Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

САБАНТОЙ- ДОСТЫҚТЫҢ ДӘНЕКЕРІ

19.06.2014
САБАНТОЙ- ДОСТЫҚТЫҢ ДӘНЕКЕРІ
FacebookWhatsappTelegram

Сабантой — түркі халықтарында (татар, башқұрт, ішінара қазақтарда) тойланатын мейрам. Сабантой мейрамы 90-жылдардан бастап Татарстан Республикасында мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі. Бұл күні      татар ұлты ұлттық дәстүрлерін ұлықтайтын күн. Ұлттық тағамдар әзірленіп, ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүрлерді еске түсіріп, театрландырылған қойылымдар көрсетеді.

 

Сондықтан болар, Сабантой – татар халқының шоқтығы биік мерекесі. Мереке біздің қалада жыл сайын кең көлемде аталып өтіледі.

Биыл Түйемойнақ аралында ұйымдастырылған мерекеге шаһарымыздағы барлық ұлт пен ұлыс өкілдері, қалалық    Достық үйінің 12 этномәдени бірлестігі белсене қатысты. Сондай–ақ, қала       басшылығы қолдау танытып, облыстан Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан      халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев Сабантой     мерекесінің құрметті қонағы болды.

Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева қала басшысы Айбек Кәрімовтің атынан құттықтау сөзін арнады. «Сабантой – татар халқының ұлттық мейрамы емес, Қазақстанды мекен еткен барлық ұлттардың мейрамы. Достықтың ұясындай болған Семей қаласындағы барлық этностар ырыс – ынтымақтың, береке – бірліктің бастауын көрсетіп отыр. Барлығы да Сабантой мерекесіне бір кісідей атсалысып жүр. Бұл — бір мақсат жолында ортақ мүддені ұстана отырып, бір болашаққа ұмтылған халықтың көрінісі. Әрдайым бірлігіміз бекем болсын,- деп Зәуреш Рамазанқызы жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, жиында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев ШҚО халықтар  Ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың да ыстық ықыласын жеткізді. «Сабантой — еңбек мерекесі. Қазақстан халқын бір орталыққа біріктіріп, тұрақты қоғам құруға бағытталған іс-шаралардың бірі»,- деген ол Қазақстан халқы  Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму жоспарына енген Сабантой мейрамы жыл сайын үзіліссіз атап өтілетін мереке екендігін де айтып өтті.

 

{jcomments on}Биылғы жылдың басты ерекшелігі – тұңғыш рет «Сабантой-2014» туы көтерілді. Ту көтеру құрметі татар этномәдени орталығының құрылуына себепкер болған Ғазиз Ахмеров пен көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионы Камила    Сафинаға бұйырды.

 

Мерекеде татар халқының дастарханы жайылып, ұлттық өнерлері көрсетілді, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Аталған іс – шаралардан Достық үйінің өзге этно-мәдени бірлестіктері де қалыс қалмады. Мәселен, мерекеге арнайы өздерінің қолөнер көрмелерін ұйымдастырған өзбек бірлестігінің төрайымы Роза Михайловна: «Баршамызға ортақ мейрам. Біз әрқашан бірлік танытып, бір-біріміздің мәдениетімізге құрметпен қарауымыз керек. «Мәңгілік Ел» болуды қалаған халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, ортақ мақсат жолында бірігеді»,- деді.

Рашида Хасанова сабантой — Семейдегі түрлі ұлттардың өзара татулығы һәм достығының дәнекерлеушісі іспеттес екендігін айтады.

— Сабантойдың басты мақсаты – халықтар достығын арттыру. Сондай-ақ, маңыздылығы жоғары мейрам тіршілік бастауы, егін науқаны аяқталған шақта өткізілетіндіктен, молшылық пен жаңа өмір жаршысы болмақ. Біз, татарлар, Сабантойдың осылай атап өтілуіне шексіз ризамыз.- деп, риясыз көңілінен шыққан лебізін білдірді.

Сабантойдың маңызы мен мақсатына тоқталған татар орталығының төрайымы Камила Исмаилова жиылған қауымға      алғысын айтып, татулығымыз бен бірлігіміз жасай берсін деген тілек тіледі. Сонымен бірге, құтты мекенге айналған Қазақстанда әр этнос өкілдері үшін барлық жағдай жасалғандығына да тоқталды.

Шара мерекелік концертпен жалғасып, жастар жағы алтыбақан теуіп, қол күрестіріп, арқан тартысып, спорттық    ойындарға ұласты.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

3 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС