Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«МЕЙІРІМ ҮЙІНІҢ» МЕРЕЙТОЙЫ

26.06.2014
«МЕЙІРІМ ҮЙІНІҢ» МЕРЕЙТОЙЫ
FacebookWhatsappTelegram

Биыл Семей  қаласының  зейнеткерлерге  әлеуметтік  қызмет  көрсететін   аумақтық  орталығының құрылғанына 25 жыл толады. Мекеменің мерейтойына орай Абай атындағы театрда салтанатты жиын өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанатжан Төлесбаев, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов қатысты.

 

Құрылғанына 25 жыл болған аумақтық орталық осы уақыт аралығында талай белестерден өтті. Алайда, мекеме ұжымы кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді. Қызмет сапасы мен ұжым мүшелерінің қарттарға деген пейілінің нәтижесінде зейнеткерлердің арасында “мейірім үйі” деген атқа ие болды. Лайықты деңгейде әлеуметтік көмек көрсете алатын абыройлы мекемеге айналды. Салтанатты жиын барысында «мейірім үйінің» 25 жылдығын бірге атап өтуге келген жұртшылыққа қазақтың салтыменен шашу шашылды. Содан кейін қала басшысының орынбасары Зәуреш Исабаева аумақтық орталықтың ұжымына, зейнеткерлер мен ардагер қарттарға өзінің лебізін білдірді. Құттықтау сөзінде:

— Қымбатты мерейтой иелері, қымбатты жерлестер Семей қаласының әкімі Айбек Мүталапханұлының атынан, өз атымнан қазыналы қарттарымызға жәрдем көрсетіп, қуат-күшін игілікке жұмсаған Семей қаласының зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 25 жыл толуымен құттықтаймын. Қаламызда ширек ғасыр жұмыс атқарып келе жатқан бұл мекеме – мыңнан астам қарттың батасын алған абыройлы шаңырақ. Білгір басшы мен білікті мамандардан құралған бұл ұжым үнемі қаламыздың қоғамды-саяси өміріне де белсене араласып, игі істерімен көз қуанышына айналып келеді, — деген Зәуреш Рамазанқызы орталық ұжымына қаламыздың өркендеу жолында еңбек ете беруіне тілектестік білдірді.

 

{jcomments on}Аумақтық орталықты 25-жылдық  мерейтойымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанатжан Төлесбаев, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов та құттықтады. Ардагерлер мен қарттарға әлеуметтік көмек көрсетуде аянбай еңбек етіп келе жатқан мекеме ұжымына лебіздерін жеткізді.

 

— Бүгінгі салтанатты шараға әлеуметтік қызметкерлер де келіп отыр. Мен осы бір мүмкіндікті пайдаланып, оларға алғысымды айтқым келеді. Өйткені, әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі өте үлкен. Олардың атқарып жүрген жұмыстарын ерлікке пара-пар дер едім. Құрылған уақыттан бері бір де бір шағым түскен жоқ. Тек қана алғыс айтылып жүр. Бұл да әлеуметтік қызметкерлердің жұмыс сапасының көрсеткіші деп білемін. Мерейтойларыңызбен құттықтай отырып, еңбектеріңізге жеміс тілеймін,- деді Қанатжан Төлесбаев.

Басшысы білікті болмаса қандай болмасын мекеменің жұмысы алға жылжымақ емес. Бұл орайда, аумақтық орталық директоры Галина Дуксумбаева ерекше атап өтуге лайық жан. Мекемені 25-жылдық мерейтойымен құттықтап, басшысының қарттарға, зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету ісінде көп еңбек атқарғанын  тілге тиек еткен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов орталық директоры Галина Қалиқызына ықылас гүлін табыс етіп, құрмет көрсетті.

Шара барысында жиналған жұртшылықтың назарына аумақтық орталық туралы қысқа деректі фильм ұсынылды. Онда мекеменің ең алғашқы құрылған күнінен бастап, 25 жылдық тарихы, бүгінгі жеткен жетістіктері көрсетілген. Салтанатты жиын қаламыздың өнер ұжымдары әзірлеген концертке ұласты.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

22 часа назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

2 дня назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

2 дня назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

2 дня назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

2 дня назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

2 дня назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

2 дня назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

6 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

6 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС