Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СҮЙІКТІ «СЕМЕЙ ТАҢЫМ»!

20.10.2014
СҮЙІКТІ «СЕМЕЙ ТАҢЫМ»!
FacebookWhatsappTelegram

Менің ғана емес, көптің көзайымына айналған «Семей таңы» газетінің жарыққа шығуына 95 жыл! Тоқсан бес жыл! Адамды қанағаттандырып, жүрегіне қуаныш сезімін ұялататын айтулы той!

Дүрбелең шақта, қарбалас уақытта – 1919 жылдың 4 желтоқсанында — алғашқы саны «Қазақ тілі» болып оқырман қолына тиген басылым басынан талай өзгерістерді өткізді. Қилы саяси-әлеуметтік серпілістер мен заман ағымына сәйкес «Жаңа ауыл», «Қызыл дала», «Социалды шығыс», «Екпінді», «Ертіс», «Семей правдасы» аталғанымен, көптің зердесіне «Семей таңы» күйінде ұялады. «Семей таңы» өткен жол – өңір келбеті, өлке тарихы. Мазмұнды, маңызды, қастерлі жол.

Ойлап отырсам, мен «Семей таңының» 1950 жылдан бері оқырманы екенмін. Қазіргідегідей газет-журналдарды байланыс қызметкерлері жеткізіп беретін уақыт емес. Ауылдан біршама қашық жерде мектеп ғимараты орналасқан, оның жанында пошта кеңсесінің шағын үйі. Аптасына бір рет сол жерден әкем жиналып қалған газеттерді алып үйге оралады. Әлі мектеп табалдырығын аттамаған кезім.

«Ал «Екпінді» не жазыпты, оқышы», — дейді. Ежелеп  оқи бастаймын. Көп нәрселерді түсінбеймін. Артынан ойласам, әкем менің сауатымды ашып, оқуға төселдіруді  өзінше шешіпті. Соның арқасында үйде  отырып-ақ хат танып, алты жасқа  толар — толмастан  мектеп есігін ашыппын. Күні бүгінге дейін сүйікті  «Семей таңын» үзбей оқитындығымды  мақтан тұтамын, мәртебе  санаймын.

Тағы бір жайды еске алу артық емес. 1972 – 1975 жылдар аралығында Каз ГУ-дің (қазір әл – Фараби атындағы Ұлттық университет) аспирантурасында оқыдым. Бас ғимаратымыз К. Бәйсейітова және Бөгенбай батыр  көшелерінің қиылысында  орналасқан (қазір өнер университеті) Үкімет үйінің ескі  үйі, одан әрі  байланыс министрлігі таяқ тастам жерде. Сондықтан да болар К. Бәйсейітова  көшесінде ұзыннан ұзақ орталықтан шығатын, одақтас республикалар басылымдары, Қазақстанның барлық облыстарының қазақ және орыс  тілдеріндегі газеттері  ілулі тұратын. Ең бірінші «Семей таңын» оқуға, ел жаңалықтарын білуге асығатынмын. Бірен-саран жерлестер де ұшырасып жататын. Мәре – сәре күйге  түсетінбіз. Аса бір сүйкімді кез екен ғой!..

«Семей таңы» өз тарихында  бірнеше буын баспасөз қызметкерлерін  тәрбиеледі, қаламдары тайпалған парасатты ойдың, өткір, шыншыл  сынның көрігін қыздырды. Дүйім жұрттың ақылшысы міндетін мойнына алды. Сондай-ақ,  «Семей таңы» әр саланың мамандарына  жол нұсқаған  штаттан тыс тілшілердің ұстаханасына, ыстық ұясына айналды.

 

{jcomments on}Алда — ұланасыр той. «Семей таңының»  бір ғасырлық думанды мерекесі. Тойшыл қауым ескеретін мәнді мәселе  бар. Ол газет тарихына байланысты. Естеліктерді  зер сала оқығанда, «Сарыарқа» басылған  баспаханада «Қазақ тілі» жалғасын  тапқандығы  жазылып жүрген шындық. Қызыл империяның әмірі үстем болған  шақта «Сарыарқа» — алашорданың  тілі, байшылдық-ұлтшылдық бағыттағы  үнжария деп, сыңаржақ бағаланып, екі газеттің арасына жасанды шекара қойылды. Алаш ардақтыларының ізі қалған қасиетті  Семей жерінде дүниеге келген екі  баспасөз тілін бір-біріне қарсы қою қиянат. Алаш көсемдерінің басын біріктірген, ұлттың санасын оятқан, рухын  өрлеткен, 1917 жылдың 12 маусымында Семей  қаласында дүниеге келген «Сарыарқаны» жаңа  кеңестік заманда жалғастырған — «Қазақ тілі». Ендеше, Семейдегі қазақ газетінің, нақты айтқанда, «Сарыарқа» мен «Қазақ тілінің» (бүгінгі «Семей таңы») туған күні 1917 жылдың 12 маусымы  екендігіне қол қойсақ, шындыққа жақындай түсеміз.

 

Мерейлі мереке үстіндегі  ақжарма тілек: айтары мол, тағлымы зор, әр жанұяның тағатсыздана күтер ақылшысы бол, сүйікті «Семей таңы»!

Той тойға ұлассын, оқырман қауым!

Арап ЕСПЕНБЕТОВ,

профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

 

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

2 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

4 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

6 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС