Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢАША ЖҰМЫС ІСТЕУ-УАҚЫТ ТАЛАБЫ

26.06.2014
FacebookWhatsappTelegram

Қалалық әкімдіктің үлкен залында қала басшысы Айбек Кәрімовтің жетекшілігімен мемлекеттік қызметкерлердің кезекті аппараттық сабағы өтті.

 

Аппараттық сабақта Назарбаев университетінің аға аудиторы, ҚР ішкі аудит кеңесінің төрайымы, бюджеттік заңнама саласында заң жобаларын дайындау жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасының аудиторы, кәсіби бухгалтер Ләззат Жұман-құлова «Бюджет қаражатын басқару саласындағы заңнаманың өзекті мәселелері туралы» тақырыбында дәріс оқыды. Сөзінің басында бұл тақырыптың барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін маңызды екенін айтқан қала әкімі Айбек Кәрімов еңбек жолын қаржы саласында бастаған Ләззат Жұманқұлованың аудандық, қалалық, облыстық мекемелерде қызмет атқарып, талай баспалдақтан өткен тәжірибелі маман, өз ісінің білгірі екенін атап өтті.

Ләззәт Жұманқұлова дәріс оқу барысында бюджеттік заңнама саласына жан-жақты шолу жасай отырып, аталмыш салада көптеген өзгерістердің орын алып жатқандығын тереңірек түсіндірді.

— Сараптамалық қорытындыларға сүйенсек, бүгінде бірқатар кәсіпорындардағы, мекемелердегі жарғылар ескірген. Ал, сіздер, яғни, мемлекеттік қызметкерлер – бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табыласыздар. Сондықтан, сіздер бюджеттік қаржыландырудың құқықтық негізбен сәйкес болуын жақсы білулеріңіз керек. Мысалы, бұл саладағы Заңға 2011 жылы өзгеріс енгізілсе, кейбір мекемелер 2007-2008 жылдардағы, тіпті, кейбірі 2005 жылғы Заңда көрсетілген жарғы бойынша жұмыс жасайды.       Алайда, ол кездегі жарғылар қазіргі уақытта құқықтық жағынан негізсіз болып саналатындықтан, атқарылған қыруар жұмыс заңға қайшы болып шығуы мүмкін, — деген Л.Жұманқұлова, — Ал, жоспарлы даму – тұжырымдамалық құжат болып саналатындықтан, сіздер, әсіресе, коммуналдық мекемелердің қызметкерлері өз мекемелеріңіздің жұмысын қарқынды жүргізу үшін және жұмыс барысында түрлі келісімшарттарды  бекіту үшін бұл құжатты бес саусақтай білу керексіздер. Тіпті, бұл туралы толық білмегендіктен, кейбір облыстық мекемелердің өзінде құжатты қате толтырған жағдайлар менің тәжірибемде кездескен еді, — дейді дәріскер өз сөзінде.

 

{jcomments on}Сонымен қатар, тақырыпқа жан – жақты сараптама жасай отырып Ләззат Оралтайқызы дәріс    барысында қаржы есептемесінің халықаралық    стандарты жайлы мемлекеттік қызметкерлерге   мағлұмат беріп өтті.

 

— Бүгінде біз толықтай қаржы есептемесінің халық-аралық стандартына көштік. Біз бұрын, мысалы, Кеңес Одағы кезі болсын, тіпті, кейінгі уақытқа дейін кассалық тәсілмен жұмыс жасауға әбден үйреніп қалған болатынбыз. Ол дегеніміз – кассаға қанша қаржы жиналса, сонша қаржы игеріледі деген сөз. Алайда, бүгінде жағдай олай емес. Қазіргі уақытта қаржыны игерумен жұмыс бітпейді. Жұмыстың аяқталғанын тек белгілі бір нәтижеге қол жеткізгенде ғана байқауға болады, — дейді Назарбаев университетінің аға аудиторы.

Аппараттық сабақ барысында мемлекеттік қызметкерлер аталмыш салаға қатысты Ләззат Жұман- құловаға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып,  маманның жауабына қанық болды.

Жиын соңында Айбек Мүталапханұлы Ләззат Жұманқұловаға алтын уақытын бөліп, мемлекеттік қызметкерлер алдында өзінің білім тәжірибесімен бөліскені үшін ризашылығын білдірді. Сөз соңында қала басшысы барша мемлекеттік қызметкерлердің еңбектеріне табыс тіледі.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

22 часа назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

2 дня назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

2 дня назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

2 дня назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

2 дня назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

2 дня назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

2 дня назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

6 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

6 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС