бағын бағалауы қажеттігін ұғындыру, оларды елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Семейдің тарихи-өлкетану музейі үстіміздегі жылдың 28 мамырында “Ұлт қасіреті” көрмесін өткізеді. Көрмеде халқымыздың басынан өткізген аштық, репрессия және оның құрбандары туралы ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешені және ШҚО Қазіргі заман тарихы құжаттама орталығының мате-   риалдары орын алмақ.

Шынар Мұратқызы

Семейдің тарихи—өлкетану музейі.

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

1 день назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

2 дня назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

2 дня назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

2 дня назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

2 дня назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

2 дня назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

2 дня назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

6 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

6 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС