Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

А. КӘРІМОВ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

20.10.2014
А. КӘРІМОВ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ
FacebookWhatsappTelegram

Қала әкімі Айбек Кәрімов Цементшілер кентінің тұрғындарымен кездесті. Бұл жолғы кездесу аталмыш кент аумағындағы жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан РК-1 қазандығының мәжіліс залында өтті. Қала басшысымен кездескен тұрғындарға да жылу нысанындағы оң өзгерістерді өз көздерімен көруге мүмкіндік берілді.

Жиын басталмас бұрын қала әкімі жылу беру нысанындағы атқарылып жатқан жаңғырту жұмыстарымен танысты. Мұнда келер жылдың соңында үш заманауи жылу қазандықтары толығымен іске қосылады деп күтілуде. Биылша бір қазандық жылу өндіруге әзір көрінеді. Сағатына 35 тонна бу өндіретін бұл қазандық «Siemens» неміс бу турбинасына жалғанып, осылайша бу турбинасы арқылы қосымша электр қуаты өндірілмек.

Жиын барысында Айбек Мүталапханұлы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жылу мәселесіне тоқталды.

— Барлық әлеуметтік мәселелерді шешу үшін, әсіресе, қаланы абаттандыру, жолдарды жөндеу мен көшелердегі жарықты тартуға қаражат қажет. Ал ол үшін қаланың экономикасын көтеру міндеті тұр. Бұл жағдайда экономиканы дамыту үшін инфрақұрылымға қатысты мәселелерді оңтайлы шешу керек, — деген қала басшысы, — тұрғындардың кейбірі жылудың қарызын өтеуге әлі де асығар емес. Соның салдарынан «Жылукоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында қиындықтар туындауда. Мәселен, жұмысшыларға төленетін жалақы да кешіктірілуде. Отын тасымалдаушы мекемелерге берешектер бар.  Алайда мәселе бұлай жалғаса бермеуі тиіс. Сондықтан, барлығы тұрғындарға байланысты, — дей келе, барша ПИК жетекшілерін «Жылукоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын қолдауға шақырды.

Сонымен қатар, шаһар басшысы қаланың Бас жоспарына сәйкес, инфрақұрылымды жетілдіру, өндіріс пен жеңіл өнеркәсіпті өркендету, туризм кластерін дамыту жайлы, ұлт-аралық татулық туралы сөз етті.

— Қоғамдық келісім – тұрақты дамуымыздың кепілі. Әрине, Семейдегі барлық ұлттар мен ұлыстар бір тудың астында тату-тәтті өмір сүруде. Бұл жағынан алғанда, қаламызда ұлт достығы, ынтымақтың орнауы — заңдылық. Ұлттық салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттайтын қалалық    Достық үйіндегі ұлттық орталықтардың жұмысы да бұл мәселелердің алдын алуға негіз болса керек, — деген қала әкімі, — Елдің ертеңі – бүгінгі жастар болса, қаламызда жастар орталығы белсенді жұмыс жасауда. Қай салада болмасын, жастармен тығыз қарым-қатынас орнатуымыз қажет, — дей келе, қаладағы жастардың біраз бөлігі қала әкімінің аппаратында, өзге де мемлекеттік қызмет салаларында, басшылық қызметтерде еңбек етіп жүргенін, сонымен қатар  бірқатар жас отбасылар мен балалар үйінің түлектері баспанамен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Семейде демографиялық өсімнің бар екенін, қалалықтар санының жыл санап артып келе жатқанын айтқан қала басшысы алдағы уақытта шаһарда жаңадан мектептер мен балабақшалардың салынатынын да тілге тиек етті. Сондай-ақ, Айбек Мүталапхан-ұлы қаладағы қылмыстың азайып келе жатқанын, тұрғындардың мәдениетінің де жоғары деңгейге көтерілген атап өтті. Қала әкімі кездесу кезінде Цементшілер кентіндегі Би Боранбай көшесінің мәселесіне де тоқталды.

 

{jcomments on}- Бұл көшенің жөнделуіне арнал-ған бір жобаны кері қайтаруыма тура келді. Өйткені, Би Боранбай көшесі арқылы өндіріс орындарына жүк көліктері күнделікті жүріп тұрады. Сондықтан, бұл көшені кеңейтуіміз қажет. Жолдары да сапалы болуы керек. Сәтін салса, келер жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, — деді Айбек Мүталапханұлы.

 

Қала әкімінің баяндамасынан кейін тұрғындарды толғандырған сауалдарға кезек берілді. Тұрғындар тарапынан жылуға, берешекке қатысты мәселе қозғалды. Өз кезегінде сөз алған Ирина есімді Цементшілер кентінің тұрғыны жылуға қатысты  сауалын жолдады.

— 14 ықшамауданындағы қатарынан тұрған Қостанай көшесі, 1 «Б», Қашаубаев көшесі, 2 және Қашаубаев көшесі, 2 «А» үйлерінде жылу мәселесі жөнге қойылмай тұр. Жылу алдымен Қостанай көшесі, 1 «Б» үйіне, соңғы болып Қашаубаев көшесі, 2 «А» үйіне жетеді де, ол жақтан кері қайтпайды. Соның салдарынан қыста үй суып кетеді. Мен бұл туралы «Жылукоммунэнерго» МКК жетекшілеріне талай мәрте айтқан едім. Алайда, еш шара қолданылмай жатыр. Бұл үйлердің тұрғындары қыс кезінде кедергілерге тап келеді, — дейді.

Ол жерде өзінің де бірнеше рет болғанын, онда тек екі құбырдың ғана жұмыс істеп тұрғанынан хабардар екенін, ыстық су желісінің жоқтығын айтқан қала басшысы «Жылукоммунэнерго» МКК-нің ұжымына бұл мәселені шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, 2015 жыл – шаһар үшін жылу жүйелерін жаң-ғырту жылы болатынын тілге тиек  еткен қала әкімі сұрақтарға жауап беру барысында ыстық су жылу маусымынан, яғни 15 қазаннан бұрын берілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, бас қосуда терможаң-ғырту, қоғамдық көліктің қызметі, абаттандыруға қатысты сауалдар жолданды. Қалалықтардың көкейіндегі түйткілдерді тыңдаған қала басшысы мәселелерді назардан тыс қалдырмай, шешу жолдарын қарастыратынын айтты.

Цементшілер кентінің тұрғындарымен кездесуден кейін қала әкімі     Айбек Кәрімов «Семей машина құрас- тыру» зауытында болып, ондағы қосымша өндірісті кешенді көріп шықты. 2003 жылдан бері қаңырап бос қалған ғимарат енді іске қосылмақ. Зауыт басшысы Нұрлан Омаровтың айтуынша, тұралап қалған өндіріс аумағында алдағы уақытта «МАЗ» көліктері құрастырылатын болады. Бұл жоба Беларусь елімен жасалған келісім аясында жүзеге асатын көрінеді. Жуырда 7,2 гектар аумақты алып жатқан өндірісті кешенде қалыпқа келтіру және жаңғырту жұмыстары басталмақ. Бұған 1 млрд. 400 млн. теңге қаржы құйылады екен. Қосымша кешен де жылына 400 бірлік «МАЗ» көлігін және мыңға жуық тіркемені жасап шығару жоспарлануда. Аталмыш жоба ойдағыдай іске асса, онда 350 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

25.05.2026
Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

В этом году первый день Курбан айта приходится на 27 мая. В связи с этим в регионе утверждён ряд требований,...

Читать далее ...

Новости

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

12 часов назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

12 часов назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

12 часов назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

13 часов назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

21 час назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

21 час назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

5 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

5 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

5 дней назад

В Семее стартовал областной семинар по этномедиации

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС