Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘЙЕЛ-АНА, ӘЙЕЛ-ЖАР, ӘЙЕЛ — БАСШЫ

26.06.2014
ӘЙЕЛ-АНА, ӘЙЕЛ-ЖАР, ӘЙЕЛ — БАСШЫ
FacebookWhatsappTelegram

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Қазақстан жолы – 2050: Әйелдерге арналған жаңа мүмкіндіктер» атты республикалық деңгейдегі дөңгелек үстел болып өтті. Іс басындағы іскер нәзік жандыларға арналған шараны ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен аталмыш оқу орынының басшылығы бірлесіп ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі Салтанат Тұрлыбекқызы, Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Галимова және Астана, Алматы,Өскемен, Қарағанды, Павлодар сынды қалалар мен еліміздің өзге өңірлеріндегі мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми педогогикалық саладағы мамандар қатысты.

Алдымен Қаз ИГЗУ ректоры Шырын Құрманбаева дөңгелек үстелдің мақсатына тоқталып өтті.

—  Елбасының биылғы жылғы «Қазақстан жолы  2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын басшылыққа ала отырып, Қазақстан әйелдерін бір мақсат жолына тоғыстыру.   Еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйел затының рөлі, мемлекеттік қызметке тұру барысында ер мен әйел құқығының теңдігі, гендерлік саясат және отбасы, ана мен бала мәселелері сияқты ауқымды тақырыптар төңірегінде ой өрбіту — дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты, — деп атап өтті Шырын Асылханқызы.

Қазақстан — гендерлік теңдік бойынша 136 мемлекеттің ішінде 32-ші орында екен.  Бұл өте жақсы көрсеткіш екендігін айтқан Салтанат Тұрлыбекқызы: «Бүгінде әйелдер қоғамды өркендетуде белсенді күш ретінде мойындалғаны баршамызға белгілі.  Елбасы Н.Ә.Назар-  баев: «Қоғамның даму барысын өмірде  нәзік, көңілде  биік, ал, істе  мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес»  деп атап көрсеткен. Расында да, нәзік жандылар азаматтармен қатар сан түрлі салада еңбек етуде,- деді.  С. Тұрлыбекқызының мәліметінше, еліміздегі жалпы ішкі өнімнің 40%-н әйелдер еңбегі құрайды екен. Сонымен қатар, медицина, білім және ғылым саласында нәзік жандылар басым күшке айналып отыр-ғаны ақиқат.

 

{jcomments on}Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ШҚО-дағы 8 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер қатарында екі пайызын нәзік жандылар құрап отыр. Атап айтқанда биліктің биік баспалдағында — 22,8%, қала және аудан әкімдерінің орынбасары сынды лауазымды қызметте 4, ауылдық округтер әкімдерінің қатарында 35, барлық деңгейдегі 350 депутаттың 55-і нәзік жандылар екен. Сондай- ақ, бизнес cаласында да нәзік жандылардың қатары қалың.  Ал, қаламызға тоқталсақ, қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаеваның пікірінше, семейлік әйелдер барлық салада белсенділік танытуда.

 

Мемлекет басшысы өз сөзінде «Біз бұдан әрі де елімізде әйелдердің рөлі артуы үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз. Қазіргі замандағы қазақстандық әйел қызмет істеуге ұмтылуы керек. Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деңгейдегі өңірлерде. Олардың бизнес ашып, оны жүргізуіне де қолайлы жағдай жасаған абзал» деп айтқан болатын. Міне, Елбасы сөзінің жарқын дәлелін   Алматы қаласынан келген Мәдина Сауытбекованың ойы айшықтай түсетіндей.

— Біздің елімізде жұмыс істеймін деп талпынған адам үшін барлық жағдай жасалған. Біз өз қаламызда Үкіметтік емес «Құлагер» атты ұйым аштық. Онда азаматшалар үшін қолдау бар. Арнайы заңгер мен психолог тегін көмек көрсетеді. Шағын және орта бизнеспен айналысу жолдарын көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алу, іс бастап, оны жүргізуге дейін кеңес беріледі,- дей келе, дөңгелек үстелдің маңыздылығына тоқталды.

— Жас кәсіпкер ретінде жұмыс барысында көп ақпарат алдым. Әсіресе, Семей қаласында жүзеге асып жатқан БҰҰ даму бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету ісі қатты ұнады.  Болашақта әріптес атанып, сол бағдарлама бойынша әріптестік орнату ойымызда. Дәл осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, бизнестегі қазақтың қыз-келіншектерінің саны арта түсері сөзсіз.

Суретті түсірген

Дархан АХМЕТОВ.

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

22 часа назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

2 дня назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

2 дня назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

2 дня назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

2 дня назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

2 дня назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

2 дня назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

6 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

6 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС