Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«СЕМЕЙ ТАҢЫНЫҢ» ҚҰРДАСТАРЫ

19.06.2014
«СЕМЕЙ ТАҢЫНЫҢ» ҚҰРДАСТАРЫ
FacebookWhatsappTelegram

МАҒРИПА ӘЖЕ

 

Ағыбаева Мағрипа Шалағанқызы 1919 жылы Абай ауданы Шыңғыстау тауының бөктерінде туылған. Бала кезінде әкесі кәмпескелеудің құрығына ілігіп, Ресейге жер аударылған. Ал, анасы  балаларымен бірге Семейге қоныс аударған. Қаладағы тұрмыстары түзеліп, шаңырақтарының түтіні түзу ұша бастаған тұста Ұлы Отан соғысы басталып, үш ағасы бірдей майданға аттанғанда, Мағрипа апа тылда ел қатарлы тынымсыз еңбек етеді.

Мағрипа Шалағанқызы Абай ауданының азаматы Тәмен Ағыбайұлына тұрмысқа шығады. Жарасқан жұп 13 балаға әлемнің жарығын сыйлап, бүгінде 9 баласы Ағыбай әулеті ұрпағын жалғастырып отыр.

Тәмен Ағыбайұлы оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу азамат. Соғыс жылдарында Архат ауылындағы  мектепте бала оқыту ісімен айналысқан. Кейіннен Қасқабұлақ ауылында сауда саласында да жемісті еңбек еткен. 1973 жылы отағасы Тәмен өмірден озып, Мағрипа апа тоғыз баланы бір өзі тәрбиелеп осы күнге жеткізген бақытты кейуана.

— Маған өте қиын болды. Қосағым дүниеден озған соң, шаңырақты шайқалтпай ұстап отыру менің еншімде еді. Алдыма жалғыз мақсат – балаларымды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді қойдым»,- дейді кейуана өткен күнді еске алып.

 

{jcomments on}Иә, мақсат жолында Мағрипа ана балалары үшін жұмыстың ауырлығына қарамастан еңбек етті. Олардың барлығын да қатарларынан қалдырмай оқытты. Әкенің жоқтығын сездірмеуге тырысты. Ұрпағына берген тәлімді тәрбиесінің жемісі  болар, ананың еңбегі мен маңдай тері еш кеткен жоқ. Алғашқысы аяғынан тік тұрып, соңынан ерген бауырына қарайласты. Татулықтың, бірлік пен берекенің арқасында барлығы да ел қатарына қосылды. Бүгінде тоғызы еліміздің түпкір-түпкірінде қызмет етуде. 5 ұл мен 4 қыз өз алдына отау құрып, Мағрипа анаға 25 немере, 18 шөбере сыйлап отыр. Немерелерінің дені білім көкжиегіне иек артқандар. АҚШ, Корея сынды  шет елдерде білім алып, еліміздің атағын асқақтатуға өз үлестерін қосуда.

 

Жиырма алты жылдан бері ененің тәлім-тәрбиесін алып келе жатқан қолындағы келіні Баян Советқазықызы Мағрипа апа жайлы өз ойын былай жеткізді:

— Анамыз жастайымыздан бауырына басып, жақсы қасиеттерге үйретті. «Өтірікпен дос болмаңдар, жалқаулық пен енжарлық — адамзат баласының ең үлкен жауы» деп үнемі санамызға құйып отырады. Мінезі бірбеткей болатын. Бір айтқанды екінші рет қайталамайтын. Бәрін қас – қабағынан ұғатынбыз. Он саусағынан өнер тамған жан,- деп сырымен бөлісті.

Ал, ұлы  Әлімхан Тәменұлы ана бойындағы қайсарлық – ұлт келбетін танытады. Қазақ халқы қайсар десе, ең алдымен анамның болмысы мысал деген өз ұстанымын жеткізді. Әжей болса, бұл күнге жеткендігі үшін ең алдымен Алланың қолдауы, екіншіден өсіп – өнген ұрпағының тілеуі деп біледі.

Кезінде «Екпінді» газетімен сырлас болған Мағрипа Ағыбаева өзінің қаладан арнайы алғызып, басылым беттерін парақтайтынын айтып, сол кездердегі естеліктерін есіне алды. Сөз соңында «Семей таңы» газетінің 95 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұйыртып жатса, ғасырлық тойды бірге атап өтейік деп, аналық ақ батасын да берді. Біз де өз кезегінде кейуананың отбасына амандық, деніне саулық тіледік.

 

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

3 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС