Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АБАЙ ОҚУЛАРЫ — ЖАС ДАРЫНДАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МЕКТЕБІ

08.09.2014
АБАЙ ОҚУЛАРЫ — ЖАС ДАРЫНДАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МЕКТЕБІ
FacebookWhatsappTelegram

Орта мектеп оқушыларының арасында өтетін республикалық Абай оқулары байқауына қатысушылар Семейге келді.  Жыл сайынғы «Абай  оқулары» байқауы оқушылар арасында Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізіліп келеді. Республикалық Абай оқулары – жас таланттардың қанаттарын қатайтып, талабын шыңдайтын шығармашылық мектеп.

Байқауға Қазақстанның  барлық облыстарынан 23 команда, 66 оқушы қатысады. Олар Абай мен  Шәкәрім  шығармаларын мәнерлеп оқу  және өз өлеңдері мен музыкалық туындыларын орындау аталымдары  бойынша білім жарыстырады.  Байқау Жидебайдағы Абай мен Шәкәрім мұражай кешенінде  өткізіледі. Осыған орай, қаламызға келген байқау үміткерлері шаһардағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Айтулы шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі Орта білім  департаментінің өкілі Роза Баттал, жоғары  оқу орындарының оқытушылары, ақын-жазушылар, құрметті қонақтар  қатысты. Шара барысында алғаш болып сөз алған Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева келген қонақтарға жылы лебізін білдірді.

— Құрметті қала қонақтары, қымбатты 15-ші республикалық Абай оқуларына қатысушы жас өркен. Ең бірінші, баршаңызды қасиетті ұлылар мекені Абай өмірге келген, өмір сүрген, өлмес туындыларын өмірге алып келген қасиетті Семей жеріне қош келдіңіздер! Баршаңызды қала әкімі     Айбек Мүталапханұлы атынан, өз атымнан бүгінгі поэзия тойымен, бүгінгі білім мерекесімен, Абай мен Шәкәрім жырлары салтанат құрған мереке күнімен құттықтаймын. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Абай — біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Менің бабаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс»,-деп ерекше атап көрсеткен болатын. Абай — туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, асқар тауы, қайнар бұлағы, ана тілінің шешендік бастауы, қамқор бабасы. Абай мерейі — халық мерейі болып, Абай биіктеген сайын, қазақ та биіктей береді. Сол биіктен көз жазбау — сіз бен біздің парызымыз, — деді Зәуреш Рамазанқызы.    — Жыл сайын Абай оқуларына қатысушы жас дарындардың санының көбейуі бізді қатты қуантады. Абай мен Шәкәрімнің 300-400 өлеңін және қара сөздерін жатқа оқу оқушының поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырып, ойлау қабілетін жетілдіреді. Сондай-ақ, өмірге деген көзқарастарын қалыптастырады. Бұл біздің мәңгілік еліміздің үміт артар болашақ жастарының үлкен жетістігі. Қымбатты жас өркен! Абай мен Шәкәрім сөздерін жаттап, сырына үңілген бүгінгі 15-ші Абай оқуларына байтақ Қазақстанның түпкір-түпкірінен келіп тұрған сендер- еліміздің алтын ұрпағы, дарынды өркенісіңдер. Ұлылардан ұлағат іздеген баланың жаны жайсаң, жақсы азамат болып өсетініне біз кәміл сенеміз. Ұлы Абайдың рухани мұрасынан сусындап жүргендерің болашақ өмірлеріңе сәуле болсын. Өздеріңе артылған үміт ақталсын дегім келеді. Өскелең ұрпаққа өнегесі мол шараның өтуіне атсалысып, еліміздің түпкір-түпкірінен келіп отырған ұстаздарға алғысымызды білдіремін. Барша үміткерлерге Абай мен Шәкәрім аталардың мұрасы бойларына дарып, олардың болашақта қазақ елінің биіктен көрінуіне атсалысуына тілектеспін,-деп сөзін аяқтады.

 

{jcomments on}Мерекелік жиынға қатысқан өрендердің барлығы да – өз облысында өткен сайыста жүзден жүйрік оза шыққандар. Биылғы байқаудың өзіндік ерекшеліктерінің бірі – оның аумағының кеңейгендігінде болып отыр. Бір ғана облыстың өзінен бірнеше команданың қатысуы — жыл өткен сайын бұл байқауға қатысушылар санының арта түскенінің дәлелі бола алады.

 

Асан Мырзаханов,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС