Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

04.07.2014
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН
FacebookWhatsappTelegram

Биылғы жылы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында қала бюджетінен 15 млн. теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Демалыс маусымында Семей өңірі бойынша 6 қала сыртындағы және 49 мектеп жанындағы, 6 туристік-профильдік лагерьлер жұмыс жасауда. Балалардың жазғы демалысының есте қаларлықтай өтуі үшін оны ұтымды ұйымдастыру қажет. Осыған орай лагерь жұмыстарының жағдайына қанығу мақсатында Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева өткен аптада шаһар сыртында орналасқан бірнеше демалу-сауықтыру орындарында болып қайтты.

Алдымен Зәуреш Рамазанқызы «Радуга» балаларды сауықтыру лагеріне барды. Бұл лагерь 126 орынға арналған. Сауықтыру орынының басшылығы жылдағы дәстүр бойынша 12 күннен            4 кезең бойы  500-ден астам балаға көңілді демалыс сыйлауды көздеп отыр. Ол  үшін мүмкіндік те мол. Таңертеңгілік ұйқыдан тұрған сәттен бастап, қас қарайғанша жоспарлы кесте бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылады. Бүгінде алғашқы кезең аяқталуға шақ қалған. Демалушы балалар әзірге үйлеріне қайтуға асығар емес. Олар үшін демалыстың әр күні ерекше қызыққа толы.

— Лагерь маған қатты ұнайды. Жыл сайын жолдамамен осы «Радуга» лагеріне келемін.  Тамақтары да, жатын бөлмеміз, ұйымдастырылуы да көңілден шығады. Әр күн бір қызықтан тұрады. Мұнда билейміз, ән саламыз, түрлі топтық са-йыстарға қатысамыз.  Ең бастысы, көп достар таптым. Енді жаңа достарыммен байланысымыз үзілмейді, — дейді  №31 орта мектептің Дәулет есімді 3 сыныбын бітірген оқушысы.

 

{jcomments on}Балғындардың барлығы дерлік демалуға 2-3 жыл қатарынан келіп отырғандар. Бір-бірімен етене таныс. Қалаға келген сәтте де хат-хабар алысып тұрады екен. Тіпті, араларында оқушы кезінде жылдар бойы лагерьде жазғы демалысын өткізіп, ЖОО бітірген соң  бұл жерге тәрбиеші ретінде келіп отырғандарды да кездестірдік.

 

Қала әкімінің орынбасары бұдан кейін «Жас қанат» лагерінде болды. Мұнда № № 47, 22 мектептерден 80 бала, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан 35 бала қала бюджетінің есебінен   жазғы демалыстарын өткізуде. Жалпы, 4 кезең бойы 137 бала бюджет есебінен тегін, 187-сі ақылы түрде осы лагерьде дем алады деп күтілуде.

Ал, «Достық» спорттық сауықтыру лагерінде қазіргі күннің өзінде қала мектептептері мен Үржар, Тарбағатай сынды аудандардан келген жасөспірім 120 спортшы жазғы демалыстарын мәнді өткізуде. Ортақ ойлары спортқа саятын жас сайыпқырандар бұл күнде тіл табысып, екі аптадан аса жаттығуларын осы сауықтыру лагерінде бірге өткізуде.      «Достық» спорттық сауықтыру лагерь директоры Қонысбай Шәріповтың айтуынша, ас мәзіріндегі тағамдардың құнарлылығы әрдайым қадағалауда көрінеді.

Міне,  лагерьдің алғашқы кезеңі аяқталуға да таяу. Алғашқы кезеңде 8-12 жас аралығындағы балғындар жазғы демалысын өткізсе, алда жас ерекшеліктеріне қарай 12- 16,  6-18 жас аралығындағы спортшы жастар облыстық бюджет есебінен дем алады екен.

Зәуреш Рамазанқызының айтуынша, шаһарда мектеп жасындағы балалардың барлығы дерлік жазғы демалыстарын ойдағыдай өткізуі үшін мүмкіндік жасалады екен.

— Семей қаласындағы балалардың  97 — 98 па-йызы қаладағы және қала сыртындағы, сонымен қатар, Үржар ауданындағы Алакөл көлінің жағалауында дем алады. Негізгі басымдық тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған отбасылардың  балаларына берілмек. 900-ден астам балаға қала бюджетінен қаржы бөліп, ақысыз демалыс ұйымдастырып отырмыз. Болашақта қала сыртындағы лагерьдің санын арттыруға күш жұмсайтын    боламыз, — дейді Зәуреш Рамазанқызы.

Жазғы демалысты  ұйымдастыру мәселесінде кедергілер де жоқ емес. Жоғарыда аталған лагерьлер Ертіс өзенінің жағалауында орналасқанымен, жағалауы жар болғандықтан тиісті мекемелер балалардың өміріне алаңдап, шомылуға рұқсат бермей отырған жайы бар. Әлбетте, бұл мәселенің шешімі  — хауыз салу.

— Балаларға шомылу мүмкіндігін сыйлау керек,- деген Зәуреш Рамазанқызы осыдан үш жыл бұрын қалалық әкімдіктің тікелей тапсырмасы негізінде «Жас қанат» лагеріне қаржы бөлініп, шомылуға арналған хауыз салынғандығына тоқталды.

Қала басшысының орынбасары қалған лагерьлерге хауыз салуға арналған құжаттарын дайындап, алдағы жылдары қала бюджетінен қаржы бөлуге мүмкіндіктер жасауға тырысатындықтарын тілге тиек етті.

 

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС