Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

21.07.2014
ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ
FacebookWhatsappTelegram

15-21 шілде күндері аралығында Семейде тұңғыш рет пауэрлифтинг және штанганы жатып сығымдап көтеру спорт түрлері бойынша жасөспірімдер мен ерлер, қыздар, әйелдер және ардагерлердің қатысуымен Қазақстан чемпионаты өтуде.

ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігі мен пауэрлифтинг федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ел деңгейіндегі додаға Қазақстанның 21 қаласынан 250-ден аса спортшы 32 келіден бастап 120 келіден жоғары салмаққа дейін, яғни, 14 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынауда. Спортшылардың ішіндегі ең жасы кішісі 12 жаста болса, ең үлкені 78 жастағы қария.

Чемпионаттың ашылу салтанатында қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев барша спортшыларға сәттілік тіледі. Елімізде пауэрлифтинг спорты кейінгі жылдары қарқынды түрде дамып келе жатқанын, бұл нағыз  батырлар бәсекесі екенін, өйткені, өзінен бірнеше есе ауыр зілтемірді қарсыластарынан әлдеқайда шебер әрі көп көтеру екінің бірінің қолынан келмейтінін айтады жаттықтырушылар.         Пауэрифтинг бойынша еліміздің бас жаттықтырушысы Владимир Новоселовтың айтуынша, Қазақстан бұл спорт түрінен әлем бойынша үздік алтылықтың қатарында болса, ал, Азия елдері бойынша көш бастап тұрған көрінеді.

— Пауэлифтинг спорты кейінгі 25 жылда елімізде кеңінен қанат жайып келеді. Алайда, мұндай турнир Семейде алғаш рет өтуде. ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Семей қаласы әкімдігі осындай шара өткізуге қолдау білдіргендері үшін ризашылығымызды білдіреміз. Жарыс жоғары деңгейде өтуде. Барлық спортшыларға сәттілік тілейміз, — дейді Владимир Новоселов тілшілер тобына берген сұхбатында.

 

{jcomments on}Чемпионат барысында спортшылармен де сұхбаттасудың реті келген еді. Жас спортшы Ирада Әбдірова:

 

— Пауэрлифтинг  денсаулыққа өте пайдалы спорт түрлерінің бірі. Бұл спорт маған қатты ұнайды. Айналысып жүргеніме 5-6 ай болды. Болашақта спорт шебері атанғым келеді, — дейді.

Ал, пауэрлифтингпен 7 жылдан бері дамылсыз айналысып, ел чемпионаттарымен қатар, Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болып жүрген Қостанай қаласының спортшысы Жадыра Қабиева:

— Чемпионат өткізуде жарыстың басы-қасында жүрген азаматтар мен жаттықтырушылар тыңғылықты дайындалыпты. Өз басым Семей қаласына бірінші рет келуім. Әдемі әрі таза қала екен. Алдағы уақытта осындай жарыстарға үнемі келіп тұрамыз деп үміттенемін, — дейді.

Ардагерлер сапында өнер көрсеткен 73 жастағы шымкенттік қарт спортшы Әліпбек Әлжанов болса, жалпы спортқа деген құштарлық бала кезінен басталғанын, осы жасқа жеткенше бірнеше спорттың түрімен айналысып келе жатқандығын айтады.

— 10 жасымнан бастап спортпен айналыса бастадым. Ауылда тұрғанымызда мектеп үйімізге 1,5 шақырым қашықтықта болды. 1 сыныптан бастап 4-5 жыл бойы күнделікті сабаққа жүгіріп барып, жүгіріп қайтып жүрдім. Кейіннен қалаға көшкен соң, бірнеше жыл жеңіл атлетикамен айналыстым. Одан кейін 12 жыл былғары қолғап киіп, бокспен шұғылдандым. Бокс спорт түрі бойынша біршама жетістіктерге қол жеткіздім. Алайда, қарт адамдарға бокспен шұғылдану ауыр екендігі белгілі. Ал, пауэрлифтингтің жөні бөлек. Бұл спорт түрі жас талғамайды әрі денсаулыққа да пайдалы, — дейді Әліпбек Әлжанов.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубоктар мен медальдармен және дипломдармен, сондай-ақ, бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Ең бастысы, сайысқа қатысушылар қыркүйек айында Қырғызстанда өтетін Азия чемпионатына және Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алмақ.

 

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС