Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ»ТУҒАН ЖЕРІ ҚАРСЫ АЛДЫ

04.07.2014
«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ»ТУҒАН ЖЕРІ ҚАРСЫ АЛДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің биылғы жеңімпазы, Шығыстың шымыр ұлы Мұхит Тұрсынов сейсенбі күні Өскеменде ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында болып, сол күні кешкісін Семейге оралып, жерлестерінің ыстық ықыласына бөленді.

Өскемендегі жүздесуде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев ел мерейін үстем етіп, Шығыстың абыройын асқақтатқан Мұхит Тұрсыновқа автокөлік пен Семей қаласынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етіпті. Елорда төрінен туған жердің төсіне барыс болып оралған  ұлын Семей жұрты қала сыртында қошеметпен қарсы алды. Бозкілемнің төрінде тер төккен Мұхит құлын күнінен құнаннан, құнан күнінде құланнан оза шап-қан балуан. Батыр ұлдың бұл биігі бізге мақтаныш, әлбетте. Мұхит қарапайым ғана болмысы, үлкенге құрметі бар жөн білетін жөні бөлек жігіт қой. Қалың қауымның қошеметіне құлақ түріп, тілегін тыңдап, батасын алып осы жерден қала басшысы Айбек Кәрімовке арнайы келіп, інілік ізетін көрсетті.

— Біздің киелі Семей жерінен үнемі балуандар шығады. Мысалы, қазақтың тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, неше мәрте  қазақтың туын көкте желбіреткен даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтардың есімін мақтанышпен атауға болады. Бүгінде олардың соңынан Шалқар Жоламанов, Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов сияқты ізбасарлары келе жатыр. Аға жолын іні жалғап, биыл да біздің бағымыз жанды. Бұл бапкердің біліктілігі мен балуанның шүмектеп төккен терінің өтеуі. Семей қаласында біз осындай балуандардың барлығының басында баспанасы болсын деген ниетіміз бар. Шығыстың абыройын асқақтатқан Мұхит бауырымызға Семейден 3 бөлмелі пәтердің кілтін Бердібек Мәшбекұлы өзі салтанатты түрде табыс еткен болатын. Қуаныштарыңыз, жеңістеріңіз құтты болсын! – деді Айбек Мүталапханұлы.

 

{jcomments on}Бозкілемде атой салып, алып та, шалып та жығатын, оңы мен солын таңдамайтын,  белдесулерінде талай апайтөс, атан жіліктің мысын басқан балуанмен тілдесудің сәті түсті.

 

— Үздік үштікке кіруге мақсат қойған болатынмын. Сәтін салып жеңіске жеттім. Қала жұрты құрметпен қарсы алды. Барлығына шексіз алғысымды айтқым келеді. Бердібек Мәшбекұлы мен Айбек Мүталапханұлына үлкен алғысымды айтамын, — деген балуан ұл, — Жеңісімді жерлестеріме, бүкіл Қазақстан халқына, соның ішінде Шығыс еліне арнаймын, — дейді.

Сонымен қатар, сұхбат барысында М.Тұрсынов:

— «Үмітсіз — шайтан» деген. Жеңістен әрқайсымыз үміт күттік. Асыл Бәрменовпен мен бұған дейін 4 рет белдесіп, оның екеуінде ұтылып, 2 рет ұтқан болатынмын. Міне, бесінші белдесу менің еншімде. Асыл екеуміз жасөспірім кезден бастап бір-бірімізді жақсы танимыз, әрі құрдас, әрі жолдаспыз. Жалпы, барлық белдесулер де қиын болды. Әр белдесуге үлкен үмітпен шықтым. Былтыр Бейбіт Ысты-баевқа жол беріп алған болатынмын. Бірақ, ол кезде 10 секунд қалғанда ғана маған төрешілер ескерту берді. Сол кезде ішімде аздаған “әттеген-ай” болып еді. Қайткен күнде де Бейбітті жеңетінімді дәлелдей алдым. Ал, Русланмен тактикалық әдісте күрестім деп айтуға болады.

Ал, Мұхиттың әкесі әрі бапкері Шыңғыс Тұрсынов тілшілерге берген сұхбатында:

— Серік Қоржыкенов, Қайрат Жармұхамбетов, Зекен   Шаймерденов, Ербол Мырзабосынов сынды жаттықтырушылар  қаңтар айынан бастап дайындықты кәсіби тұрғыда бастап, жоспар бойынша жұмыс жасадық. Төрт бөлімнен тұратын оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Соның барлығының біздің балуандарға әсері болды деп ойлаймыз. Үш балуаннан да зор үміт күттік. Үшеуі де «Қазақстан Барысы»  атануға лайықты еді. Әрине, спорт болған соң біреу жеңіледі, біреу жеңеді. Шалқар бауырымыз жарақат алып шығып қалды. Батыр аңғал келеді ғой. Айбек қапыда қалды.      Сондықтан, Мұхит қана қалғандықтан, мен оған: «айналайын, балам, артыңда шығыс елі сенім артып тұр» деп      намысын жаныдым. Өйткені, оның қарсыластарының бәрі мықты балуандар болды. Мұхит тыңғылықты дайындықтың, жаттықтырушылардың жыл бойғы еңбегінің арқасында   жеңіске жетті деп ойлаймыз, — дейді.

Шыңғыс Тұрсыновқа «Сіз өзіңіз 40 жасқа дейін күресіп,   талай мәрте түйе балуан атандыңыз. Ал, ұлыңыз «Қазақстан Барысы» атанды. Қазақстан барысымен күресуге қалай қарайсыз?» деген әзіл-қалжыңы аралас сауал тастадық.

— Әке балаға сыншы ғой. Мен жетпеген жетістікке бүгін балам жетіп жатыр, шәкірттерім жетіп жатыр. Мен өте қуаныштымын. Бұл жайдан-жай келген жеңіс емес, 26    жасқа дейін Мұхит қанша жарыстарға қатысып, қаншама биіктерді бағындырды. Әлем кубогінің иегері, әлем чемпионы, Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы атанды. Дұрыс бағыт-бағдардың, қазақ күресін жақсы меңгергендігінің арқасында, 15 жыл бойғы төккен тердің нәтижесінде осындай жеңіске қол жеткізді деп ойлаймын. Оған анда-санда «сенімен күрессем, алып соғамын» деп қалжыңдап қоямын. Бірақ, оның менімен бәрібір күреспейтіні белгілі. Дегенмен, ол жас әрі қызу дайындықта жүрген бала. Ал, менің бұрынғыдай күш-қуатым жоқ. Сондықтан, бәрібір оған қазір шамам келеді деп айта алмаймын, — дейді (күліп) Шыңғыс Тұрсынов.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ, «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС