Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙЫМЫНА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

07.06.2014
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙЫМЫНА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ
FacebookWhatsappTelegram

Көрнекті әдебиет зерттеушісі, абайтанушы Қайым Мұхаметхановтың Семейдегі ескерткіші алдында  31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай митинг өтті. Митингке Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңірлік Ассамблеялардың мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, шығармашыл зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғалымдар, еліміздің әр аймағынан  келген лауазымды тұлғалар қатысты.

 

Жиында сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Ералы      Тоғжанов ең алдымен қаламызда кең көлемде аталып өтіп жатқан шараны ұйымдастырудағы мақсат  – өткенімізге шолу жасай отырып, тарихымызға тағзым ету екендігін осы жерде тағы бір мәрте еске салды.

-Мемлекет басшысының: «Тарих-өткеннің сабағы. Біз өткенімізге қарап, ертеңімізді түзеуіміз керек» деген сөздерінен тарихымыздағы парақтардың қайтадан қаралып жатқандығын аңғарамыз. Олай  болуы да заңды. Қазақстан үшін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің үлкен мәні бар. Саясаттың салдарынан республика миллиондаған бейкүнә адамдар үшін депортация орнына айналды. Қатыгез саясаттың «халық жауын» айқындау нәтижесінде, тек қана қуғын-сүргінге ұшырағандар ғана емес, сондай-ақ олардың жақындары да зардап шекті. Бейбіт күндері тоталитарлық режимнің қалауымен саяси қуғын-сүргіннен, қолдан жасалған жаппай ашаршылықтан қазақ    халқының айтарлықтай бөлігі — 1 млн. 750 мың адамның  өмірін  қиды, 103 мың адам қуғын-сүргiнге ұшырап, азапты лагерьлерде ұсталса, 25 мың адам    жазықсыз атылды. 600 мыңнан астам қандасымыз тарыдай шашылып әлемнің әр қиырына бас сауғалап кетті.

Тарихта із қалдырған осы оқиғаны есте сақтауда, азаматтық қоғам мен мемлекетті біріктіруді мақсат еткен «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында 2 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 350 мыңға тарта адам қатысты. Қасіретті жылдардағы аяусыз, жазықсыз құрбан болған, қолдан жасалған нәубеттен қырылған азаматтарымыздың рухына тағзым ету – біздің қастерлі парызымыз. Өткенді ұмытпау арқылы ғана болашаққа парасатпен қадам басуға болады, — деді Ералы Лұқпанұлы.

 

{jcomments on}Ералы Тоғжанов жиналғандар алдында қуғын – сүргін құрбандарын еске алуға арнал-ған ауқымды шараның Семейде өтуінің өзінде үлкен мағына бар екендігіне тоқталды. Себебі, қырық жыл ядролық сынақтың алаңына айналған Семей өңірінің халқы қасіретті жылдарды қайыспай көтере білді.

 

—   Семей өңірі ядролық сынақ алаңына айналды. 450-ге жуық жарылыстан зардап шегушілердің барлығы да саяси репрессияның құрбандары,- деп баға беріп, кешегі  алашордашылар мен Қазақстан халқы Ассамблея-сы мүддесінің ортақ екенін де осы жерде атап өтті.

— «Алашорда – ешқашан моноұлтты идея ұстанған емес. Әлихан Бөкейханов алашордашылар құрамына енетін 25 адамның 10-ын сол кезеңде қазақ жерін мекен еткен өзге ұлт өкілдеріне арнаған. Бұл орайда Қазақстан халқы Ассамб-леясы – Алашорданың бейбітшілік пен келісім  дәстүрін сақтаушы, ізін жалғастырушы болып табылады.  Қазақстанды мекен еткен халықтар бір күнде көпұлтты болып қалыптас-қан жоқ, қиын қыстау кезеңнің өзінде елімізді мекен еткен ұлт пен ұлыс өкілдерінің бірлігі жарасты. Тар жерде табысқан халқымыз кең жерде келісіп, бірге өмір сүріп отырмыз,- деді өз сөзінде Ералы Лұқпанұлы.

Осы жерде қуғын көріп, тар жол тайғақ кешуден өткен кешегі арыстардың рухына бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның ұландары жырдан шашу шашты. Саяси қуғын – сүргіннің құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

1 день назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

2 дня назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

2 дня назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

2 дня назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

2 дня назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

2 дня назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

2 дня назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

6 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

6 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС