Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАЛАМГЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ АРҚАУЫ- ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫ

07.06.2014
FacebookWhatsappTelegram

Тәуелсіз Қазақ елінің қарыштап дамуы қай қаламгердің болсын шалқар шабытының шығармашылығына арқау бола алады.  Дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстанның әр саласы сер-пінді, қуатты мемлекетке айналып келе жатыр. Сондықтан болар, Қазақ елінің дамуына деген қызығушылық сырт елдің жазушыларының да ынтасын туғызып отыр. Әлбетте, «сырт көз сыншыл» дегенмен, жеткен жетістікті өзің емес, өзгенің де көріп, өзгенің де орамды ойы арқылы танудың жөні бөлек.

Қазақ елінің экономикалық бағыттағы батыл қадамдарын, инновация игіліктерін кезекті шығармасына арқау ету КСРО Жазушылар Одағаның мүшесі Сергей Плехановтың алдағы жоспары екен. Осыған орай, Сергей Николаевич Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовтің арнайы шақыртуымен шаһарымызда болып, бірқатар өндіріс ошақтарын аралап, мәдени нысандарды көрді. Әлбетте, экономиканың ажырамас бір бөлігі, тіпті, түп тамыры шағын және орта бизнес. Ал, шағын және орта бизнесте Семейдің мәртебесі биік. Міне, ресейлік жазушының ұлылар мекеніне арнайы келуі бекер емес. Біраз іске қанық болып, Семейдің өндірісін қаламгерлік көзқараспен қадағалау.

Сергей Николаевич КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Сондай-ақ, Шығыс өңірі және Ресейдің заманауи келбеті мен саяси көшбасшылары жайлы публицистік және өмірбаяндық еңбектердің авторы. Жуырда ғана оның сиясы кеуіп үлгермеген  Катар мемлекеті және оның әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің еңбек жолы мен қызметі, мемлекеттің беталысы жайлы кітабы жарыққа шықты. Енді автордың қызығушылығы Қазақстан мемлекетіне ауып отыр. Өйткені, «жақсыны көрмекке»  деген қағида жазушының жадында. 

Әлемде, қала берді Орта Азияда дамушы қаншама мемлекет болғанына қарамастан, С.Плехановтың  кезекті туындысының тақырыбын біздің елімізбен байланыстыруы да тегін емес екен. Жазушының өзі атап өткендей, Қазақстан – ТМД елдері арасындағы қарқынды дамып келе жатқан бірден-бір мемлекет.

— Қазақстан Орта Азияда қай жағынан алсақ та, көш ілгері. Алған асулары аз емес, соған қарамастан күн санап дамып, бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына енуді көздеп отырған, саяси бағыты бар ел. Сонымен қатар, қазіргі таңда Еуразиялық одақ құру идеясы іске асуда. Ресейліктердің Қазақстанға деген қызығушылықтары жоғары деңгейде,- дейді.

 

{jcomments on}С. Плеханов 35 жыл бұрын Семей өңірінде болған екен. Шаһарымыздың болмысымен баяғыдан таныс. Жадында жатталған естеліктер де бар.  Шаһардың мәдени ошақтарын аралап, өткені мен бүгінін салыстыра отырып саралаған С.Плеханов:

 

-Бүгін Ф.М.Достоевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайын көруге мүмкіндік алдым. Сонымен қатар, Невзоровтар отбасы мұражайындағы туындыларды тамашаладым. Бұл мұражай 35 жыл бұрын болмаған. Қазіргі таңда Семейдің мәдени деңгейі жоғары дәрежеге көтерілгендігін айта аламын,- деді.

Сондай-ақ, Сергей Николаевич «СемАз» машина құрастыру зауыты мен автобустар шығаруға мамандандырылған «Daewoo Bus Kazakhstan» кәсіпорынының, Семей былғары-тері комбинатының жұмысымен танысты.

-Қаладағы автоқұрастыру, трактор құрастыру кәсіпорындарының жұмысын, беталысын байқадым. Бұл саланың да кең қанат жайып, дамып келе жатқандығы көрініп тұр. Бұрын-ғы тұралап қалған өндіріс ошақтарының қайта жандануы мені қатты қуантты,- деп Сергей Плеханов өз пікірімен бөлісті.

Экономикалық дамуымен қоса, әр мемлекеттің медициналық жағдайының жақсы болуы да маңызды мәнге ие. Елбасымыз айтқандай, «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар қалыптастыру». Әсіресе, Кеңес заманында ажал аждаһасының   азуына іліккен Семей өңіріндегі  халықтың денсаулығы басты назарда. Осы орайда, жазушы Ядролық медицина орталығының жұмыс қарқынын көрді. Аждаһаны алғашқы болып ауыздықтап, бейбіт өмірге көз тіккен халықтың  Түйемойнақ аралындағы «Бейбітшілік» монументіне тағзым етті.

Биылғы жылғы арнайы сапарын Өскемен қаласынан бастаған Сергей Николаевич бірер жыл бұрын  Астана, Алматы, Шымкент қалаларына барған. Бір сөзбен айтқанда,  Қазақстанның тыныс-тіршілігімен таныс. БАҚ құралдары, әсіресе, ғаламтор арқылы елі-мізде орын алып жатқан соңғы жаңалықтардан құлағдар болып отыратын көрінеді.

— Халықтың тұрмыс – тіршілігі, әлеуметтік ауқаты күн санап артып келеді. Әсіресе, жастар жағы тың бастамаларға иек артып, білім көкжиегін кеңейтуде. Әлбетте, ертеңгі елдің болашағы — жастар. Президент Н. Әбішұлы жастарға бекерге сенім артып отырған жоқ,- деген пікірінің өзінен қаламгердің Қазақстанның дамуы жайлы туындысына қазірден бастап кіріскендігін аңғару қиын емес еді. С. Плеханов Қазақстандағы сапарын Қарағанды, Теміртау, Байқоңыр қалаларында жалғастырмақ.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

“Семей таңы”.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС