Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАЯУ МҰСАНЫҢ ЖАРЫҚҚА ШЫҚПАҒАН ФОТОСУРЕТІ ТАБЫЛДЫ

20.10.2014
ЖАЯУ МҰСАНЫҢ ЖАРЫҚҚА ШЫҚПАҒАН ФОТОСУРЕТІ ТАБЫЛДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы тағы бір құнды жәдігермен толықты. Бұл ретте музей ғана емес, күллі қазақ халқы құнды олжаға кенелді десек болады. Нақтырақ айтсақ, аталмыш мұражайдың басшылығы Ресейдің Мәскеу қаласында Шәкәрім Құдайбердіұлына қатыс- ты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында Жаяу Мұса Байжанұлының еш жерде жарияланбаған тың суретін тапқан. Сурет өткен аптада Абайдың қорық-мұражайында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында таныстырылды.

Жаяу Мұса Байжанұлы 1835-1929 жылдары өмір сүрген қазақ халқының әйгілі әнші-сазгері, ақыны. Ол Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы ал-қабында дүниеге келген.  Жастайынан сауат ашып, білім ал-ған Мұса Байжанұлы ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті, сол өңірдің бай-болысы Шорман әулетінің іс-әрекетін әшкерелеген. «Ақ сиса» сияқты әлеуметтік теңсіздікті көрсеткен әндері де ел ішіне кеңінен тараған.

Сурет жайына келер болсақ, музей директоры Жандос Әубәкірдің айтуынша, фотосурет Мәскеудегі Ресей Ғылым академиясының Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және Антропология институтының архивінде сақталған, этнограф Ф.А.Фиельструптың жеке архивінен 1927 жылы Қазақстан жеріне ұйымдастырылған экспедиция жазбаларын қарау барысында Жаяу Мұсаның суреті табылған.

— Суретті түсірген — ресейлік этнограф Федор Фиельструп. Этнографтың 10 папка жеке архивімен, түсірген суреттері және жазбаларымен танысу барысында қазақ халқына қатысты жиыны 150-ге жуық суреттің ішінен Мұса Байжанұлының суретін таныдық. Бұл сурет, біздің білуімізше, еш жерде жарияланбаған. «Ешкім көрмеген, еш жерде жарияланбаған суреттер» деп айту себебіміз — археология-лық институт мамандары архив құжаттарын бізге көрсету барысында суреттерді сол сәтте нөмірлеп отырды. Соған қарағанда, елімізден арнайы осы бағытта барған біз болуымыз керек,- дейді Жандос Мағазбекұлы.

{jcomments on}Әрине, суретке қарап, онда кімнің бейнеленгенін айту оңай, нақты дәйекпен дәлелдеу — өзге дүние. Мұражай басшылығы оның Жаяу Мұсаның  суреті екендігіне нақты көз жеткізген.

 

— Ф.Фиельструп 1927 жылы Баянауылдан бастап Шыңғыстауға дейінгі қазақ өлкесін аралап, тұрмыс-салтымен, дәстүрімен, өнерімен, өмір сүру ерекшеліктерімен танысқан. Баянауылда Шорман әулетіне қонақ болған. Оның отбасын, Баянауыл өлкесін суретке түсірген. Сонымен қатар, Жаяу Мұсаға да арнайы барып жолыққан. Күнделігінде Федор Артуровичтің өзі «1927 жылдың 9 шілдесі, сенбі. Семіз Бұғы тауын айналып өттік. Ащысу өзенінің бойындағы ауылға тоқтадық. Бұрынғы әнші, 93 жасар қариямен кездесуге келдік» деп көрсеткен,- деген Ж.Әубәкір, күнделіктегі естелікпен қатар, екінші дәйек – суреттің артқы бетінде жазудың да бар екендігін айтты.

Этнограф сапары барысында көзімен көріп, көңіліне түйген қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне, салт-дәстүрлеріне, тұрмыстық заттарына қатысты суреттер түсірген. 150-ге тарта суретін Аңшылық, Киіз үй, Костюм, Қазақтар, Шормановтар әулеті сынды тақырыптармен бөліп қойған.  Мұса Байжанұлының суреті «Костюм» деп аталған 6 суреттің арасынан табылған. Суреттің теріс бетінде орыс тілінен аударғанда «Жаяу Мұса. 93 жас. Семей губерниясы, Павлодар уезі, Баянауыл. Ащысу. Қазақтар – Арғын Айдабол. 1927 жыл. Фиельструп» делінген.

Музей басшылығының айтуынша, түпнұсқадан көшірілген Жаяу Мұса Байжанұлының суреті мұражай қонақтарының назарына ұсынылады. Жаяу Мұсаның бұл суреті қазақ өнері мен тарихын зерттеушілер үшін, жалпы, өнерсүйер қауым үшін, құнды олжа екендігін тілге тиек еткен Жандос Мағазбек-ұлы әр түрлі бағытта зерттеу жұмыстарының әлі де жалғасатындығын айтты.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

2 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

4 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

6 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС