Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

09.08.2014
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар  министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасым- беков жұмыс сапарымен Семейде болды. Өнеркәсіп комитетінің төрағасы қала әкімі Айбек Кәрімовтің жетекшілігімен шаһардағы бірқатар жеңіл өнеркәсіп орындарын аралап, осы салада атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

 

Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, аймақтарда бірқатар отандық өндіріс орындарының жұмысы алға басып келеді. Бұл қоғамның нарықтық заманға бейімделгенін көрсетсе керек. Дегенмен отандық өндірістің ішіндегі кенжелеп қалғаны осы жеңіл өнеркәсіп саласы. Кеңестік кезінде жеңіл өнеркәсібі қарыштап дамыған Семейде тәуелсіздік алған алғашқы жылдары бұл сала тұралап қалған еді. Алайда, соңғы уақытта жеңіл өнеркәсіп саласы  шаһарымызда қайтадан  жанданып келеді. Ел Үкіметі де бұл саланың өсіп, өркендеуіне ынталы болып отыр.

Жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков алдымен  тігін мен тері бұйымдарын өндіретін «Семспецснаб» кәсіпорынында болды. Мұнда ерлер мен    балалар көйлегін, әскери қызмет-шілерге арналған жейделер, жұмысшылар киімдері, әскери қызмет-шілерге арналған пальто мен плащьтар, офицерлік құрамға       арналған бас киімдер, кеудешелер және медициналық халаттар, жұ-мысқа арналған костюмдердің түрлі үлгілері тігіледі. «Семспецснаб» ЖШС өнімдерінің негізгі бөлігін еліміздің күштік құрылымдарына, ұлттық компаниялар мен өндіріс кәсіпорындарының қызметтік формасын тігіп, отандық өнімнің дамуына септігін тигізіп жатыр. Демек, ең басты — мекемелердің киімдерін ұқыппен тігетін фабрика уақыт талабынан шыға алатынына күмән жоқ. Қазір фабрика ерлер костюмдері мен мектеп формасы сынды жаңа өнім түрлерін шығаруды меңгеруде.

Заман талабына сай арнайы техникалық құрылғылармен жабдық- талған кәсіпорын бір жұмыс ағынында бірнеше киім түрін пішіп, тігіп  шығарады. Ұжым мүшелері мекемелермен қатар, жеке тұлғалардың да тапсырысын қабылдай береді. Кәсіпорын басшыларының айтуынша, қазіргідей бәсекелестік жағдайында өнімдерімен алдыңғы сапқа шығуды мақсат тұтқан мекеменің аяқ алысы жаман емес. Өндірісті дамыту мақсатында фабриканың жаңа ғимарат құрылысын жүргізу де қолға алынған. Бір сөзбен айтқанда    «Семспецснаб»  өңірдің жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндірісі өркендеп тұрған кәсіпорынның бірі.

 

{jcomments on}Семей қаласында Бақтыбай Қасымбеков «Технология комфорта» ЖШС жұмыс барысымен танысып, ондағы жұмыскерлерге арналған арнайы биялай өндірісі кешенін қарап шықты. Пластик терезелер, ағаштан жасалатын бұйымдар және мақта — матадан жұмыскерлердің биялайларын өндірумен айналысатын «Технология комфорта» ЖШС өнімдері еліміздің барлық аумағына, сонымен қатар Ресейдің елімізбен көршілес өңірлеріне жеткізіледі.

 

Жұмыскерлердің қолғаптарының өндірісі «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2012 жылы іске қосылған еді. Жобаның қуаттылығы айына 300 мың жұп қолғапты құрайды. Соның арқасында 25 жаңа жұмыс орыны ашылды. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар осымен тоқтап қалмақ емес. «Технология комфорта» ЖШС аталмыш өнім түрін жылына 6 миллион биялай сыңарын шығаруды жоспарлап отыр. Ол үшін жоба индустрализация картасына енгізілген.

Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Әшімбекұлы жұмыс сапарының соңында «Семей тері — былғары комбинаты» ЖШС-де болды. Комбинат директоры Жұмағазы  Рахымғалиев өзі басқарып отырған комбинаттың тыныс-тіршілігімен жан-жақты таныстырды. Еліміздегі тері өңдеу саласындағы бірден — бір ірі зауыт Италиядан әкелінген құ-рылғылармен жарақталған. Ал өнімдер негізінен Үндістан, Италия, Қытай, Түркия сынды елдерге экспортталады.  Жұмағазы Рахымғалиевтің айтуынша, семейлік теріге шетелдің сұранысы көп. Себебі, бұл өнімдер сапалы аяқ киім тігуге ыңғайлы. Комбинат жылына 450 мың ірі қара малының терісін өндіреді.

Бақтыбай Әшімбекұлының айтуынша, жалпы, қазіргі уақытта республикада 1,5 мыңнан астам жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді екен. Оның 90 пайыздан    астамын шағын және орта кәсіп-орындар құрайды. Аталған секторда өндіріс көлемі соңғы 4 жылда 1,6 млрд. теңгеден 8,3 млрд. теңгеге дейін өсіпті.  Дегенмен, бұл салада туындаған мәселелер де жоқ емес. Осыны ескерген Мемлекет            басшысы жеңіл өнеркәсіп саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған.

— Жеңіл өнеркәсіп — Қазақстанда кенже қалып келе жатқан салаларының бірі. Елбасы осы саланы         кешенді түрде жоспарлап, көтеру   керектігін тапсырған еді. Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы Кеңес       дәуірінде Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан       облыстарында қарқын алған еді. Қазір жеңіл өнеркәсіп саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленіп жатыр. Сондықтан, туындаған мәселелерді жеңіл өнеркәсіп саласының кәсіпкерлерімен талқылау мақсатында Семейге арнайы келдім. Кәсіпкерлермен кешенді жоспарды жан – жақты талқылауымыз керек. Менің ойымша, 2015 жылдан бастап кешенді жоспар іске қосылады. Кейін біз сол арқылы әр саланы жүйелі түрде дамытатын боламыз, — дейді Бақтыбай Әшімбекұлы.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС