Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӘСІПКЕРЛЕР КЕЗДЕСУДЕН ОЙ ТҮЙДІ

19.06.2014
КӘСІПКЕРЛЕР КЕЗДЕСУДЕН ОЙ ТҮЙДІ
FacebookWhatsappTelegram

Өткен бейсенбі күні Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовтың төрағалығымен кәсіпкерлермен бірқатар түйткілді мәселелерді талқылауға арналған кездесу өтті . Жиын қорытындысы бойынша бизнес өкілдерінің пікірлерін білу мақсатымен кәсіпкерлік бөлімінің мамандары бірнеше кәсіпорында болып, олардың жұмыс жағдайымен танысты. Өз кезегінде кәсіпкерлер қала әкімімен болған кездесу жайлы ойларын айтты.

Ең бірінші кезекте кәсіпкерлік бөлімінің мамандары «УК Юнис» ЖШС шұлық-трикотаж фабрикасына барды. Нарықта 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорынды Юрий Келенцев басқарады. Өндірісі шағын болса да осы уақыт аралығында тұрақты тұтынушыларын тапқан серіктестік қазіргі таңда Қорғаныс министрлігімен және Ұлттық гвардиямен тығыз жұмыс істейді. Кәсіпорын директорының айтуынша, өндіріс көлемінің шағындығына қарамастан өнеркәсіп орны өзінің жұмысшылары мен қала алдындағы міндеттемелерін толық атқаруға дайын көрінеді.

— Кездесу барысында біз бірқатар маңызды мәселелерді талқыладық. Оның ішінде салық төлеу режимі, көшелердің тазалық жағдайы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі сияқты мәселелер де бар. Өндірісіміз шағын болса да, біз өзіміздің міндеттемелерімізді толық атқарып жатырмыз: салықтарды уақытында төлеп тұрамыз, биыл жалақыны он пайызға арттыруды жоспарлап отырмыз. Көшелердің тазалық жағдайына келетін болсақ, біз кәсіпорынымызға жақын жатқан көшенің жөндеу жұмыстарына мүмкіндігіміздің жеткенінше қаржылай көмек беруге дайынбыз, — дейді Юрий Келенцев.

Санитарлық талаптарды күшейту туралы ұсынысты жеке кәсіпкер, «Жастар» кафесінің директоры Надежда Шевченко да қолдайды. Оның ойынша, көп жағдайда кәсіпкерлер өздерінің кәсіпорындарының маңайындағы аумақтардың тазалығына мән бере бермейтін көрінеді.

 

{jcomments on}- Өкінішке орай, біздің кафенің жанына да қалдықтар тасталып жатады. Бірақ, біз бұл жаман құбылыспен күресіп келеміз. Меніңше, қала мен бизнес үшін маңызы бар мәселелер талқыланатын мұндай кездесулерді өткізіп тұру керек. Осындай жиындарда өзекті мәселелер жайлы ашық айтып, олардың барлық тараптар үшін, қала үшін де, кәсіпкерлер үшін де тиімді, оңтайлы шешімін тауып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік туады, — дейді Надежда Шевченко. Кәсіпкерлік бөлімінің мамандары «Васкания» фирмасында да болып қайтты. Бұл кәсіпорынның директоры Ирина Булутханованың айтуынша, кездесуде талқыланған маңызды тақырыптардың бірі салық салу жүйесіне қатысты мәселелер болған көрінеді.

 

—  Мен мұндай кездесулердің өткізіліп тұратынына қуаныштымын. Біз үшін төлеген салықтарымыздың қайда, қандай мақсаттарға жұмсалып жатқанын, қаламызды абаттандыру бойынша қандай шаруалар жүзеге асырылып жатқанын, мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің әріптестігінің қандай механизмдері барын білу өте үлкен маңызға ие. Менің ойымша, кездесу барысында қозғалған салық салу жүйесіне қатысты мәселенің маңызы өте зор. Бәрі өзара тығыз байланысты:  кәсіпкерлердің салықтарды уақытылы әрі бекітілген мөлшерде төлеп тұрулары  мемлекеттік қолдау мен несиелендірудің кепілі, ал ол өз кезегінде  бизнесіміздің дамуына көп ықпалын тигізеді. Ал, кәсіпкерліктің тұрақты дамуы қала бюджетінің толықтығын, қала тұрғындарына әлеуметтік көмек беру мен ертеңгі күнге деген сенімділікті қамтамасыз етеді, — деп атап өтті Ирина Булутханова.

Өткізілген кездесудің маңыздылығы басым. Себебі, мұндай жиындарды өткізу екі институттың тығыз байланысын нығайта түсумен қатар, шешімі қоғамға пайдалы, бірқатар өзекті мәселелерге назар аударуға мүмкіндік береді, — деп санайды кәсіпкерлер.

Мирас ҚҰСАЙЫН,                                                                                                                       «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

3 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС