Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАСЫЛ АЛАҢДА ЖАС АЯҚДОПШЫЛАР

26.06.2014
ЖАСЫЛ АЛАҢДА ЖАС АЯҚДОПШЫЛАР
FacebookWhatsappTelegram

Республикалық «Coca-cola Былғары доп» турнирінің жабылу салтанаты өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жарысқа биыл еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан он алты команда қатысты. Жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Жыл сайын өткізілетін Республикалық «Coca-cola Былғары доп» турнирінің мақсаты – футболды халық арасында кеңінен насихаттау, жас аяқдопшыларды даярлау. Биыл аталмыш турнирге еліміздің 5000 мектебінен жиыны 350 000 мыңдай оқушы қатысқан көрінеді. Жарыстың байырғы серіктесі әрі басты демеушісі доп додасының финалдық бөлігіне қатысушылардың барлық шығынын өз мойнына алумен қатар, жыл сайын жеңімпаздарға арнап тосын сый жасап отырады. Мәселен, биылғы жылғы үлкен жастағы футболшылар тобында өткен турнирдің жеңімпаздарына Бразилияда өтіп жатқан әлем біріншілігінің ашылу салтанатына жолдамаларды тарту еткен көрінеді. Оның үстіне, биылғы «Coca-cola  Былғары доп» жарысы осы мундиальге арналып отыр.

 

{jcomments on}Жарыстың финалдық ойыны «Спартак» стадионында ойналды. Алматы қаласы мен Қарағанды облысының командалары бақ сынасты. Ойынның негізгі бөлігін тең нәтижемен аяқтаған жас футболшылар жеңімпазды матчтан кейінгі пенальти арқылы анықтады. Қарағандылық команда Алматылық аяқдопшылардан басым түсті.

 

Финалдық кездесуден кейін өткізілген салтанатты жабылу рәсімінде сөз сөйлеген Семей қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев мұндай турнирдің өткізілуі өте үлкен маңызға ие екенін тілге тиек етіп, қатысушылардың бәріне мықты футболшы болып шығуларына тілектестік білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясының балалар және жасөспірімдер футболы бөлімінің жетекші маманы Игорь Утробин де өзінің жылы лебізін жеткізіп, жас аяқдопшыларды құттықтады.  Жоғарыда айтылғандай, жарыс қорытындысы бойынша бірінші орында Қарағанды облысының командасы, екінші орынды Алматы қаласының командасы иеленді. Ал, үшінші орын Оңтүстік Қазақстан облысынан келген жас аяқдопшыларға бұйырды. Барлығына бас демеушінің атынан бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды. Осы орайда, айта кетерлік бір жайт, алдыңғы болған жарыста Шығыс Қазақстан облысының командасы 8-ші орынға табан тіресе, осы жолғы турнирдің нәтижесі бойынша 6-шы орын алған көрінеді. Бұл да болса, біздің өңірдегі футболдың біртіндеп дамып келе жатқанының белгісі деуге тұрарлықтай.

Турнир барысында номинация бойынша үздік ойыншылар анықталған болатын. «Ең үздік қақпашы» деген атқа Алматы қаласының командасынан Асылжан Керім  лайықты деп бағаланды. Оңтүстік Қазақстан облысы командасының ойыншысы Жәмшібек Юсантаев «ең үздік қорғаушы» атанса, Жәмшібектің командаласы Мұратжан Долмотов  «ең үздік шабуылшы» деген атты иеленді. Қарағандылық Сағымжан Оспанов «ең үздік жартылай қорғау-шы», осы өңірдің тағы бір өкілі Жәнібек Ислямов «ең үздік шабуылшы» деп танылды. Турнир бойы тамаша ойын өрнегін көрсетіп, талантымен таныла білген Алматылық Ислам Сәбеков «ең үздік ойыншы» деген атаққа қол жеткізді. Салтанатты жиында осы аталған жас футболшылардың барлығы бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

22 часа назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

2 дня назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

2 дня назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

2 дня назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

2 дня назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

2 дня назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

2 дня назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

6 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

6 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС