Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚОҢЫРАУДЫҢ ҮНІМЕН ҚОҢЫР КҮЗ ДЕ БАСТАЛДЫ

08.09.2014
ҚОҢЫРАУДЫҢ ҮНІМЕН ҚОҢЫР КҮЗ ДЕ БАСТАЛДЫ
FacebookWhatsappTelegram

1 қыркүйек – білім күні. Бұл күн – әр адамның есінде мәңгі сақталатын күн. Себебі, «Білім – өмір шырағы» дегендей, сыңғырлаған алғашқы қоңырау үнімен бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттайды. Ресми деректерге сүйенсек, Семей қаласы     бойынша биылғы оқу жылында 4900-ге жуық бүлдіршін 1 сыныпқа қабылданған екен. Осынау күні  шаһардағы бірқатар мектептердің алғашқы қоңырау салтанатты шарасына қатысып қайтқан едік.

Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі – қаладағы іргелі білім беру мекемесі екені белгілі. 5 жылдан бері жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан білім ошағы осы уақыт ішінде талай биікті бағындырып үлгерген. Қазір мұнда 720 оқушы білім алуда.    Алғашқы қоңырау салтанатты шарасынан кейін Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Бағдан Қайыржановпен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Бағдан Қайыржановтың айтуынша, 5 жыл ішінде аталмыш мектептің 240 оқушысы Халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанса, бүгінде 80-нен астам түлек Назарбаев Университетінде, сол сияқты 10-нан астам түлек Испания, Италия, Грекия, Франция, Швейцария, Ресей, Түркия сынды алыс-жақын шетелдердің озық білім ордаларында оқып жатқан көрінеді. Бұл 5 жыл уақыт ішіндегі ауыз толтырып айтарлықтай жоғары көрсеткіш.

— Биылғы оқу жылында 80 оқушы іріктеліп алынды. Іріктеу биыл өзгеше, яғни, Голландияның педагогикалық өлшеулер институты мен АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің дарынды балаларды іріктеудегі әлемдік тәжірибесі негізінде өтті. Сондықтан, биылғы іріктеуден өткен оқушылардың барлығын нағыз дарынды балалар деп айтуға болады, — деген Бағдан Тоқтамысұлы, — Назарбаев зияткерлік мектебінің негізгі мақсаты – зияткерлік деңгейі жоғары ұлттық мамандарды даярлау болса, оқушыларымыз болашақта қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, яғни, үш тілді маман болуы керек, — дейді.

№ 37 гимназия да — қаладағы шоқтығы биік білім шаңырағы. Өткен жылғымен салыстырғанда гимназиядағы оқушылар саны биыл біршама артқан екен. «Бұл, біріншіден, гимназияның жоғары сапалы білім беруінің нәтижесі, екіншіден, ата-аналар тарапынан сұраныстың арта түскенін көрсетеді», — дейді № 37 гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жармаш Жаспаров.

Аталмыш гимназиядағы алғашқы қоңырау шарасына қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Нұрбек Қошқарбаев,  ардагер ұстаздар Рузия Сағадиева, Бақтылы Қанапина, Гүлбаршын Рахымбаевалар қатысты. Салтанатты шарада алғашқы болып сөз алған гимназия директоры Жұмағазы Стамбеков:

 

{jcomments on}- «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деп Елбасы айтқандай, гимназияда білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгеріп, оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игерген. Білім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі – ҰБТ нәтижесі болса, өткен оқу жылында алтын ұяларынан түлеп ұшқан 65 оқушымыз жақсы балл жинап, орта балл 97-ні құрағаны белгілі. Бұл түлектеріміздің 50 пайызы мемлекеттік гранттарын жеңіп алып, қазіргі таңда еліміздің іргелі оқу орындарының студенттері атанғанын мақтанышпен айтуға болады, — дей келе, гимназияда қызмет атқарып жүрген ұстаздардың да жетістіктеріне тоқталды.

 

Шара барысында қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Нұрбек Қошқарбаев пен ардагер ұстаздар да сөз алып, білім саласының     мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.  Сыңғырлаған алғашқы қоңырау соғылған соң, 1 сынып оқушыларына оқу кабинеттері таныстырылды. Айта кету керек,    биылғы оқу жылында 120 оқушы № 37 гимназия табалдырығын аттаса, 100 оқушы 11 сыныпқа көшті.

Қаламыздағы № 6 гимна-зияда да алғашқы қоңырау салтанаты кең көлемде атап өтілді. Абай атындағы        театрда ұйымдастырылған алғашқы қоңырау мерекесіне мектеп оқушылары мен ұстаздар, ата-аналар көп жиналды.

Гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нәзигүл Айжанованың сөзіне сүйенсек, 2014-2015 оқу жылында 263 бала мектеп табалдырығын аттап отыр. Олар тоғыз сыныпқа бөлініп, 3 қазақ сыныбы, 6 орыс сыныптарында білім алатын көрінеді. Жалпы, мектепте 1200-ден астам оқушы білім  алуда. Мектеп басшылығының айтуынша, өткен жылдардағы алғашқы қоңырау мерекелерімен салыстырғанда биыл ерекшелік бар. Былтыр екі қазақ сыныбы ашылса, бұл көрсеткіш биыл тағы бір санға артқан. Аталмыш білім ошағында қазақ сыныптарына деген сұраныстың артып келе жатқаны көңіл қуантады, әрине.

№ 6 гимназияның табалдырығын аттаған балғындардың бірі Жаннұр Исабеков болашақта банк саласында қызмет етуді армандайды екен. Әжесінің айтуынша, Жаннұр есеп жағына жүйрік көрінеді. Ол үшін 1 қыркүйек ерекшелікке толы. Алғыр ұл арманын жүзеге асыру үшін алғашқы күннен бастап білім қорын жинамақ. Жаннұр Исабеков қабылданған 1 «Д» сыныбының жетекшісі Елена Орлованың айтуынша, сыныпқа 34 бала қабылданған. Жалпы, әртүрлі арман құшағында келген балғындарды ортақ мақсат, бір мүддеге жұмылдырып, Қазақстан Республикасының жан-жақты дамуына атсалысатын отансүйгіш-тікке тәрбиелеуді білім саласындағы мамандар өз міндеттеріне алуда. Балғындардың бала шақтан болашаққа бастаған білім жолындағы қадамдары сәтті болсын дейміз.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС