Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

08.08.2014
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптада Аймауытов көшесінде орналасқан 147-ші үй тұрғындарының өтініштері бойынша қала әкімі Айбек Кәрімов кездесу өткізді. Аталған үй тұрғындары «Версток» өндірістік кооперативінің құрамына кіреді. Алайда, тұрғындар кооператив жұмысына қанағаттанбай отыр. Олардың айтуынша, кооператив тарапынан ешқандай жұмыстар атқарылмайды. Шаһар басшысымен болған кездесуде «Версток» өндірістік кооперативі төрағасының орынбасары Василий Себастья-нов мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.

Тұрғындар шаһар басшысына бірден үйдегі негізгі мәселелерді айтудан бастады. Пәтер иелері баспаналарындағы кәріз құбыры бірнеше жыл бойы аппатты жағдайда тұрғанын, тазалағаннан еш пайда жоқ екенін айтып, құбырды ауыстыру қажеттігін сөз қылды.

— Бізде үш жыл болды кәріз құбыры апатты жағдайда. Құбырды бірнеше рет тазалаған да болатын. Алайда, одан еш нәтиже шыққан жоқ. Құбырды ауыстыру қажет. Ол үшін екі пәтердің еденін ашу керек. Алайда, оған пәтер иелері келіспей отыр, — дейді тұрғындардың бірі.

«Версток» өндірістік кооперативі төрағасының орынбасары Василий Себастьянов өз сөзінде кәріз құбыры бірнеше рет тазартылғанын, сондай –ақ, тұрғындардың қарызы бар екенін атап өтті. Осы ретте қала әкімі Айбек Кәрімов кооператив тарапынан мәселені шешуде тұрғындармен қанша рет жиын өткізілгенін сұрады. Алайда, тұрғындар ешқандай жиналыстардың болмағанынан қала басшысын хабардар етті.

Василий Себастьянов болса тұрғындармен жиын өткізу мүмкін емес екенін айтады. Кооператив басшылығының айтуынша, бүгінгі күні 48 пәтерлі төрт қабатты үйде тұрғындардың қарызы қордаланып қалған. Соған қарамастан тұрғындар «ешқандай жұмыс атқарылмайды» деп айыптайды екен. Алайда, кооператив тарапынан балалар алаңқайы жөнге келтіріліп, төрт қабатты тұрғын үйдің кәріз жүйесі тазартылған.

Мәселені байыппен тыңдаған қала әкімі Айбек Кәрімов тұрғындар кооператив жетекшісінің жұмысына қанағаттанбаған жағдайда өзара жиын өткізіп, жаңа төрағаны сайлауға құқылы екендіктерін айтты.

 

{jcomments on}-  Барлықтарыңыз жиналып, жаңа төрағаны тағайындаңыздар. Мұның барлығы сіздердің жеке меншіктеріңіз, бұл мемлекет қорындағы тұрғын үй емес. Мұндай мәселеде бюджеттен қаражат бөлінбейді.  Біз қазір нарықтық экономикада өмір сүрудеміз, — деген Айбек Мүталапханұлы, — Егер жөндеу жұмыстарын жүргізгілеріңіз келсе мемлекеттік терможаңғырту бағдарламасы арқылы өтініштеріңізді берулеріңізге болады. Сол уақытта ғана біз ұзақ мерзімге қаражат бөлеміз. Ал, егер үйлеріңізде әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар болса мемлекет тарапынан жеңілдіктер  болады.  Осының барлығын өздеріңіз ұйымдастырыңыздар. Дұрыс басшылық болмаса бұл мәселелер осылай жалғаса береді, — деді.

 

Кездесу соңында шаһар басшысы қалалық тұрғын үй инспекциясының жетекшісі Светлана Заурбековаға алдағы уақытта тұрғындарға заң талаптары мен ережелерін түсіндіріп, жиын өткізуді ұйымдастыруда көмек көрсету керектігін атап өтті. Сондай-ақ әрдайым тұрғындармен сұхбат жүргізіп, мәселенің механизмдерін қарастыруды тапсырды.

Жиын соңында  қандай мәселе барын сұраған Айбек Кәрімовке аула тұрғындары қураған талдардың көп екенін, құлаған жағдайда үйдің төбесін қиратанынын айтып, ағаштарды кесу үшін көмек сұрады. Қала әкімі бұл мәселенің орынды екенін, онымен ТҮКШ бөлімі айналысатынын айтып, оған тиісті шара қолданатынын жеткізді.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС