Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰЛАНДАР ОҚУ – ЖАТТЫҒУЫН БАСТАДЫ

04.07.2014
ҰЛАНДАР ОҚУ – ЖАТТЫҒУЫН БАСТАДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Астана күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінде сардарлар мен сарбаздардың  жазғы оқу-жаттығуының ашылу салтанаты болды.

Жазғы оқу-жаттығудың ашылу салтанатына Семей горнизоны бойынша ҚР Ұлттық Ұланының ардагерлері кеңесінің төрағасы, зейнеткер полковник Дәулет Алпаров бастаған әскери саланың ардагерлері, жергілікті билік өкілдері мен әлеуметтік және мәдениет саласының қызметкерлері, сардарлар мен сарбаздар қатысты.

Салтанатты шара барысында түрлі жарыстарда жетістікке жетіп, жұмыста да жақсы нәтиже көрсетіп жүрген бөлімшелер мен бірқатар қызметкерлер арнайы грамоталармен марапатталды.

Сап түзеген сарбаздар өртке қарсы дайындықтарын көрсетті.

— Жазғы оқу-жаттығу қарбаласқа толы болады. Өйткені, онда физикалық жаттығулармен қатар, қауіпсіздік шаралары және медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша жаттығулар өтеді. Сонымен қатар, оқу-жаттығу аясында құқықтық, саяси, идеологиялық бағыттағы сабақтар да өткізіледі. Біз, ардагерлер, Отан қорғаушылардың қарым-қабілетін бақылау үшін және оларға ақыл-кеңесімізді айту үшін осында арнайы келіп  отырған жайымыз бар, — дейді Дәулет Алпаров.

Оқу-жаттығу аясында қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық-насихат тобы сарбаздар мен сардарларға «ҚР Қарулы күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы» тақырыбында идеологиялық сабақ өткізді. Идеологиялық сабақ барысында сөз  алған аталмыш топтың мүшелері, қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық сектор меңгерушісі Роллан Кемербаев пен        ҚазИГЗУ-дегі «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығының директоры Аман Рахметуллин әскерилерді жаңа маусымдағы оқу-жаттығудың ашылуымен және алдағы Астана күні мерекесімен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.

 

{jcomments on}- Біз үшін 6 шілде күні қос бірдей мереке. Ол  елордамыз Астана қаласының және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Әрине, Мемлекет басшысының туған күнін атап өтуді құп көрмейтіндер де болуы мүмкін. Алайда, мемлекеттің Тұңғыш Президентінің дүниеге келген күнін атап өту әлем елдерінің тәжірибесінде бұрыннан бері кездеседі, — деген дербес зейнеткер, ақпараттық-насихат тобының лекторы Серік Төлеуғалиев «ҚР Қарулы күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы» тақырыбына тереңірек тоқталып, Елбасының «Қазақстан жолы —  2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауы туралы да айтып өтті.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімі командирінің әлеуметтік-құқық жұмыстары бойынша орынбасары Ерлік Ықыласовпен де сұхбаттасудың сәті түсті.

— Қала тұрғындары мен қала қонақтары өмірінің қауіпсіздігін сақтау және күнделікті өмірде кездесетін тұрмыстық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ұйымдастырылатын оқу-жаттығулар, Елбасымыз, ҚР Қарулы күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев туралы ақпараттық сабақтар сардарлар мен сарбаздар арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Енді оқу-жаттығуға күнделікті 2 сағат уақыт бөлінетін болады, — дейді Ерлік  Ықыласов.

Әскери сала мамандарының айтуынша, жазғы оқу-жаттығулары бойынша жыл соңында сардарлар мен сарбаздар арнайы сынақ тапсыратын көрінеді. Ал, қаңтар айынан бастап қысқы оқу-жаттығулар басталатынын, ол кездегі жаттығулардың    қазіргіден біршама айырмашылығы болатындығын айтады әскерилер. Демек, сарбаздар сапындағы жігерлі азаматтар жылдың барлық мезгілдерінде де Отанымызды қорғауға сақадай сай деуге негіз бар.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС