Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨСКЕМЕНДЕ ЖЕРЛЕСТЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

19.06.2014
ӨСКЕМЕНДЕ ЖЕРЛЕСТЕР ФОРУМЫ ӨТТІ
FacebookWhatsappTelegram

Өскеменде ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей бастамасымен Жерлестер форумы өтті. Аталмыш форумға еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресейден жетпістен астам делегат келді.

Құрметті қонақтар ең алдымен Өскеменнің     орталық алаңындағы Ұлы Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті. Содан кейін облыс орталығының көрікті жерлерін аралады. Яғни,  облыс орталығындағы 4 мұнаралы     мешіттен бастап, жекпе-жек сарайы, Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығы, суда жүзу бассейні сияқты жаңадан іске қосылған бірнеше заманауи нысан шоғырланған спорттық кластерді аралап көрді.

«Алтай» технопаркіне жоспарланған форумның пленарлық отырысы басталмай тұрып көпшілік  назарына «Туған жерге – тағзым», «Туған ел –   алтын бесігім», «Мейірім» акцияларының және «Еңбек биржасы», «Түлек.kz», «Жастар қалашығы» тәрізді еліміздің басқа өңірлерінде жоқ бірегей  жобалардың таныстырылымы ұсынылды.

Пленарлық отырысқа Ресейдің Федерация кеңесінің ғылым және білім, мәдениет және ақпараттық саясат жөніндегі  комитетінің төрайымы Зинаида Драгункина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Бірғаным Әйтімова, академик, генерал-майор Тоқтархан Нұрахметов, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР педагогикалық ғылымдар академиясының президенті  Асқарбек Құсайынов, Ресейдің Петербор қаласында тұратын белгілі опера әншісі, халықаралық   байқаулардың лауреаты Әлия Кикенова (Құсманова), Омбы қаласындағы «Мостовик» ғылыми-өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары Валерий Вихрев, «Road construkcion» ЖШС-нің бас директоры Қуат Өзбеханов, «Қазақстанның ядролық қоғамы» ассоциациясының атқарушы директоры Наталья Жданова, генерал-майор Рүстем Қайдаров сынды Шығыс Қазақстанда туып-өскен, бүгінде басқа жақтарда тұратын    жоғары лауазымды тұлғалар, ғалымдар, мемлекет, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

 

{jcomments on}Жиында алғашқы болып сөз алған Бердібек Мәшбекұлы:

 

– Бұл форумды сіздерге, яғни, бүгінде басқа өңірлерде тұрып жатқан Шығыстың тумаларына өздерінің «кіші Отанын» көрсетіп, мұндағы жұрттың қазіргі тұрмыс-тіршілігімен, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыру, сонымен қатар, Елбасының тапсырмасына сәйкес ел экономикасын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды бірлесіп атқаруға ұсыныс жасап, туған жерлеріңіздің өсіп-өркендеуіне атсалысуға шақыру мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Форумға жиналған барлығыңыз Шығыста туып-өстіңіздер. Осы өңірде тәрбиеленіп, білім алып, үлкен өмірге қанат қақтыңыздар. Осындай дәрежеге жеткендеріңіз бірінші кезекте – туған жердің арқасы деуге болады. Ендеше сіздер туған жердің дамуы, онда тұрып жатқан ағайын-туғандардың әл-ауқатының артуы үшін қолдан келгенше көмек көрсеткендеріңіз жөн. Қай жерде болмасын «кіші Отандарыңызды» естен шығармай, үнемі насихаттап, Шығыстағы оң істер мен тың бастамаларды басқаларға айта жүрсеңіздер, соның өзі үлкен көмек, – деп алыс-жақыннан келген мәртебелі меймандарға ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында жариялаған Жарлығына сәйкес, бұдан былай қазақстандық жобаларға қаржы салатын инвесторлар 10 жылға жер және корпоратив салығынан босатылатынын, олардың жұмсаған шығындарының 30 пайызына дейін қайтарылатынын да еске салып өтті.

Форум барысында жерлес-меймандармен жалпы құны 6,5 млрд. теңгеден асатын 36 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға келісім жасалды. Олардың ішіндегі қомақты инвестиция салынатын ірі жобалар да бар. Мысалы, Семейде спорттық-    сауықтыру кешені (1 млрд. 260 млн. теңге), тұр-мыстық химия зауыты (180 млн. теңге), Түйемойнақ аралындағы туристік демалыс аймағы (50 млн. теңге), жасанды көгал төселген екі бірдей шағын футбол алаңы (15 млн. теңге), ал, Үржар ауданында қызыл кірпіш өндіретін зауыт (47 млн. теңге) пен діни білім беретін медресе (54,6 млн. теңге) салынбақ. Сол сияқты Риддер қаласында «Әйгерім» балалар саябағын абаттандыру (7 млн. теңге), ал, Зайсан ауданының Сарытерек ауылдық округінде Германиядан әкеліп Керқұлан (Прежевальский)  жылқысын (10 млн. теңге) өсіру жұмысы және     басқа да ауқымды жұмыстар қолға алынбақ.

Жиын барысында сөз алған құрметті қонақтар өздерінің ұсыныс-тілектерін айтып, жүрекжарды лебіздерін де білдірді. Риддер қаласының тумасы, бүгінде Мәскеуде тұратын мемлекет қайраткері Зинаида Драгункина өңірдегі балалар үйінің 10 тәрбиеленушісіне Анапа қаласының «Русь» шипажайына жазғы демалыстарын өткізу үшін жолдама-сертификаттар табыс етіп, халықаралық «Благовест» қайырымдылық қорының төрайымы ретінде балғындарға Қара теңіз жағалауына аттанбас бұрын бір күн Мәскеуді аралататынын жеткізді. Зинаида Драгункина сөз арасында Қазақстан мен Ресейдің байланысын одан әрі бекіте түсу мақсатында екі ел арасында өнер ұжымдарының гастрольдік сапарларын ұйымдастырып, түрлі шаралар өткізу қажеттігін де еске салды. Сондай-ақ, З.Драгункина алдағы 2015 жылы аталып өтілетін Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына бірлесіп дайындалуға өзінің ұсынысын білдірді. Ресейде бұл атаулы күнге қазірдің өзінде дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатқан көрінеді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шығысқазақстандық балаларды қолдауда аянбай еңбек сіңіріп, өңіріміздің дамуына өзінің үлесін қосып жүрген   Зинаида Драгункинаға «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беруді ұсынды.   Форумға қатысушылардың барлығы бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады.

Тәуліктің екінші жартысында жерлес-қонақтар Өскеменнің көрікті орындарының бірі – сәулет-   этнографиялық мұражай-қорығын аралады.

ШҚО әкімдігінің ақпараттық орталығының деректері бойынша дайындалды.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

1 неделя назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

3 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС