Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БІР ЖҰМЫС КҮНІ ӘР САЛАНЫ ҚАМТЫДЫ

30.09.2014
БІР ЖҰМЫС КҮНІ ӘР САЛАНЫ ҚАМТЫДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Қала әкімі Айбек Кәрімов қала маңындағы Жарқын ауылында болып, тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ, осы күні қала басшысы шаһардың бірқатар құрылыс алаңдарында болып,    атқарылып жат-қан жұмыстармен де танысып шықты.

Айбек Мүталапханұлы алдымен Семей қаласының облыстық ауруханасының инфекциялық бөлімінде болып, жуырда №19 орта мектептің асханасынан уланған оқушылардың жағдайымен танысты. Алдын ала болжам бойынша, оқушылар  мектеп асханасында жеген балық етінен ұшынуы мүмкін. Алайда балалардың нақты неден уланғаны алдағы уақытта анықталмақ. Балалар инфекциялық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Исабаеваның айтуынша, қазір емделіп жатқан 32 оқушының жағдайы қалыпты.

— Бүгінгі күні 32 бала ауруханаға жатқызылды. Барлық балалардың жағдайы орташа дәрежеде. Жансақтау бөліміне ауыр жағдайда түскен екі оқушының да жағдайы қалыпты. Олар бүгінгі күні палатаға ауыстырылды. Оқушылардың барлығы сауығып келеді. Қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті. Толық ем қабылдап болғаннан кейін бір аптаның ішінде үйлеріне жіберіледі, — дейді Э.Исабаева.

Сала мамандарының айтуынша, мектепте сол күні тамақтанған оқушылардың барлығы тексеруден өткізілген. Оқушылардың қандай тағамнан уланғандығын жүргізіліп жатқан сараптама нәтижесі көрсетеді. Оқушылардың жағдайымен танысқан Айбек Мүталапханұлы балалардың тездетіп       сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

{jcomments on}***

 

Бұдан кейін қала басшысы Жарқын ауылында болып,  мәдениет үйінде  тұрғындармен кездесті. Кездесуде ауыл әкімі Қабылқақ Шеңгелбаев ауылдың дамуы туралы баяндап, атқарылып жатқан жұмыстармен қала басшысын хабардар етті. Тұрғындардың тілегі де осы жерде тыңдалды.

Жиылған қауымның барлығы бір ауыздан осындағы көлік қатынасы, су мәселесі мен Приречный ауылдық округіне қарайтын Жарқын ауылында ауыл әкімін көрмейтіндерін айтып, мәселе көтерді.

Қала әкімі, тұрғындардың өтінішіне орай, ауыл әкіміне аптаның төртінші жұмыс күні ауылға келіп жұмыс жасауын тапсырды. Айбек Мүталапханұлы, сондай-ақ, қазір ауыл әкімдері мен ветеринарларда бұрынғыдай емес, көліктің бар екенін айтып, халықпен жұмыс жасауға болатынын, тұрғындардың өтініштері орынды екенін жеткізді.

Тұрғындар сөз еткен тағы бір мәселе – ауыз су. Ауылда ауыз су бар. Алайда жаз мезгілінде оның тапшылығы сезілетін көрінеді. Өйткені тұрғындар суды бау-бақша суаруға жұмсайтындықтан, оның қуаты азаяды екен. Тағы бір мәселе – ауылда медициналық пункттің жоқтығы. Беймезгіл уақытта  сырқаттанып қалған адамдар қалаға, немесе Приречный ауылына жете алмай, өздігінен амалдауға мәжбүр. Ал ауылдағы бір ғана мейірбике тұрғындарға толық қызмет көрсетуге үлгермейді. Сондықтан  ауылда бұрын халыққа қызмет еткен медициналық пунктті қайта жөндеуден өткізу қажет. Ауыл әкімі қазір оның құжаттарының рәсімделіп, алдағы уақытта қалыпқа келетінінен мағлұмат берді.

Суармалы жерлерге қатысты мәлімет берген қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров кезінде ауылда 1 500 гектар суармалы жер болғанын, су келетін арықтар қазір түгел жұмысқа жарамды екенін айтып, қала әкімін хабардар етті.

— Ауылдың шетінде үлкен су қоймасы болған. Су ауылға Суықбұлақтан келетін. Құнарлы жерлер қазір пайдаланылмай жатыр. Тек мал жайылымы ретінде ғана қолданылып жүр, — дейді М.Нүгеров.

Айбек Мүталапханұлы өз сөзінде ауылға көп мөлшерде су әкелу үшін үлкен су қабылдағыштың жобалық-сметалық құжаты жасалып жатқанынан, суармалы жерлерге су арнасы арқылы келу керек екенін және бүгінгі күні оның жағдайы да қарастырылу үстінде екенін атап өтті:

— Осы іске қаражат саламын деген кәсіпкерлер бар. Ол үшін пайдаланылмай жатқан жерді түгендеуден өткізуіміз керек. Жалпы, ауылдың оған мүмкіншілігі өте жақсы. Сіздердің ауылдарыңыз Приречный ауылынан ешқандай кем емес. Сол ауыл сияқты Жарқын ауылында да жарқын істер жасауға болады. Алдағы уақытта су мәселесі шешіледі. Алайда ауыз суды бақша суаруға пайдаланған дұрыс емес. Оны бір жүйеге келтіруіміз керек,- деді қала басшысы.

Әңгіме барысында Айбек Мүталапханұлы Жарқын ауылы Семей қаласының Бас жоспарына сай қала шеңберіне кіріп отырғанын, сондықтан ауылдың шағын бір аудан болатынын жеткізді.

Кездесу соңында жұртшылық мал ұрлығы мен жайылым жайлы да сөз қозғап, жергілікті шаруа қожалығымен жайылымға қатысты келіспеушілік орын алып отырғанын сөз етті. Айбек Мүталапханұлы ауыл әкіміне тараптарды шақырып, тұрғындармен кездесу ұйымдастыруды және белгіленген жерлерді бірлесе анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Қала басшысы, сондай-ақ, малды қадағалаусыз жіберуге болмайтынын, ұйымдасып жайылым жағдайын  шешуді, қараусыз малдың жоғалғанына тәртіп сақшылары жауап бермейтінін атап өтті. Кездесу соңында ауыл тұрғындары келелі кездесу ұйымдастырғаны үшін Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовке ризашылықтарын білдірді.

***

Шаһар басшысы сенбі күнгі жұмыс күнінің екінші жартысында бірқатар құрылыс алаңдарында болып, атқарылып жатқан жұмыстарға қанықты. Айбек Мүталапханұлы алдымен жеке тапсырыс бойынша Интернационал көшесінде салынып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысты. «Технология комфорта» ЖШС-нің тапсырысы бойынша мердігер «Dakar Group» ЖШС-і салып жатқан баспана алдағы уақытта еркін саудаға шығарылмақ. 30 пәтерлі үйдің жалпы аумағы 5 673 шаршы метрді құрайды. Баспананың төменгі қабатында автокөліктерге арналған паркинг болады. Ал тұрғын үй ішінде екі жедел саты болашақ тұрғындардың қатынауына септігін тигізбек.  Су, кәріз желісі, электр жарығы тартылған. Алда тек жылу жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Жалпы, ғимаратқа орталық жылу жүйесінен өзге автономды жылыту жүйесін орнату көзделіп отыр. Қала әкімі аталмыш үйде автономды жылыту жүйесі сәтті жүзеге асырылса, алдағы уақытта қалада осындай баспаналар салынатынын атап өтті.

— Қала келбетіне көрік беретін нысандар жағалауда көп болғаны дұрыс. Егер осы тәжірибе ретіндегі жоба сәтті жүзеге асырылса, осы үйдің қатарынан тағы да үйлер салынады. Сол себепті дербес жылу жүйесінің әлемдегі озық үлгілерін қарастыру керек. Бұған қоса, орталық жылу жүйесіне қосу жолдарын да ұмыт қалдырмаңыздар, — деді А.Кәрімов мердігер компания өкілдеріне.

Жалпы, баспананы келер жылдың көктемінде тапсыру көзделіп отыр. Қазір құрылыс алаңында 50 адам жұмыс жасауда.

Айбек Мүталапханұлы, сондай-ақ, жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқан Дальняя көшесі мен Мичурин көшелерінің жұмыстарымен танысты. Дальняя көшесінде қазір негізгі жұмыстар аяқталған. Енді тек жоба бойынша қарағайлы орман аумағынан келетін суды бағыттайтын арықтарды салу қажет. Құрылысшылар ол жұмыстар да уақытылы аяқталатынын атап өтті. Айта кетуіміз керек, тақтайдай тегіс көше аталмыш бағытқа қатынайтын қоғамдық көліктердің қатынасын жақсартуға да септігін тигізген. Бұған қала әкімі көшені аралап, тұрғындармен әңгімелесу барысында көз жеткізді.  Айбек Мүталапханұлы тегіс жолды ғана көріп қоймай, жылда су алатын Шымкент, Омбы көшелерінің тұрғындарын сөзге тартып, қоғамдық көлік қатынасы, арықтардың жағдайы, жалпы көше құрылысы жайлы пікірлерін сұрап білді. Зор ризашылықтарын білдірген тұрғындар жолдардың жөнделуі қоғамдық көлік қатынасының жақсаруына сеп болғанын атап өтті.

Айта кетуіміз керек, ағымдағы жылы    Семейде негізгі Морозов, Мичурин, Дальняя, Железников, Аймауытов көшелері жөндеуден өткізілді. Ал негізгі қаржы Дальняя көшесі мен Мичурин көшесіне жұмсалып, екі жылға белгіленген. Ол 1,5 млрд. теңгеден астам қаражатты құрап отыр. Қазір негізгі жұмыстар  аяқталды.

— Қазан айының соңына дейін осы жұмыстардың барлығын аяқтаймыз деп ойлаймын. Екі мердігер мекеме жұмыстарын тиісті дәрежеде атқарып жатыр. Жол құрылыс материалдарының сапасы жаман емес. Қалада күрделі жөндеуден өтпеген бір көше ғана қалды. Ол  — Би Боранбай көшесі. Қалған ағымдағы жұмыстардың барлығы кезеңімен  жасалатын болады,- деді Айбек Кәрімов.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

2 часа назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

18 часов назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

19 часов назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

19 часов назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

19 часов назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

1 день назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

1 день назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

5 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

5 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС