25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АБЫРАЛЫ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢІРЕК ЗЕРТТЕЛМЕК

27.05.2014
АБЫРАЛЫ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢІРЕК ЗЕРТТЕЛМЕК
FacebookWhatsappTelegram

2018 жылы бұрынғы Абыралы ауданының құрылғанына 90 жыл толмақ. Алдағы күзде еліміздің бірқатар тарихшылары мен ақын-жазушыларының қатысуымен ғылыми конференция өтіп, Абыралы өңірі туралы тарихи кітапты жарыққа шығару жоспарлануда. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында жергілікті биліктің қолға алуымен құрылған арнайы комиссияның мүшелері 24 мамыр күні қалалық әкімдікте бас қосты. Жиынға қала әкімі Айбек Кәрімов қатысты.

Жиында өңіріміздің және еліміздің тарихын терең таныған алаштанушы, ақын, жазушы Тұрсын Жұртбай мен Қазақ энциклопедиясының Директор – Бас редакторы, ақын Бауыржан Жақып сынды бірқатар азаматтардың комиссияға мүшелікке енгендігі әлбетте, көңіл қуантады. Әрине, өткенге көз жүгірту, тарихты түгендеу танымдық іс. Ол үшін үлкен даярлық, дайындық қажет. Жоспарланған конференция ат шаптырып, аста-төк дастархан жаюмен емес, елдің есінде қалып, ауыз толтырып айтып жүретіндей игілікті істермен,  тарихи құндылықтармен халықты қауыштыруды көздеп отыр. Ол үшін Абыралы атырабының тарихын тереңнен талдап, тап – тұйнақтай етіп жеткізетін бір ғылыми кітапты жарыққа шығару заңдылық. Осы ретте, комиссия мүшелерінің тарихи кітап тұрғысында ұсыныстары тыңдалды. Жиында алғашқылардың бірі болып сөз алған комиссия мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі қаламгер Медеу Сәрсеке:

— Осыдан 2 жыл бұрын «Абыралы қасіреті» деген кітап жазуды қолға алған едім. Содан бірнеше айдан кейін Абыралының қасіреті туралы, яғни, ашаршылықтан бастап (1928 жылы Абыралы ауданы құрылған уақытта халық саны 30 мыңға жуық болса, ашаршылықтан кейін 4 мыңы ғана қалған) ауданның таралғанына дейін Абыралының 5 қасіретін жазып болған соң, шығарманың аясы тар болмас үшін Семей полигоны жайлы да қалам тербеп, шығармамның тақырыбын «Семей қасіреті» деп өзгерттім. Әзірге компьютермен 400-дей бет жазылды. Бірақ, бұл шығарманың тек жартысы ғана. Осы өңірдің тарихын толығырақ зерттеп, әлі де осыншама бет көлемінде жазып, келер жылға дейін аяқтауды жоспарлап отырмын. Сондықтан, өз шығармамды аяқтамайынша мен сіздер қолға алып отырған бұл кітапты жазуға, оған басшылық жасауға уақытым жетпейді. Мен тек кеңесші болып, қолымда бар деректермен бөлісіп, өзім жазған материалдарды пайдалануға бере аламын, — деп жағдайын түсіндіре келе, аталмыш кітаптың жазылуына редакциялық тараптан басшылық жасауға «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінің Директор – Бас редакторы Риза Молдашеваны, ал, тарихты жазу жағына жетекшілік етуге тарихшы Амантай Исинді ұсынды.

 

{jcomments on}Қала әкімі Айбек Кәрімов бұл ұсынысты құптайтындығын жеткізді. Комиссия мүшелері де ұсынысқа бір ауыздан қолдау білдірді. Алайда, тарихтың көмескіленбеуі керек екендігін, шығарманың ауқымы кең болуы керектігін баса айтқан қала басшысы:

 

— Көп жағдайда біз Кеңес Үкіметінің сызып берген шеңберінен аса алмай жатамыз. Мысалы, тарихы тереңде жатқан өңірлердің 70-80 жылдық мерейтойлары болсын, ғасырлық той болсын Кеңес Үкіметі белгілеп берген уақыт бойынша атап өтілуде. Шынымды айтсам, мен Тарбағатай ауданында әкім болған кезімде ауданның 80 жылдығын тойлауға қарсы болдым. Өйткені, тарихы әріде жатқан ауданды 80 жылмен шектеуге болмайды. Сонымен қатар, мерейтойға тек колхоз-       совхоздарда еңбек еткен адамдар шақырылып, ондағы тарихи тұлғалар ұмыт қалып жатады. Бұл тарихи әділетсіздік деп ойлаймын. Сол сияқты Абыралының да тарихы тереңде жатыр. Абыралы – тек Қайнардың айналасы емес, оның ауқымы өте үлкен. Тағылымды тарихқа үңілетін болсақ, Семей губерния болып тұрған уақытта Қарқаралы, Зайсан және Павлодар мен Өскемен де уезд болған. Кейіннен Кеңес Үкіметі аймақтарды бөлген уақытта Абыралы мен Қарқаралының, Баянауыл мен Курчатовтың байланысы үзіліп, тамыры бір жұртшылық бір-бірімен суысып кеткен-ді. Сондықтан, ең бірінші, Абыралы өңіріне халықтың қоныстану мезгілінен бастап тереңірек зерттеп, тарихтағы Абыралының орынын, оның интеллигенция дайын-даудағы үлесін қарауымыз керек деп ойлаймын. Әрине, ол туралы монографиялар да, біршама ғалымдардың зерттеу жұмыстары да бар. Тек соның барлығын бір жүйеге келтіру керек. Ал, өңірдің бүгінгі күнгі мәселелері – ол шешілетін мәселелер. Абыралы әр уақытта назарымызда, — деді өз сөзінде.

Болашақта Абыралы өңірі – экономикалық даму жағынан үлкен үлес қосатын аумақ болатындығын айтқан Айбек Мүталапханұлы қазіргі уақытта халықтың 70 пайызы қалалы жерлерде тұрғанымен, халықты табиғи азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған ауыл-аймақтарды да көркейтуді әсте естен шығармау жағын, ауылдықтардың өмір сүру деңгейі қалалықтардан кем болмау керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ауылды жерлерде ұлттың жағдайын ойлайтын адамдардың тәрбиеленетінін айтқан Айбек Мүталапханұлы сөз арасында қала маңындағы Ақбұлақ ауылының әкімі Нұрлан Шақабаевтың жұмысына ауыл жұртының дән риза екендігін де айтып өтті.

1990-1997 жылдары аралығында Абыралы ауданының әкімі болған, бүгінде зейнеткер, комиссия мүшесі Дүйсенбай Қошқарбеков аталмыш ауданнан 9 министр мен 40-қа жуық ақын-жазушының және қазақтың бұлбұл дауысты әншісі Бибігүл Төлегенова сынды көптеген өнер майталмандарының шыққандығын сөз етіп, өңірдің арғы — бергі тарихына тоқталды.

Жиын барысында сөз алған тарихшылар Абыралы өңірінің тарихын тереңірек зерттеп, кітап жазуға атсалысатындықтарын айтты. Сол сияқты облыстық мәслихаттың депутаты, «Абыралы – Дегелең» қоғамдық қорының президенті     Марат Құрманбаев та бұл жұмысқа аталмыш қордың үлкен үлес қосатындығын жеткізді.

Жиын соңында қала басшысы осы мәселелер сөз жүзінде қалмас үшін арнайы кездесу кестесін құрып, комиссия мүшелерімен айына бір рет жолығып тұру керек екендігін айтты.

Нұрдәулет Кәкішев,                                                                                                                          «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС