Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕМЕЙДЕ СТРИТБОЛ СПОРТЫ СЕРПІНДІ ДАМУДА

21.07.2014
СЕМЕЙДЕ СТРИТБОЛ СПОРТЫ СЕРПІНДІ ДАМУДА
FacebookWhatsappTelegram

Стритбол — ережесінде аздаған ерекшелік бар, ашық аспан астында алаңның жарты бөлігінде ғана ойналатын баскетболдың түрі. Кейінгі жылдары қаламызда бұл ойынның дамуына, жұртшылықтың арасында кеңінен танылуына көңіл бөлініп келеді. Қай жағынан алып қарасаң да қос қолдап қуаттап, құптауға тұрарлық шаруа.

Себебі, көбіне жаздың күндері аты айтып тұрғандай көшеде, яғни, далада ойналатын бұл ойынды насихаттау арқылы қалың бұқараны, әсіресе, жастарды бос уақыттарын пайдалы іске жұмсап, спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын қалыптастыруда бұл спорт түрінің де тигізер пайдасы орасан. Міне, осы мақсатта соңғы жылдары қаламызда жасөспірімдер арасында  стритболдан жарыстар өткізіліп тұрады. Соның бірі жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі турнир.

Қаламыздың оқу орындарының командалары қатысатын бұл жарыс биыл № 9 спорт мектебінің жасыл алаңында  шілденің 7-сі мен 15-і аралығында өткізілді. Турнирді ұйымдастырудағы басты мақсат  — бұқаралық спорт түрлерін дамыту, стритбол мен баскетболды жастар арасында кеңінен насихаттау, мейлінше таралуына ықпал жасау. Жарыстың бас төрешісі Тамара Витохина бұл ойынды дәріптеудің қажеттілігі жайлы өзінің пікірін былай жеткізді:

 

{jcomments on}- Спортпен шұғылдану пайдалы екенін бәріміз білеміз. Жастарымыздың жаман әдеттерден сақтанып, бос уақыттарын спортқа арнауы көңіл қуантады. Бұл ретте баскетбол мен стритбол сияқты ойындар өте тиімді құрал деп айтар едім. Себебі, бұлар ойнаған адамды бірден тартып әкететін өте қызықты, физикалық қалпыңды жетілдіруге жол ашатын спорт түрлері. Әрі жылдам шешім қабылдауды қажет ететінін ескерсек, стритбол интеллектуалдық тұрғыда да дамуға мүмкіндік береді.

 

Жарысқа қаламыздың жоғары оқу орындары, колледждер студенттері мен мектеп оқушыларынан жиналған алты ерлер командасы бақ сынасты. Қатысушылардың арасында баскетбол және стритболмен енді айналысып жүргендермен қатар, спорттың бұл түрінен біршама жетістіктер мен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп үлгерген тәжірибелі ойыншылар да бар. Солардың бірі қаламыздың баскетбол құрамасының капитаны Мерхат Сейітов. Мерхат қазіргі таңда жер жүзіне үлкен танымалдыққа ие болған стритбол ойынын дамытудың маңызы зор деп білетінін жеткізді.

— Қазір қаламызда, жалпы өңірімізде баскетболдың дамуына көңіл бөлініп жатыр. Түрлі жарыстар ұйымдастырылып тұрады, онымен айналысуға арнайы спорттық нысандар мен залдар қалыпты жұмыс істейді. Енді стритболдың дамуы туралы айтатын болсам, бұл ойын түрінің халықтың, әсіресе, жастардың арасында кеңінен насихатталып, таралуына назар аударыла бастады деуге толық негіз бар. Тұрақты түрде жарыстар ұйымдастырыла бастағаны сөзімнің айқын айғағы. Осы ретте айтарым, стритболды дәріптеп, оны дамытуға бағыттал-ған мұндай шаралар әлі де жалғасын тауып, қарқын ала түссе, қазіргідей арнайы турнирлер көптеп әрі жиірек ұйымдастырылса, — дейді Мерхат Сейітов өз ойымен бөлісе отырып.

Бір аптадан артық уақытқа созылған жарыс-тың қорытындысы бойынша №9 спорт мектебінің командасы 1-ші орынды, геологиялық барлау колледжінің спортшылары 2-ші орынды иеленді. Ал, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің стритболшылары жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Стритбол бойынша жарыстар легі мұнымен тоқталмақ емес. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жылдың тамыз айында әйелдер командалары арасында арнайы турнир өткізу жоспарланып отырған көрінеді.

 

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

6 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС