Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АҚ ЖОЛ, ЖАС ТҮЛЕК!

26.06.2014
АҚ ЖОЛ, ЖАС ТҮЛЕК!
FacebookWhatsappTelegram

Орталық алаңда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас түлек-2014» атты биылғы мектеп түлектерінің мерекелік кеші өтті. Кеш барысында «Алтын белгі», Үздік аттестат иегерлерін құттықтау рәсімі болды.

Түлектерге жылы лебізін білдіру үшін мерекелік шараға қала әкімі Айбек Кәрімов арнайы қатысты. Ресми ақпараттарға сүйенсек, биылғы 2013-2014 оқу жылында Семей қаласы бойынша 2 мыңға жуық оқушы мектеп бітірген. Қаладағы 58 мектептен 1375 мектеп бітіруші түлектер, ал, қалаға қарасты ауылдардың мектептерінен 85 түлек 2-8 маусым күндері аралығында өткен ҰБТ-ға қатысқан. ҰБТ нәтижесі бойынша қаладағы орташа балл 78-ді құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда біршама артқан (2013 жылы – 76 балл, 2012 жылы – 73 балл). Соның ішінде Экономикалық лицей (97,1 балл), № 6 гимназия (95,3 балл), № 37 мектеп-гимназия (95 балл), № 41 орта мектеп (89,1 балл) сияқты бірқатар мектептер жоғары көрсеткішке ие бол-ған. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында 19 түлек «Алтын белгі» аттестатынан үміткер болып, үкілеген үмітті ақтаса, 11 түлек “үздік аттестатқа” иелік еткен.  220 түлек 100 баллдан жоғары балл алса, халықаралық, республикалық деңгейдегі түрлі зияткерлік олимпиада және сайыстарда өздерінің білімділігін танытқан 31 түлек жоғары оқу орындарының грантына ие болған.

 

{jcomments on}Мерекелік шарада алғашқы болып сөз алған қала әкімі Айбек Кәрімов:

 

— Бүгінгі салтанатты сәт әрқайсымызға ұмытылмастай әсер, тартымды көңіл-күй сыйлап тұр. Кешегі балапандай балдырғандар бүгінде жас түлекке айналды. Білім бақшасында бәйшешектей бүр жарып, шынардай бой түзеді. Енді олар өмірдің әр қиырына көз тігіп, өздері таңдаған жолға аттанбақ. Сәт сапар тілейміз,-дей келе, Айбек Мүталапхан-ұлы қала мектептерінің 156 түлегі Ресей Федерациясындағы жоғары оқу орындарының грантына ие болғанын зор мақтанышпен атап өтті. – Олардың болашақта Еуразиялық экономикалық кеңістігінде бәсекеге қабілетті маман бола алатындығына сеніміміз мол. Бұл шәкірттерді шыңдау жолындағы ұстаздар қауымының ұшан-теңіз еңбегінің жемісі, ата-аналардың мектеп өмірімен тығыз байланысының нәтижесі деп білеміз.

Жалынды жастардың жетістігін сөз еткен қала әкімі түлектерге деген өзінің жылы лебізін де білдірді.

— «Ұрпағы білімді елдің болашағы зор» деген дана халқымыз. Біздің мемлекетімізде терең білім алуға, білікті маман атануға, өз кәсібіңнің үздігі болуға толық жағдай жасалған. Елбасымыздың алдыға қойып отырған ұзақ мерзімді стратегиясын, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда сіздерге түсер салмақ аз емес. Ел болашағының баянды болуы сіздердің білімдеріңіз бен табысты еңбектеріңізге тікелей қатысы бар екенін әр кез естеріңізде сақтауларыңызды сұраймын. Бүгінгі түлек – ертеңгі маман. Ер сенімін, ел үмітін сақтаймын деген талаптарыңызға нұр жауып, қадамдарыңыз тек сәттілікке ұлассын. Мектеп қабырғасынан қанат қаққан қуаныштарыңыз құтты болсын! – деді қала басшысы  жас түлектерді құттықтау кезінде.

Сөз соңында қала әкімі мектепте озат оқушы    болып, ерекше білімімен айқындалған 30  түлекке «Алтын белгі» төсбелгісі мен үздік аттестаттарды салтанатты түрде табыс етті.

№ 37 мектеп-гимназияның түлектері Айым мен Гүлім Балталиновалар — «Алтын белгіге» бітірген түлектердің қатарында. Егіз қыздардың екеуі де ҰБТ-дан жоғары балл жинап (116 және 118 балл), бүгінде екеуі бірдей Алматы қаласындағы КИМЭП университетінің грантына ие болған. Сұхбат барысында Айым мен Гүлім ата-аналары мен ұстаздарының үмітін ақтау үшін бар күш-жігерлерін салатынын айтып, барша қатарластарына сәттілік тіледі.

Салтанатты шара барысында мектеп түлектерінің атынан құттықтау сөз сөйлеген Ө.Жолдасбеков атындағы математика, механикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық ғылыми жарыстың жүлдегері (Алматы қ.), ІІІ дәрежелі диплом мен қола медалінің иегері Ақсұлтан Қалиев пен “үздік аттестат” иегері Камила Исабаева қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп өсірген ата-аналары мен 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына шексіз алғыстарын айтты.

Өз кезегінде сөз алған белгілі актер, Қазақстанның халық әртісі Бекен Имаханов ақсақал:

— Мектеп бітіріп, үлкен өмірге басқан қадамдарың құтты болсын! Қай жерде жүрсеңдер де өздеріңді тек жақсы жақтарыңнан көрсетіңдер. Тек биіктен көріне беріңдер. Ақ жол тілеймін! – деп түлектерге ата жолымен ақ батасын берді.

Алтын ұяларынан қанат қаққан жастардың вальс биі көпшілікті ерекше әсерге бөледі. Балалар мен  жастар шығармашылық сарайының тәрбиеленушілері, «Жас қанат» және «Жас жұлдыз» балалар орталығы мен мектепке дейінгі бірқатар мекемелер тәрбиеленушілерінің қатысуымен театрландырылған көріністер көрсетілді. Әуезді әндер шырқалып, көңілді биге де кезек берілді. Жас түлектерге арналған салтанатты кеш    мерекелік отшашумен аяқталды.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

23 часа назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

2 дня назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

2 дня назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

2 дня назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

2 дня назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

2 дня назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

2 дня назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

6 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

6 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС