Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БІЗДІҢ МІНДЕТ – МІНСІЗ ҚЫЗМЕТ

21.07.2014
БІЗДІҢ МІНДЕТ – МІНСІЗ ҚЫЗМЕТ
FacebookWhatsappTelegram

Халыққа қызмет көрсету орталығы — қазақстандықтардың игілігі үшін және жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алу мақсатында жасақталған мекеме. ҚР байланыс және ақпарат агенттігінің қарамағындағы ХҚКО 160 түрлі мемлекеттік қызметті ұсынады. Ұсынылатын қызметтердің көпшілігі бір мезетте электронды түрде іске асырылады.

Семей қаласында екі ХҚКО бар болса, соның бірі сол жағалауда орналасқан ШҚО бойынша «ХҚКО» РМК филиалы № 1 Семей қалалық бөлімі. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ХҚКО № 1 Семей қалалық бөлімі  64 065 өтініш қабылдап, 68 004 құжат берді. Оның 50 461 элек-трондық қызметтерге тиесілі. Ал  «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» арқылы  21 067 қызмет түрі көрсетілген.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартына сәйкес, 19 түрлі жаңа қызмет пилоттық режимде тұрғындарға ұсынуға дайын тұр. Олардың ішінде «Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек белгілеу», «Білім туралы құжаттың телнұсқасын беру», «1,6 және 7 дәрежелі қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» қызметтері тұрғындар тарапынан сұранысқа ие болып келеді. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «Бала туу және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметіне өтініш білдіруге болады. Бұл тұрғындарға өте қолайлы қарастырылған. Бұл ретте кезек күтіп, уақыт шығындамайсың және дүйсенбі мен сенбі күндері аралығында сағат 09:00- ден  20:00 — ге дейін құжат тапсыруға болады. Орасан зор жұмысты мобильді жедел топтың қызметкерлері атқарады. Олар бірінші және екінші топ мүгедектеріне, қарт адамдарға мемлекеттік қызметтерді үйлерінде ұсынады.

 

{jcomments on}Тұрғындар әр мекеменің табалдырығын тоздырмас үшін, бүгінде ХҚКО-мен қатар , Еgov.kz электрондық үкімет порталы қызмет етуде. Портал арқылы 172-ден астам қызмет түрін үйден қадам аттап шықпай, жұмыстан қол үзбей тұтынуға мүмкіншілік бар. Сондай-ақ, ХҚКО-на келсеңіз де, кезек күтпей, «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан» қажетті қызметті ала аласыз. Сұрақтар мен қиындықтар туындаған жағдайда орталықтың кеңесшісіне жүгініңіз, ол  дұрыс бағдар беріп, қолғабыс етеді.

 

«Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында» жұмыс істеу үшін  электрондық-сандық қолтаңба (ЭЦП) қажет. Элек-трондық-сандық қолтаңбаны ХҚКО-нан 2 түрлі жолмен алуға болады:

1) флеш-тасымалдаушы немесе диск, 2) «чипті» жеке куәлікке жаздырып алу.  ЭСҚ-ны әрбір азамат өзі алуға тиіс, болмаса сенімхат арқылы. Айта кетейік, «чипті» жеке куәліктегі ЭСҚ  картридер құрылғысы арқылы оқылады.  Картридер құрылғысымен ХҚКО барлығы қамтамасыз етілген.  Ал кімнің жеке куәлігі ескі үлгіде болса, олар  қызметтерді дәстүрлі түрде электрондық кезек немесе қоғамдық кіру нүктесі (ПОД) арқылы алады.

Семейліктер ЭСҚ рәсімдеу және алу, ақпараттық анықтамалар, зейнетақы салымдары туралы анықтама, мекенжай туралы мәліметтер, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығын растайтын анықтамаларды жиі алады. Сондай-ақ, ХҚКО-ның клиенттері арасында е-лицензиялау сайтын пайдалану жоғары сұранысқа ие болып отыр.  Мысалы дәрігерлер санатты жоғарылату үшін құжаттарды рәсімдейді, халықаралық сертификаттарға өткізеді.

Тұрғындар көп тұтынатын қызмет — мекенжай анықтамасы. Ақпарат жеке тұлғаға қатысты құпия болғандықтан, анықтаманы әркім өзі немесе туыстық қатынасты дәлелдейтін құжаттары (туу тарлы куәлік, неке туралы куәлік) негізінде зайыбы, балалары және сенімхат негізінде үшінші тұлға ала алады.  Құжаттарды   жеделдік бойынша жасату тек құжаттандыру және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметтеріне қолданылады.

Еgov.kz электрондық үкімет порталының кеңестігі күн санап кеңеюде. Бүгінгі күні автокөлік иесінің екінші тұлғаға көлік жүргізуге беретін сенімхатты ақысыз портал арқылы жасауға болады. Бұл қызмет үшін бұрынғыдай нотари-усқа жүгініп, баж салығын төлеудің еш қажеті жоқ. Сенімхат жасату үшін көлік иесі және сенімхат алушы екеуі де болуы керек. Сондай-ақ, автокөліктің техникалық паспорты, мемлекеттік тіркеу нөмірі және сенім білдірушінің ЭСҚ болуы шарт. Аталмыш сенімхат 1 жылға беріледі. Барлық ақпараттар үшін өтініш берушілердің өздері жауапты, сондықтан, ұқыпты болғандары жөн.

ШҚО бойынша «ХҚКО» РМК филиалы № 1 Семей қалалық бөлімінде халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы және қолжетімді ұсыну үшін барлық жағдай жасалуда. Жұмыс сапасын бақылау мақсатында және тұрғындардың ой-пікірін білу ниетімен сауалнама жүргізіліп тұрады. Азаматтардың да жаңа технологияларды үйренуге құлшыныстары арта түсуде.

Г. ИДРИШЕВА, «ХҚКО»РМК филиалының ШҚО бойынша №1 Семей қалалық бөлімінің басшысы.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС