Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ТАРБАҒАТАЙДА

08.09.2014
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ТАРБАҒАТАЙДА
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тарбағатай ауданында болды. Өңір басшысын аудан әкімі Д.Оразбаев, басқа да лауазымды тұлғалар қарсы алды. Аудандағы атқарылған жұмыстармен танысуды ең алдымен осындағы іргелі өндіріс орындарының бірі — Семей ет комбинаты ЖШС-ның Ақсуат қасапханасын аралаудан басталды. Мұндағы     атқарылып жатқан жұмыстарды қасапхана директоры Азамат       Асқарбаев таныстырды. Қасапханананың негізгі қызметі — мал сойып, ет өндіріп, тоңазытып, тиісті орындарға жөнелтіп отыру. Бір ауысымда 1500 қой, 150 бас ірі қара малын союға арналған бұл кәсіпорын көп жылдар бойы тоқырап, жұмыссыз тұрып қалған болатын.

Аудан әкімі Д. Оразбаевтың тікелей араласуымен қайта іске қосылған қасапханада бұл күндері 32 адам жұмыс істейді екен. Тәулігіне 35-40 бас ірі қара малы сойылады. Қасапхана жұмысымен егжей-тегжейлі танысқан Бердібек Мәшбекұлы мұндағы баға мәселесіне назар аударып, жеке адамдардан мал етін сатып алуда олқылық орын алып отырғанын атап көрсетті. Тұрғындардан әр келі етті 750 теңгеден сатып алу тым арзан, қарапайым халыққа зиян екенін ескертті. Бұл мәселе туралы іс басында жүрген азаматтарға мәселені тиісінше     нақты шешуге тапсырма жүктеді.

Облыс басшысы бұдан соң Ақсуат ауылының орталығындағы алаңға келіп, алдыңғы толқын бір топ ақсақалдармен кездесті.  Мұндағы әңгіме ауылдың гүлденуі мен көркеюі, елдің еңсесін көтеретін еңбекшілдік, қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мәселелерінен басталды.

 

{jcomments on}- Тарбағатай ауданының болашағы мал шаруашылығына байланысты. Оны дамытпай болмайды,- деп сөз бастаған Бердібек Мәшбекұлы жері кең, суы мол Тарбағатай ауданының азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуі керек екенін атап өтті. Мал шаруашылығын дамыту үшін оның тұқымын асылдандырып, жемшөп қорын молайтып, одан алынатын өнімдердің өңделуін жолға қойған жөн. Картоп, басқа да бақша дақылдары көбірек өсіріле бастаған бұл жерде сарымсақ өсірсе, жақсы шығатын болар деген өңір басшысының сауалына ақсақалдар еге білсе Тарбағатай жерінде жеміс атаулының бәрі де шығатынын және де өнімді мол беретінін, оның өзі осы өңір топырағының құнарына байланысты екенін айтты. Бұл аймақтағы өндіріске енді ғана әкелініп, іске қосыла бастаған егістікті тамшылатып суарудың тиімділігі туралы да айтылды.  Жер мен суды тиімді пайдалану тәжірибелері туралы айта келіп, облыс әкімі Семей қаласына таяу жерде өз бизнесін дамытып, кәсіппен шұғылданатын Мұхит Тұмабаевтың ауқымды жерді кәдеге асырып, тиімді пайдаланып отырғанын мысалға келтірді. Ауыл еңбекшілерінің еңбек және тұрмыс жағдайы, кәсіпкерлікті өркендетіп, еңбектің зая кетпеуі жайлы сөз болғанда өңір басшысы барды бағалай білудің қажеттігіне тоқталды. Мал сою цехтарын тиімді пайдалану ерекшеліктерін айта келе, Бердібек Мәшбекұлы ауыл тұрғындарының маңдай терімен, еңбегімен өсірілген төрт түлік малды басқа өңірлерден келген алыпсатарлардың арзан бағамен алып кетуіне тосқауыл жасаудың қажеттігін де ескертті. Аудан орталықтарында ғана емес, Өскеменде, басқа да ірі қалаларда жәрмеңкелер ұйымдастырудағы басты мақсат қарапайым шаруалардың өздері еңбекпен өсірген мал өнімдерін өз қолдарымен жақсы бағаға саудалауын, содан тиісті пайда табуын көздеген шара екені де айтылды.

 

Осы кездесуде әңгімеге араласқан қарт журналист Мейрам Оралов отыз жылдан бері жылқы асырайтынын, бие байлап, қымыз ашытатынын айта келіп, Ақсуатта мал өсірудің қиындай түскенін, оның себебі ауыл төңірегінде мал жайылымының тарылып кетуі екендігін мәселе етіп қойды. Маңайдағы жердің бәрі сатылып кеткен, қора салып, қоршап алып жатыр. Осыны тоқтатуға бола ма деген журналистің сауалына облыс әкімі: «Тоқтатуға болады. Қазір біз жер иелерінің жерді қалай пайдаланып отырғанын тексеріп жатырмыз. Оның бәрін зерттеп, заңмен реттейміз» деп жауап берді.  Сонымен қатар, облыс әкімі ауыл төңірегіне малды топтастыра бермей, ұйымдасып, малды жинап, оны алыстағы кең өрістерге апарып бағудың артықшылығын да ескертті. Бердібек Мәшбекұлы тиімді жұмыс істеудің жолын таба білу керектігін айтып, мысал ретінде Саржал ауылының қымызы  Астанада сатылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, құм басқан Арал ауданында түйе өсірудің жақсы жолға қойылғанын мысалға келтіріп, Тарабағатай ауданында да түйе шаруашылығын дамытып,  шет елдіктер мойындаған шұбат дайындау кәсібін бұрынғы қалпына келтіру қажеттігін де еске салды.

Бұдан кейін облыс басшысы Қарасу ауылында болып, осында жаңадан салынып, бірінші қыркүйекте пайдалануға берілген мектептің лентасын қиды, ұстаздар мен мектеп шәкірттерін жаңа оқу жылымен құттықтады.

Жетіарал ауылына келгенде      Б.Сапарбаев «Даму» шаруа қожалығының егістігін аралады. Қожалық басшысы С. Жапаров егін егіп, мал өсіріп, құс шаруашылығын да жолға қойғалы отырғанынан аймақ басшысын хабардар етті. «Толғанай» шаруашылығының жетекшісі Рамазан   Ерболат  Ақжардан жылыжай ашып, 40 гектар жерге картоп еккенін,      субсидия алып, еңбегінің жанғанын мәлімдеді.

Бердібек Мәшбекұлы Жетіаралдағы жаңадан салынған емхананың, Ақжардағы орталық алаңнан бой көтерген Бәйтеректің ашылу салтанатына қатысып, Жетіаралдағы бас дәрігер Рахат Қажиакпероваға жедел жәрдем көлігін, Жетіарал орта мектебінің директоры Бақыт Алдауышевқа  балаларды мектепке жеткізу үшін пайдаланатын жеңіл көліктің кілтін тапсырды. Ақжардағы ардагерлер орталығында болып, ауыл қарияларымен пікірлесті. Аймақ басшысы Тұғыл ауылындағы мәдениет үйінде көпшілік бас қосқан жиынға қатысып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына тұщымды жауап қайтарды. Балықшыларды да, басқаларды да толғандырып жүрген проблемалардың рет-ретімен шешімін тауып отырғаны жиынға қатысқандардың көңіл-күйінен айқын аңғарылып тұрды.

Облыс басшысы бұл жолғы сапарында Ақжардағы ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханаға, «Рыбаки Зайсана» өндірістік кооперативіне барып, ондағы жұмыс жағдайларымен танысуға да уақыт тапты.

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

9 часов назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

1 день назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

1 день назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

1 день назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

1 день назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

1 день назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

1 день назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

5 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

5 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС