Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ

20.10.2014
КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ
FacebookWhatsappTelegram

Қала әкімі Айбек Кәрімов оң жағалау тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында шаһарымыздың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуы және инфрақұрылымының жетілдірілуі жөнінде сөз болды. Кездесу кезінде тұрғындар қала басшысына өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Кездесуден бұрын қала басшысы Затон ауданында орналасқан РК-3 жылу қазандығында болып, оның жұмысымен және жылу маусымына дайындық барысымен танысты. Екінші жылу учаскесінің басшысы Николай Ушаков қала әкіміне қажетті шаруалардың тоқсан пайызға жуығы атқарылғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, жөндеу жұмыстары аяқталып, тек қана арнайы кабельді ауыстыру қалған көрінеді. Жылу маусымына дайындық деңгейімен танысқаннан кейін, қала әкімі болашақта бұл жерде тиімді жұмыс істейтін замануи шетелдік құрылғыларды орнату қажеттігін тілге тиек етті.  Айбек Мүталапханұлы қазандықтың жұмысын     жетілдіру өз кезегінде қалада ашылатын кәсіпорындардың да жұмысына пайдасы тиетініне тоқталды.

— Болашақта бұл ауданда жүн өңдеу фабрикасы орналастырылады. Аталмыш кәсіпорын өзіне қажетті ыстық суды басқа емес дәл осы қазандықтан алатын болады. Сол себепті қазандықтың инфрақұрылымын ары қарай дамыту қажет, — деді қала әкімі.

Затон ауданы тұрғындарымен болған кездесуде Айбек Мүталапханұлы тұрғындарға қаланың дамуы жайлы ақпарат берді. Оның ішінде, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда даму мен инфрақұрылымды жетілдіруге кеңінен тоқталды. Қала басшысының мәліметіне қанық болған жұртшылық өз кезегінде көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Солардың арасында көшелердің тазалығы мен жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасы туралы сұрақтар болды. Бұл орайда қала басшысы былайша жауап берді:

 

{jcomments on}- Жалпы, бізде қазір сапалы жол төсемін жасайтын барлық жағдай бар. Қажетті шикізат та өзімізден табылады. Тек оны жасаудың технологиясын меңгеруіміз керек. Сонда ғана біз ұзақ уақыт пайдалануға жарарлық жол төсемін жасайтын боламыз. Осыған байланысты, біз біраз уақыттан бері бұл салада мол тәжірибесі бар мәскеулік маманмен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Осы жұмыстың нәтижесі белгілі болғаннан кейін нақты шаруаларды жүзеге асырамыз.

 

Сондай-ақ жиында жаңадан салынған жедел медициналық жәрдем  ауруханасын жылумен қамтамасыз етілуі жайлы сауал қойылды. Қазіргі таңда денсаулық мекемесі электр құрылғыларымен жылытылып отыр-ған көрінеді. Айбек Мүталапханұлы бұл мәселенің шешілуін назарда ұстап отырғанын тілге тиек етті.

— Жаңа жедел медициналық жәрдем ауруханасын жылумен қамтамасыз ету мәселесін шешудің оңтайлы жолы бар. Таяу арада сол маңайдағы №18 мектептің жылу қазандығынан медициналық мекемеге дейін арнайы құбыр тартылады. Мектеп қазандығы қажетті жылуды артығымен өндіруге қуаты жетеді. Сондай-ақ болашақта аурухана жанынан медициналық қызметкерлерге арнап қалашық салу жоспарда бар. Себебі, ауруханада жұмыс істейтін медбикелермен дәрігерлердің жұмысына жағдай жасау қажет деп есептеймін. Олар тұратын қалашықтағы үйлерге берілетін жылу мәселесін де жоғарыда айтылған жолмен шешуге әбден болады, — деді қала басшысы. Сонымен қатар, Айбек Кәрімов қалада жауын-шашын суын ағызатын арнайы құбыр жүйесінің жоқтығын да сөз етті. Яғни  қатты нөсер жауған кездерде көшелерде судың жиналып қалуы соның салдарынан орын алатын көрінеді. Қала басшысы бұл да тұрғындарды мазалайтын, тез арада шешімін табуға тиіс мәселе екенін және оны шешудің жолдары қарастырылып жатқанынан мағлұмат берді.

Жиын соңында тұрғындар қаламыздың дамуы жайлы, жергілікті билік тарапынан өзекті мәселелерді шешу жолында атқарып жатқан шаруалары туралы жан-жақты ақпаратқа қанығып, өздерін мазалаған сұрақтарға толыққанды жауап бергені үшін қала басшысына ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта жоспарланған жұмыстарының жемісті болуына тілектес екендіктерін жеткізіп тарқасты.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

2 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

4 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

6 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС