Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МАҢЫЗДЫ САЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ НАЗАРДА

04.07.2014
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовтің төрағалығымен әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Әкімдік отырысында тірек ауылдық елдімекендерді дамыту  бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасын жүзеге асыру және қаланың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын одан әрі жаңғырту мәселелері қаралып, жауапты бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.

 

Жиында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Сәуле Қасенова тірек ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берді. Өз сөзінде ол Новобаженово тірек ауылында 2014-2018 жылдар аралығында  жалпы сомасы 2 миллиард 380 миллион 300 мың теңгені құрайтын 36 жобаны іске асырып, нәтижесінде 290 жұмыс орнын ашу көзделіп отырғанын жеткізді. Аталған жобалардың 18-і ауыл шаруашылығы, 3-і кәсіпкерлік, 8-і әлеуметтік, қалған жеті жоба  абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы болмақ. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында 6 адам, жиыны 15,5 миллион теңгенің несиесін алуға өтініштерін берген.

Семей қаласына қарасты тірек ауылдардың бірі – Знаменка. Ауылда 2014-2018 жылдар аралығында 32 жобаны іске асырып, 251 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Осы мақсаттта жұмсалатын қаржының көлемі 658 миллион теңгеден аспақ. Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде 12 адам мал шаруашылығымен айналысуға, бір азамат тігін цехын ашу үшін несие алуға ниет білдірген. Барлық жобалар мақұлдаудан өтіп, оларды жүзеге асыруға қажетті 32 миллион теңге шілде айында бөлінеді деп жоспарлануда.

Ал, Қайнар тірек ауылында жалпы сомасы 745 миллион 800 мың теңгеге 29 жобаны жүзеге асырып, 250 жұмыс орнын ашу көзделіп отырған көрінеді. Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының аясындағы жұмыстар атқарылуда. Мәселен, мал шаруашылығымен айналысуды көздеген 28 азамат несие алуға өтініш берген. Осы жобаларды іске асыру арқылы 51 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Айбек Мүталапханұлы аталмыш ауылдық округтердің әкімдеріне мемлекеттік бағдарламалар аясындағы атқарылатын шаруалардың қарқынын үдете түсу, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аудару қажеттігін ескертіп өтті.

 

{jcomments on}Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын одан әрі жаңғырту жөніндегі жұмыстар туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменов мәлімет берді. Өз сөзінде ол бұл  шаруалар екі бағыт бойынша жүзеге асырылып жатқандығынан хабардар етті. Атап айт-қанда, Семей қаласының қазандықтарын және № 1 ЖЭО — ның бұрыннан бар қуаттарын жаңғырту, екіншісі, ҚР  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы негізіндегі жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Мәселен, 2011 жылы 23 көпқабатты үйде осы бағдарлама бойынша жөндеу жұмыстары  жүргізілген көрінеді. Ал, биыл 12 үйдің тұрғындары баспаналарын жөндеуден өткізуге келісім берген. Дегенмен, Әсет Сүлейменов бағдарламаның жүзеге асырылу қарқыны жоғары деңгейде еместігін айтты. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Тұрғындардың сенімсіздігі, несиені рәсімдеуге құлықсыздығы, көптеген үйлерде кондоминиумдардың тіркелмеуі, жобаны сараптамадан өткізуге үй иелерінің шығындалуының қажеттігі. Бағдарламаның қарқынды түрде жүзеге асуына тежеу болып тұрған негізгі факторлар, міне, осындай.  Сондай — ақ, Әсет Бауыржанұлы мердігер мекемелердің  өздеріне тапсырыл- ған жұмыстарды сапасыз орындаған жағдайлардың да кездесіп, осының салдарынан тұрғындардың терможаңғыртуға деген пікірлері сан қилы екендігін атап өтті. Бұл орайда Физкультурная көшесі, 10 «А», Уральская көшесі, 5, Селевин көшесі, 15 мекенжайларындағы көпқабатты үйлерді мысал етуге болады. Тұрғындардан мемлекетттік бағдарлама аясында жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілгені туралы шағымдар түскен көрінеді. Бас мердігер «Облдоркомхоз» ЖШС — не ТҮКШ бөлімі тарапынан кемшіліктерді жою бойынша хаттар жолданған. Алайда, жіберілген олқылықтарды түзету бағытында шаралар қолданылмаған және аталмыш тұрғын үйдегі жұмыстар тоқтатылған. Қазір бас мердігер «ШҚО тұрғын үй – пайдалану  басқармасы» ЖШС болып табылады.

 

Ақпаратпен танысқаннан кейін Айбек Кәрімов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының тиімділігін нақты дәлелдеп көрсету үшін белсенді ПИК-термен жұмыс істей отырып, бұл бағыттағы шаруалар қарқынын арттыра түсу керектігіне назар аударды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанатжан Төлесбаев «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпаратпен таныстырды. Оның айтуынша, бұл бағыттағы шаруаларды атқаруға 397 миллион 657 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалған екен. Ағымдағы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына 1200 адам қатысқан. 131 адам кәсіптік қайта даярлау мен біліктілікті арттыруға жолданған көрінеді. Сондай-ақ, аталмыш бағдарламаның үшінші бағытының екінші құрамдас бөлігі аясында қатысушылар қатарына Докучаев көшесіндегі 60 пәтерлік шағын отбасылық жатақханаға қоныс аудару үшін 29 жасқа дейінгі 60 адам қосылған. Олардың 18-і ата — ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар. Осылайша бағдарлама жұмыспен қамту мәселесін шешуден бөлек қоғамның аз қамтылған бөлігінің өкілдерін баспанамен қамтамасыз етуге септігін тигізуде.

Отырыс соңында қала әкімі әлеуметтік салада мәселелердің оңтайлы шешіліп жатқаны жайлы халықты мей-лінше хабардар етіп, жұмысты мүмкіндігінше жариялы түрде жүргізу керек екенін айтып өтті.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС