Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАНЫМАЛ ЖЕРЛЕСПЕН ЖАРҚЫН ЖҮЗДЕСУ

19.06.2014
ТАНЫМАЛ ЖЕРЛЕСПЕН ЖАРҚЫН ЖҮЗДЕСУ
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының тумасы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, бард әнші Нариман Сұлтанбеков қаламыздың оқу орындары студенттерімен кездесті. Абай атындағы кітапханада болған жиын «Жерлестер форумының» аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында болашақ мамандар Нариман Мұратұлына өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, сұхбаттасуға мүмкіндік алды.

Кездесу барысында қойылған сұрақтың ең біріншісі, әлбетте, Нариман Сұлтанбековтың балалық шағы, студенттік өмірі мен еңбек жолының қалай басталғаны туралы болды. Жерлесіміз қаламыздағы 35-ші мектепте оқығанын, оны тәмамдағаннан кейін Семей педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алғанын айтып, оқушы және студент кезіндегі достарын еске алды. Еңбек жолын ол 1996 жылы сол кездегі СТР арнасында «Ход конем» бағдарламасының жүргізушісі болып бастаған екен. Сол жылы аталмыш телеөнім Қазақстан Республикасының телевизиялық «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері атанған. Одан кейін еліміздің бірқатар аймақтарында телеарналарда авторлық бағдарламалар түсіріп, жетекшілік қызмет істеген көрінеді. Қазіргі таңда Астана қаласында «Тұран ТВ» телекомпаниясының директорының міндетін атқаруда. Өзінің осы уақытқа дейінгі өмірбаяны мен еңбек жолы жайлы сұраққа Нариман Мұратұлы осылай жауап берді.

Телеарна саласындағы біліктілігі өз алдына, жерлесімізідің музыкатанушылығы, бард әншілік өнері тағы бар. Өзімен бірге гитарасын ала келген Нариман Сұлтанбеков көбіне оптимистік мәнерде жазылған шығармаларын орындап беріп, жиналғандардың көңілдерін көтеріп отыруды да ұмытпады. Осыған орай студенттер тарапынан музыкаға құштарлығы неше жасынан бастап оянғаны туралы сауал қойылды. Жерлесіміз гитарада ойнауды бесінші сыныпта жүргенде үйрене бастағанын тілге тиек ете отырып, өнерге деген шынайы сүйіспеншілігі жоғарғы сыныптарда оянғанын жеткізді. Өлең жазып, авторлық әндерді орындау да осы кездерде басталған көрінеді. Жерлесімізден шығармашылығы жайлы осындай жауап естігеннен кейін студенттер, Нариман Мұратұлына шығарма жазуға әдетте не түрткі болатыны, не шабыттандыратыны жайлы сауал қойды. Ол оған былайша жауап берді:

 

{jcomments on}- Мен айналамдағы дүниенің бәрінен шабыт аламын. Көбіне қуанышты жайттардың куәсі болғанда немесе жақсы адамдармен кездескенде. Тіпті, ауа-райы, табиғаттың сұлулығы, кездейсоқ жолыққан бойжеткендердің ажарлы келбеттері, көз қуантып, көңілге қуаныш ұялататын дүниенің барлығы әдемі өлең жолдарымен әннің тууына себепкер болуы мүмкін.

 

Жетістікке жетудің құпиясы жайлы сұраққа Нариман Сұлтанбеков шынайылықты сақтап, тапсырылған әр жұмысты жауапкершілікпен орындауға дағдыланып, еңбекқор болу жеткілікті екенін атап өтті.

Семейге келгендегі, оны ұзақ жылдардан кейін көргендегі алған алғашқы әсері туралы жерлесіміз былай деді:

— Біздің студент кезімізде қала мұндай емес еді. Әлбетте, тоқсаныншы жылдардағы тоқыраудың салқыны шаһарымызды айналып өтпеді. Қаланың шет аумақтарын былай қойып, жол сапасының нашарлығынан ол кезде орталық көшелермен жүріп-тұрудың өзі қиын болатын. Қазір бәрі өзгерген, туған қаламның көркейіп келе жатқанын көзіммен көрдім. Таза көшелер мен әдемі саябақтар, менің студенттік шағымдағыға қарағанда сапалы жолдарды, ең бастысы, жүздері нұр шашып тұратын жерлестерімді көріп бір жасап қалдым.

Нариман Сұлтанбеков жиналғандардың сұрақтарына жауап беру барысында жанұясы, жұбайы Ғалия мен екі баласы жайлы да айтып берді. Сондай-ақ, жиын соңында емін-еркін сұрақ қойып, әңгімелескен студенттер мен кітапхана қызметкерлеріне, «Жерлестер форумына» арнайы шақырып, осындай кездесу өткізуге мүмкіндік сыйлаған облыс басшылығына алғысын білдірді. Жүздесу аяқталған соң жиналғандар  Нариман Мұратұлының қолтаңбасын алып, онымен бірге естелік суретке түсіп, ашық-жарқын сөйлесіп, сұхбаттасқаны үшін ризашылықтарын жеткізді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,                                                                                                                        «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

3 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС