Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАНЫМДАРЫ ТЕРЕҢ, ТАЛАПТАРЫ ТАУДАЙ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР

19.06.2014
ТАНЫМДАРЫ ТЕРЕҢ, ТАЛАПТАРЫ ТАУДАЙ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР
FacebookWhatsappTelegram

Өрендердің өнерін өрістетуді мақсат тұтамыз дейтін ұжымдар аз емес. Қазір де ашылып жатыр. Дей тұрғанмен, олардың көпшілігінің түпкі мақсаты – материалдық пайда табумен шектелетіні белгілі. Ал, ондай ұжымдардың тірлігі де көгенделген лақтай қаражаттың төңірегінен шыға алмай қалатыны айдан-анық. Бұл орайда туған елінің тарихынан хабары мол, тамырынан ажырамаған жұртшылықтың көкейінде өскелең ұрпақтың арасында халқымыздың бай мәдениетін, ата-бабаларымыздың бізге аманат етіп кеткен мол мұрасын жаңғыртып, насихаттауға ұмтылатындары бар ма деген сауалдың туындауы заңдылық.  Сондықтан, ұлттық өнерімізді, салт-дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық мүддеге қызмет етуді көксейтін жалынды жастардың бас қосып, ұстыны бөлек, ұстанымы ерекше ұйым құрғанын естіп қуанып қалдық.

Сардар. Біз сөз етіп отырған, халқымыздың төл өнерін, мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін дамытуға, дәріптеуге деген талпынысы зор талабы, таудай дарынды жастардың бірігіп құрған ұйымының аты, міне, осындай. Шығармашылық орталықтың атауы ретінде басқа емес, тап осы сөздің таңдалуының сыры неде? Бұл сұрақтың жауабы да белгілі. Ертеде елімізді, жерімізді семсерінің жүзімен жаудан қорғаған баһадүр сардарлар болатын. Олар жер үшін ғана айқасқан жоқ, халқымыздың өзге ешкімнің тіліне ұқсамайтын әдемі тілін, тектілігін, табиғатына сай асқан дегдарлықтың үлгісіндей дәстүр-салтын, ділін, мәдениетін қорғады. Бүгінгі бейбіт заманда бабалардың жолымен, ұлттық болмысымызды сақтап қалу үшін, танымымызға жат, тамырымызға сілтенген балтадай ақпарат нөпіріне қарсы әрекет жасап, заманына сай айла-тәсілдермен күресуді жөн санаймыз. Біздің орталықтың мақсат-мұраты батыр бабаларымыздың ұранымен үндес болғандықтан «Сардар» деген атты таңдадық. Ашылу салтанатының алдында аталмыш ұйым мүшелерінің сұхбаттасқандағы айтқан сөздерінің мәні осындай болды.

Әлбетте, кез-келген мақсатты жүзеге асыру үшін қаржы-қаражат, қазіргі тілмен жеткізсек, материалдық база керек. Ал, өнер адамдарының табысының көзі халықтың қызық-қуаныштарында екені айтпаса да түсінікті. Орталық мүшелері жұртшылықтың тойларын өткізіп, әр түрлі деңгейдегі мерекелік шаралардың ұйымдастырылуына атсалысып, жиналған қаражатты негізгі мұраттарын іске асыруға бағыттамақ. Мақсат айқын, атқарар шаруа қыруар. Орталықтың ашылу салтанатына арнайы шақырылып, сөз сөйлеген   Құсмілия Нұрқасым игі бастаманы қолға алған жас буын өкілдеріне ризашылығын айтып, лебізін білдірді.

 

{jcomments on}- Бүгінгі күні – ел еңсесін көтерген, өзінің рухани бастауына қарай бет бұрған кезең. Ұлттық рух, ұлттық мақсат, ұлттық идея сияқты ұғымдарды біз жиырма жыл бойына айтып келсек те жарыққа шықпаған еді. Құдайға шүкір, бүгін «Мәңгілік Ел» деген рухты қайтадан тапқан жайымыз бар. Біз бүгін соған келдік. «Мәңгілік Ел» идеясы Көк Түріктер заманында 731 жылғы Күлтегін тасында «Мәңгу ел» деп жазылған, 739 жылғы Тоныкөк ескерткішінде «Мәңгі ел» деп жазылған.  Яғни, біздің ата-бабаларымыз сол кезде Мәңгі ел боламыз дегенге сенді. Кешегі Алашты айтсақ, осы мына Семейдің аралында Сұлтанмахмұт тұрып, «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз» деді. Кешегі сірескен Кеңес идеологиясында Жұбан Молдағалиев ағамыз: «Мен – Қазақпын мың өліп, мың тірілген», — деді, осының өзі ересен ерлік еді. «Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске», деді. Міне, осы ұлттық рух, осы идея, бүгінгі жастар, мынау сендердің қолдарыңда.   Сондықтан, бұл игі қадамдарың құтты болсын. Сәт-сапар тілейміз!

 

Жалпы ашылу салтанатында Құсмілия Жырғалыұлындай қуанышты бөлісуге келген аға буын өкілдерінің арасында танымал азаматтар да болды. Атап айтсақ, бүкіл республикаға танымал дәстүрлі әнші Толғанбай Сембаев, өткен жылы «Қазақстан Барысы» атанған батыр балуан Айбек Нұғымаров, Жер жаннаты Жетісудан келген қарт ұстаз Серікболсын Нұрқасым атамыз. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген орталықтың басшысы Бақытжан Байболов алтын уақытын қиып келген сыйлы қонақтарға алғысын айтып, алдағы жоспарымен бөлісті.

— Осындай орталық құру, мына қасымдағы Нұржан Өмірбаевтай балаларыңыз екеуміздің бұрыннан бергі арманымыз болатын. Бүгін, міне, қанатымыз қатайған шақта үлкендердің жолымен Алаштың астанасында сол ойымызды жүзеге асырып отырған жайымыз бар. Қазір біздің көзіміз көріп, бақытымыз болып жүрген ағаларымыздың да еңбектерін дәріптеп, соны жас ұрпаққа таныстырып, солармен бейне таспалар түсіріп, соны қазақтың, әдебиеттің тарихында қалатындай дүниелер жасауға бет бұрған жағдайымыз бар.  – дейді Бақытжан Байболов.

«Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді». Қазына кеуде қарияларын құрметтей білген қазақтың атам заманнан келе жатқан дәстүрі бойынша берері мол игілікті бастаманы іске асыруға бел буған орталықтың мүшелері үлкендердің батасын алғанды жөн көріпті. Жер жаннаты Жетісудың төрінен арнайы келген ардагер ұстаз Серікболсын Нұрқасым «жас өнерпаздардың талаптарына нұр жаусын, ойлаған ойлары жүзеге ассын» деп ақ батасын берді. Сондай-ақ, ашылу салтанатында Қазақстан барысы, талантты балуан Айбек Нұғымаров құттықтау тілегін айтып, абыройлы істі атқаруда шығармашылық орталықтың өнерпаздарына сәттілік тіледі. Мұны да бабалар жолының бүгінгі заманда жалғасын тапқанының нышаны деп қабылдауға болардай. Себебі, осы ұйымның басшысы Бақытжан Байболов айтқандай, қазақтың санасында «ақын мен батыр егіз ұғым».

Жиын соңында Серікболсын ақсақал мен Айбек батырымыз шығармашылық орталықтың лентасын қиды. Шашу шашылды. Осылайша бағыты айқын, мақсаты үлкен жаңа ұйымның тұсауы кесілді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,                                                                                                                 «Семей таңы»

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

24 часа назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

2 дня назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

2 дня назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

2 дня назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

2 дня назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

2 дня назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

2 дня назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

6 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

6 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС