Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЯЛДАМА КЕЛБЕТІ — ШАҺАР КӨРКІ

26.06.2014
АЯЛДАМА КЕЛБЕТІ — ШАҺАР КӨРКІ
FacebookWhatsappTelegram

Қаланың келбеті мен тазалығы – қашан да маңызды. Әсіресе, қоғамдық көліктерді күтетін аялдаманың айналасы «айнадай» болғаны абзал. Жалпы, көшенің көркі, абаттандыру, мәдени демалыс орындарының тазалығы сияқты мәселелерге үнемі жіті мән беретін қала басшысы бұл жолы аялдамаларды да назардан тыс қалдырмады.  Айбек Мүталапханұлы аялдама павильондарын жалға алушы шағын және орта бизнес кәсіпкерлерімен кездесті. Осы кездесуде аялдамаға әр беретін бірнеше павильондардың үлгісі ұсынылды.

Кез келген аялдама орыны – мемлекет меншігі. Ол белгілі бір мерзімге кәсіпкерлерге жалға беріледі. Бұл орайда аялдама аумағының тазалығын қадағалап, ол жерде өз кәсібін дөңгелетіп, нәсіп етіп отырғандар бар. Ал, бәз біреулер қоғамдық көлік күтетін орында қоқыстың шашылып, орындықтарының сынып, қала көркін бұзуына жол беріп отыр.  Өкінішке орай, мұндай нысандар қаланың келбетіне сай келмейді.

-Аялдама павильондары қаланың келбеті. Бұл мәселені біз кешенді түрде қарастырып, аялдама павильон- дарының бірнеше нұсқасын ұсынып отырмыз. Алдағы уақытта сәулетшілермен келісе отырып, үлгіні таңдау керек. Аялдама ең алдымен сіздердің жұмыс орындарыңыз. Сол жерде еңбек етесіздер. Бүгінгі қадам сіздер үшін пайдалы,- деп Айбек Кәрімов  кәсіпкерлерге қаратып айтты.

Осы ретте, қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысы Қалдыбек Қоқиланов қаланың сәулетіне сәйкестендірілген аялдама павильондарының бірнеше жобасын таныстырды. Жоба бойынша қоғамдық көлік күтетін жолаушыларға барлық жағдай, бөлшек сауда жүргізетін орын қарастырылған. Бас сәулетшінің пікірінше, жолаушыларды желден, жауын-шашыннан қалқалайтын ыңғайлы жағдай жасау керек. Жер учаскесінің 60 пайызы қоршаулы болуы, қалған 40 пайыз бөлігінде сауда нүктесі орналасуы керек.

Павильон жобасымен танысқан жалға алушылар да қала басшылығының пікірін қолдап, қала келбеті үшін жаңа аялдама павильондарын қоюға әзір екендіктерін білдірді.

-Жоба арқылы аялдамаларды қазіргі заманға сай етіп дайындауды қолға аламыз. Аялдама — халықтың күнделікті жүретін жері. Өзіміздің қызметіміз үшін және халыққа қолайлы болуы үшін жобаны жүзеге асырамыз. Бірақ, тұрғындар бізге қолдау танытса, қоқыс жәшігі бар жерде қоқыстарды бей-берекет шашпаса, жарнама қағаздарын орынсыз іліп, жапсырмаса, — деген ойын жеткізді Орталық алаң аялдамасын жалға алып отырған Галина Маслова.

 

{jcomments on}Аялдама павильондарымен қатар жарнама тақтайшаларын орнатып, электронды жүгіртпе жол ар-қылы қоғамдық көлік кестесі жайлы ақпарат беру, ортақ жердің тазалығы мен жинақылығына кәсіпкерлер    жауапты. Қазіргі таңда Семейде 71 аялдама жалға   берілген екен. ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменовтің айтуынша, жалға алушылармен бекітілген келісімшарт бар. Шартта аялдама  маңын таза ұстап, қоқыстын тазарту міндеттері көрсетілген. Кәсіпкерлер міндетіне кіретін жұмыстар атқарылмаса, тиісті шаралар қолдануға тура келмек. Жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген  Сейілхановтың айтуынша, жалға алу мерзімі 10 жылға дейінгі уақытты қамтиды.  Бұл ретте қала басшысы аялдама ең алдымен халық тізе бүгіп отырып, дем алатын орын болуы керектігін, тұрғындар үшін қолайлы жағдай  жасалу керектігін атады. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің де пікірін ескере отырып, тиісті бөлімдер мен жалға алушылар меморандум қабылдаудың маңыздылығы жайында пікірін білдірді.

 

— ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, жер қатынастары, қала құрылысы және сәулет бөлімдері жалға алушылармен меморандум қабылдау керек. Қос тарап  өз ойларын ортаға салып, ортақ пікір ұсынсын,- деген шаһар басшысы   алғашқы жүздесу болғандықтан, жалға алушылардың ұсыныс, пікірлерін тыңдап, меморандум қабылданғаннан кейін талаптар орындалмаса,  шара қолдану қолға алынатындығын ескертіп өтті.

— Аялдаманы кәсіпкерлерге 10 жылға жалға беру тым ұзақ уақыт. Сондықтан жалға беру мерзімін 2-3 жылға дейін қысқартып, кәсіпкерлердің қауқарына, жұмыс істеу деңгейіне қарай келісімді ұзартып отырған     абзал. Ал, қойылған талап орындалмаған жағдайда бір жылдан кейін келісімді бұзып, жерді мемлекет меншігіне қайтарып алу керек, — деген Айбек Мүталапханұлы жалға алу мерзімі қысқа болса, аялдама күтімі де жақсы болатындығын айтты.

Бүгінде қаламызда 505 аялдама бер. ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, оның 292-сі ғана абаттандырылған. Сондықтан да кездесудің маңыздылығын айтпаса да түсінікті. Ал, қала әкімдігі қолға алған кешенді іс жүзеге асса, Семейдің келбеті көріктене түсері анық.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

Цветы жизни: как в детском саду «Өрлеу» поддержали акцию «Таза Қазақстан»

06.03.2026
Цветы жизни: как в детском саду «Өрлеу» поддержали акцию «Таза Қазақстан»

В детском саду «Өрлеу» экологическую акцию «Таза Қазақстан» преобразили в ежедневную практику для воспитанников. Дети учатся ухаживать за растениями, сажают...

Читать далее ...

Коллективу ГКП «Теплокоммунэнерго» разъяснили основные положения проекта новой Конституции

05.03.2026
Коллективу ГКП «Теплокоммунэнерго» разъяснили основные положения проекта новой Конституции

В рамках разъяснения проекта новой Конституции состоялась встреча депутата Мажилиса Парламента Республики Казахстан, члена Общенациональной коалиции Нургуль Тау с коллективом...

Читать далее ...

Депутат Мажилиса Нургул Тау: Образование и инновации — стратегический приоритет для будущих поколений

05.03.2026
Депутат Мажилиса Нургул Тау: Образование и инновации — стратегический приоритет для будущих поколений

Встреча депутата Мажилиса Парламента Республики Казахстан, члена Общенациональной коалиции Нургул Тау прошла в средней школе № 51 микрорайона Карагайлы города...

Читать далее ...

Готовность к паводкам: Олжас Бектенов провел заседание Республиканского оперативного штаба по ликвидации ЧС

05.03.2026
Готовность к паводкам: Олжас Бектенов провел заседание Республиканского оперативного штаба по ликвидации ЧС

Премьер-министр Олжас Бектенов в ходе рабочей поездки в Акмолинскую область ознакомился с паводковой ситуацией в регионе и провел заседание Республиканского...

Читать далее ...

В ОБЛАСТИ АБАЙ РЕГИОНАЛЬНАЯ КОАЛИЦИЯ ПРОВЕЛА ВСТРЕЧУ С ТРУДОВЫМ КОЛЛЕКТИВОМ ПРЕДПРИЯТИЯ «СИЛИКАТ»

05.03.2026
В ОБЛАСТИ АБАЙ РЕГИОНАЛЬНАЯ КОАЛИЦИЯ ПРОВЕЛА ВСТРЕЧУ С ТРУДОВЫМ КОЛЛЕКТИВОМ ПРЕДПРИЯТИЯ «СИЛИКАТ»

На производственной площадке ТОО «Силикат» в городе Семей состоялась встреча с трудовым коллективом предприятия. Мероприятие было организовано в рамках деятельности...

Читать далее ...

В области Абай продолжается консультирование предпринимателей

05.03.2026
В области Абай продолжается консультирование предпринимателей

В области Абай продолжается акция «Народный бухгалтер», направленная на поддержку индивидуальных предпринимателей и представителей малого бизнеса. Главная цель проекта —...

Читать далее ...

Новости

Цветы жизни: как в детском саду «Өрлеу» поддержали акцию «Таза Қазақстан»

2 дня назад

Коллективу ГКП «Теплокоммунэнерго» разъяснили основные положения проекта новой Конституции

2 дня назад

Депутат Мажилиса Нургул Тау: Образование и инновации — стратегический приоритет для будущих поколений

2 дня назад

Готовность к паводкам: Олжас Бектенов провел заседание Республиканского оперативного штаба по ликвидации ЧС

2 дня назад

В ОБЛАСТИ АБАЙ РЕГИОНАЛЬНАЯ КОАЛИЦИЯ ПРОВЕЛА ВСТРЕЧУ С ТРУДОВЫМ КОЛЛЕКТИВОМ ПРЕДПРИЯТИЯ «СИЛИКАТ»

2 дня назад

В области Абай продолжается консультирование предпринимателей

3 дня назад

Сержанты – основа дисциплины и профессионализма

3 дня назад

Запущен онлайн-сервис «Найдите свой избирательный участок для голосования по ИИН»

3 дня назад

Граждане могут проверить свой избирательный участок онлайн через мобильное приложение eGov Mobile и сайт Gov.kz

3 дня назад

С представителями сферы жилищно-коммунального хозяйства обсуждена значимость референдума

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС