Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕГІ

20.10.2014
FacebookWhatsappTelegram

Сейсенбі күні қала басшысы Айбек Кәрімовтің жетекшілік етуімен қалалық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Жиынға қала басшысының орынбасары Зәуреш Исабаева және бөлім басшылары мен өзге де мекемелердің басшылары, қала маңындағы ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Жиын барысында күн тәртібіндегі бірнеше мәселе қаралды. Алдымен Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров көліктік-логистикалық жүйенің жағдайы мен даму болашағы туралы баяндама жасады.

— Көліктік-логистикалық жүйенің құрылу мақсаты – облыс экономикасындағы көліктік шығынды төмендету және тиімді тауар қозғалысын қамтамасыз ететін қазіргі замандық көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, Семей қаласы арқылы транзиттік тасымалдаудың дамуын ынталандыру, өңірдің көліктік жүйесін ҚР – ның көліктік-логистикалық жүйесімен біріктіру болып табылады, — деген М.Нүгеров, — халықаралық әуежайдың болуы, қала арқылы «Солтүстік» (Омбы – Павлодар – Семей – Жарма – Майқапшағай – және Омбы – Павлодар – Семей – Жарма – Аякөз – Таскескен – Үшарал – Сарыөзек) халықаралық автокөлік жолдарының құрамына кіретін бірнеше автомобиль маршруттарының өтуі жоба болашағының зор болуына себеп болып отыр, — деп атап өтті.

Сонымен қатар, Марат Нүгеров Семей қаласы арқылы Қытай – Қазақстан – Ресей бағыттарында үлкен транзиттік әлеуетке ие кеме арқылы тасымал Ертіс өзенінен өтетінін, сондай-ақ, Семей қаласының көліктік-логистикалық жүйесі тұрғындар саны 5 миллионнан астам адамнан тұратын, радиусы 750 шақырым Ресей және Қазақстан қалаларының ірі кәсіпорындары шоғырланатынын айтты.

— Көліктік-логистикалық орталық құрылысы қаланың шыға берісіндегі «Сары» базарының ауданындағы Алматы тас жолы бойында және Семей халықаралық әуежайы аумағында жоспарланып отыр, — деген кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, — 40 гектарды құрайтын жер теліміне құқық орнатушы құжаттар және қажетті техникалық талаптар алынды. Қазіргі уақытта көліктік-логистикалық орталығы құрылысының бас жоспары мен сызбалық жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, — деді өз сөзінде.

 

{jcomments on}Кәсіпкерлік бөлімі басшысынан кейін аталмыш мәселе бойынша сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қалдыбек Қоқиланов сөз алды.

 

— Теміржол, автомобиль, су және әуе қатынастарының күре жолдарының қиылысында орналасқан Семей қаласы – ежелден бері бүгінгі күнге дейін халықаралық сауданың маңызды бөлігі болып келеді, — дей келе, — заманауи көлік және логистикалық инфрақұрылым облыс және қала экономикасында тиімді тауар айналымын және көлік шығындарын төмендетуді қамтамасыз ететін, ШҚО арқылы транзиттік тасымалдауды дамытуға себепші болатын, облыстың көлік жүйесін Қазақстан Республикасының көліктік-логистикалық жүйесіне интеграциялау көршілес шекаралас республикалармен, бірінші кезекте, Қытай мен Ресей тауар айналымын дамытуға мүмкіндік береді, — деді Қалдыбек Қоқиланов.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов көліктік-логистикалық орталығын қала әуежайымен ұштастыру мақсатында 40 гектар жердің бөлінгенін тілге тиек етіп, жақында жер телімдерінің аукционға шығарылатынынан хабардар етті.

Жиында көліктік-логистикалық жүйенің жағдайы мен даму болашағы туралы мәселе талқыланып, қала әкімі бұл мәселе бойынша толықтай ақпаратқа қанық болған соң, «Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» ҚР Президентінің 2013 жылдың 13 қаңтарындағы № 725 Жарлығына сәйкес, жиынға қатысушылар бір ауыздан қолдау білдіріп, қала әкімдігі Қаулы қабылдады.

Сонымен қатар, жиын барысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанат Нүкішев ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Жанат Нүкішевтің сөзіне сүйенсек, 2011 жылдан бастап аталмыш бағдарлама бойынша мемлекет бюджетінен арнайы қаржы бөлініп, 26 мыңнан аса адам тартылып, соның 16 мыңнан астамы тұрықты жұмысқа орналасқан. Мәселен, әлеуметтік жұмыс орындарына 3200-ге жуық, кәсіптік оқытуға 4300-ден астам, жастар тәжірибесі бойынша 3 мыңнан астам, ал қоғамдық жұмыстарға 4500-ден астам адам жолданған.

— Халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалуға аса мұқтаж болып табылатын тобы – бұл жасына және біліктілігін жоғалтуына байланысты, яғни, 50 жастан асқан тұлғалар. Талдау жасалып отырған кезеңде осы санаттағы 2200-ге жуық адам өтініш жасап, соның 1963-і жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне қатысты. Ал оның 45,4 пайызы тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Сол сияқты түзеу мекемелерінде жазасын өтеп шыққандардың қатарынан 115 адам өтініш жасаса, соның 46 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды, — деген Ж.Нүкішев, — аз қамтылған азаматтардың жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне қатысуын ынталандыру мақсатында ағымдағы жылы 3 облыста, атап айтсақ, Ақмола облысы, ШҚО және Жамбыл облысында «Өрлеу» пилоттық жобасын іске асыру басталды. Аталмыш жобаға жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне қатысуға ниетті, отбасының әр мүшесіне шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайыздан төмен азаматтардың қатысуға мүмкіндігі бар болса, Семей қаласынан 162 аз қамтылған азамат қатысты, — деп атап өтті.

Айбек Мүталапханұлы баяндамашыдан статистикалық мәліметтерге сәйкес, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыспен қамтамасыз етілу мәселесі бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тарапынан түсетін өтініштердің неліктен жыл сайын азайып келе жатқанын сұраған болатын. Қала басшысының сауалына Жанат Нығметұлы қаладағы аз қамтылған отбасылардың жағдайы жыл сайын жақсарып келе жатқандығынан мағлұмат берді.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ, «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

2 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

4 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

6 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС