Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА КЕШЕНДІ ЖОСПАР ҚАЖЕТ

07.06.2014
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА КЕШЕНДІ ЖОСПАР ҚАЖЕТ
FacebookWhatsappTelegram

Қалалық әкімдіктің мәжіліс залында қала әкімі Айбек Кәрімовтің төрағалық етуімен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның кезекті мәжілісі өтті.

Жиынға комиссия мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары, колледж директорлары қатысты. Жолдардағы апаттық жағдайлар, әсіресе, жол – көлік апаты, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, қаланың санитарлық жағдайы және қала колледждері директорларының құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстары сияқты бірнеше сұрақ  қаралды.

Қала басшысының кіріспе сөзінен соң бірінші мәселе бойынша Семей қаласы Ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Шыңғыс Кәрімов баяндама жасады.

— Қала аумағы бойынша жыл басынан бері 69 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 15 адам көз жұмса, 70-і түрлі жарақат алған. Бұл көрсеткішті өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, жол-көлік оқиғасы 28,1 пайызға, яғни, 96 оқыс оқиғадан бұл күнде 69-ға азайған. Сол сияқты  жарақаттанғандар саны да 32,7 пайызға төмендеген екен. Ал, жол-көлік оқиғасынан көз жұмғандар саны өкінішке орай көбейіп отыр. Жалпы, жол-көлік оқиғалары көбінесе жаяу жүргіншілер өткелінде орын алып жатады (жол-көлік оқиғасының 42 пайызын құрайды). Өткен жылмен салыстырғанда ондай оқиғалар саны артқан. Жылдамдықты межеден тым асыратындар жол апатының 13 пайызын құрайды. Ал, талдау жұмыстары бойынша жаяу жүргіншілер тарапынан жол жүру ережесін бұзу факторы азайған, — деп атап өтті Шыңғыс Кәрімов.

 

{jcomments on}Шыңғыс Мұратұлы жол көлік апаттарының алдын алу мақсатында жол сақшылары тарапынан қалада түрлі шаралар өткізіліп тұратындығына тоқталды. Аталмыш шаралар нәтижесінде бүгінгі күнге дейін қала аумағы бойынша 24645 жол жүру ережесін бұзғандардың анықталғанын, оның 272-і ішімдік ішіп, көлікті мас күйінде тізгіндегені анықталған.

 

Айтпақшы, қалаішілік жолаушы тасымалдайтын автобустар мен шағын автобустар жүргізушілерінің ішінде де жол жүру ережесін өрескел бұзатындар көп. Шыңғыс Кәрімовтің айтуынша, жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің 438 рет жол жүру ережесін бұзғандығы анықталған. Алайда, бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы мезгілімен салыстырғанда біршама азайған көрінеді. Жол сақшылары қалалық ТҮКШ бөлімімен және өзге де мемлекеттік мекемелермен бірігіп, жол тасымалдаумен айналысатын автобустардың жұмыстарын тексеру шараларын өткізген. Нәтижесінде «Азия Комби» ЖШС және «Семавтопарк» ЖШС-нің автобус жүргізушілері тарапынан 27 жол жүру ережесінің бұзылғандығын анықтаған.

Қала басшысы Айбек Мүталапхан-ұлы жол-көлік оқиғасын,жол апаттарын болдырмау үшін жүйелі түрде  жұмыс жасап, жол жүру ережесін бұзғандарға қатаң шаралар қолдану керектігіне тоқталды. Сондай — ақ,    Айбек Мүталапханұлы қаладағы көлік жүргізушілердің мәдениетін көтеру үшін қандай шаралар қолданып жат-қандығын да сұрады.

Өз кезегінде Шыңғыс Мұратұлы негізінен 20-27 жас аралығындағы азаматтардың жол жүру ережесін көбірек бұзатындығын, ал, ақыл тоқтатқан адамдардың ережені сақтауға тырысатындығын жеткізді. Сонымен қатар, қала ішінде жылдамдықты шамадан тыс асырғанда суретке түсіретін      құрылғылардың жол-көлік оқиғасын болдырмауға септігі мол екендігін,  алдағы уақытта осындай құрылғыларды қала көшелеріне көбірек қою жағына өз ұсынысын білдірді.

Қала басшысы полиция қызметкерлеріне сондай-ақ, ендігі арада баяндаманы мемлекеттік тілде жасауды тапсырды.

— Қазақ тілі – біріншіден, мемлекеттік тіл. Екіншіден, ана тіліміз. Жалпы, орыс, ағылшын тілдерін білген дұрыс. Бірақ, өз тілімізді өзіміз құрметтемесек, еліміздегі өзге ұлт өкілдері қазақ тілін меңгеруге талпыныс жасамайтын болады. Сондықтан, баяндама жасауда қос тілде дайын болғандарыңыз дұрыс, — деді Айбек Мүталапханұлы.

Ал, қаланың санитарлық жағдайы туралы қалалық ішкі істер басқармасы табиғатты қорғау полиция бөлімінің бастығы Ермек Бекішев   баяндады. Қала басшысы Ермек Бекішевтен соңғы бір айдың ішінде қатты қалдықтар тасымалдап, күл – қоқысын орынсыз жерге төгіп, қала тазалығына зиянын тигізген қанша жүк көлігінің құрықталғанын сұрады. Шаһар басшысының сауалына тосылып қалған    Ермек Ахметұлы бір ай ішінде бар  болғаны бір ғана жүк көлігінің тіркелгенін жеткізді. Айтуынша, көлік жүргізушіге 20 АЕК айыппұл салыныпты. Бұл тұрғыда полиция қызметкерлерінің жұмысы сылбыр екендігін айтқан қала басшысы тәртіп сақшыларын қатаң сынға алды. Қалалық ІІБ-ның басшысы Жұмабек Исадиловке қаладағы тәртіпті күшейтуді, сонымен қатар, тәртіп бұзушылар туралы басылым беттерінде және телеарналар арқылы жариялап, БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болуды тапсырды.

Ал, қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев қала колледждері директорларының құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша ұсыныстары жайлы баяндама жасады. Баяндама    барысында Айдар Серікқазыұлы соңғы бес ай ішінде колледждерде орын алған жағдайларға тоқталды.

— Жыл басынан бүгінгі күнге дейін кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссияда 27 іс қаралған. Олардың 12-і ұрлық, 8-і қоғамдық орындарда шылым шегу бойынша және ішімдік ішкен күйінде оқу орнына келу, сабаққа қатыспау сияқты жағдайлар болса, зорлық – зомбылық көрсеткен бір іс те қаралған, — деген А.Садырбаев, — Құқықбұзушылықтар негізінен Көпсалалы технологиялық колледжі, Спорт колледжі, Индустрия-лды-инновациялық колледжі, Еура-зиялық колледжі және Көлік колледжі мен Авиценна колледждерінде орын алып отыр, — деп атап өтіп, аталмыш оқу орындарында тәртіпті күшейту  бағытында атқарылған іс – шараларына тоқталды.

Отырысқа қатысушылардың ұсыныстарын мұқият тыңдаған қала әкімі жиын соңында аталмыш мәселелер бойынша құзырлы мекеме  басшыларына  тапсырмалар жүктеді.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,                                                                                                                              «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС