Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

4G ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

30.09.2014
4G ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма күні Семей қаласында ALTEL 4G техникалық орталығы ашылды. Бұл қаладағы ұялы байланыс пен интернет саласының тағы бiр қадам алға жылжығанын көрсетедi. Осы игiлiктi шараның арқасында шаһар тұрғындарына 4G технологияларына негiзделген конвергенттi желi қызметiн қолдану мүмкiндiгi берiлдi. Айтулы шараға қала әкімі Айбек Кәрімов және «АЛТЕЛ» АҚ басқарма төрағасы Мақсұт Сауранбеков қатысты.

«АЛТЕЛ» АҚ Қазақстанда LTE желісінің құрылысын жалғастыруда. Міне, Семей қаласында да LTE желісін пайдалануға енгізді, — деген «АЛТЕЛ» АҚ басқарма төрағасы Мақсұт Сауранбеков, — Семей қаласында LTE желісін пайдалануды бастаумен жоғары жылдамдықтағы мобильді 4G интернетінің қызметі Қазақстанның 7 миллионнан астам, яғни  еліміздің 41% тұрғынына  қолжетімді болды. 2014 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша ALTEL-дің LTE желісі Қазақстанның ірі 17 қаласында  ойдағыдай пайдаланылып келеді.

Шара барысында сөз алған қала әкімі Айбек Кәрімов Семей қаласына инвестиция салып отырған компания өкілдеріне өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, жаңа технология арқылы жедел әрі сапалы ақпарат алуға болатынын атап өтті.

— Семей қаласына ауқымды инвестиция салып отырғандарыңызға  қуаныштымыз. Бұл көпфункционалды қызмет түрі. Әсіресе, сіздердің технологияларыңыз арқылы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін бақылап отыра аламыз. Сондықтан қалаға келіп жұмыстарыңызды бастап, Семей қаласын ең маңызды стратегиялық аумақ санағандарыңыз үшін қуаныштымыз, — деген қала әкімі, – Семей қазіргі күні Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі аумақ саналады. Біздің есебімізше, қала тұрғындарының саны 350 мың адамнан асты. Қаланың болашақ дамуы әлі алда. Айта кетуіміз керек, қала экономикасы нақты шағын және орта бизнеске құрылған. Сондықтан біздің кәсіпкерлеріміз сіздердің технологияларыңызбен жұмыс жасауға үлкен мүмкіндік алып отыр. Бұл өңір бизнесін дамытуға жасалған жақсы жағдай, — деді Айбек Мүталапханұлы.

4G желісі Қазақстанда алғаш рет 2012 жылы Алматы және Астана қалаларында жұмысын бастады. Бір жылдан кейін желі Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Есік, Қапшағай, Қарағанды, Қаскелең, Өскемен, Шортанды, Шымкент, Талғар қалаларында, 2014 жылдың шілде айында  Тараз және Қызылорда қалаларында пайда болды. Ал осы жылдың соңына дейін 50 мыңнан аса тұрғыны бар тағы он екі қалаға қосылады. Сондай-ақ, алдағы жылдары еліміздің қалған аумақтарында ALTEL 4G/3G/2G желісінің дамуы жалғастырылады.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС