Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰСТАЗ БОЛУ- ЖҮРЕКТІҢ БАТЫРЛЫҒЫ

20.10.2014
FacebookWhatsappTelegram

Елімізде  қазан айының алғашқы жексенбісі күні ұстаздар мерекесі атап өтіледі. Ұрпақ сабақтастығы жолында ерінбей  еңбек еткен қауым үшін ескерілетін мереке Семей қаласында  биыл да жалғасын тауып, қаламыздағы балалар мен жастардың шығармашылық сарайында білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Атаулы мерекеге қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева, қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова, білім қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы, ардагер ұстаздар, білім мекемелерінің басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, халық-аралық, республикалық және облыстық сайыс-тардың жеңімпаздары қатысты.

Салтанатты жиында алғашқы сөз кезегін алған Зәуреш Рамазанқызы ұлағатты жандарды қала әкімі Айбек Кәрімовтің атынан төл мерекелерімен құттықтады.

— Ұстаз болу — жүректің батырлығы. Халыққа қара танытып, жас ұрпақтың бойына білім дарытатын ұстаз мамандығы ардақты әрі қадірлі. Сіздердің еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды, істеріңіз игілікке толы. Тәуелсіз елдің ұрпақтарын оқу-білімге үйреткен өздеріңіздей ұстаздармен біз қашанда мақтанамыз. Ұлтымыздың ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынов: «Ұлттың ұлағаты мәдениетте. Мәдениеттің ұлағаты оқу мен әдебиетте», — деген болатын. Бұл халқымыздың, Алаш арыстарының арманы болатын. Сол арманға қол жеткізіп отырған тәуелсіз қазақ елі дамудың даңғыл жолына түскен. Елбасымыз, бәсекеге қабілетті елдер қатарына ену үшін, сауаттылығы жоғары елге айналуы қажеттілігіне ерекше назар аударуда, — деп атап өтті  Зәуреш Рамазанқызы.

 

{jcomments on}Сауатты, білімді ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың рөлі ерекше екенін атап өткен қала әкімінің орынбасары 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасы аясында бүгінгі күні қаламызда білім берудің жаңа бағыттары айқындалып, тың бастамалардың іске асып, мектепке дейінгі, негізгі және кәсіптік — техникалық білім беру стандарттарына сәйкес жыл сайын материалдық — техникалық базаның жаңартылып, толықтырылып отыратыны жайлы да  жиналғандарға мағлұмат беріп өтті. Сонымен  қатар, қала оқушыларының халықаралық, республикалық, облыстық додаларда Семейдің атын асқақтатып, жүлделі орындармен оралатындықтарына тоқталып, бұл оқушылардың армандарына қанат бітірген ұстаздар қауымының тынымсыз еңбегінің нәтижесі екендігін  айтты.

 

1-2 қазан күні Беларусь астанасы Минскіде барлық ТМД елдерінің ұстаздарының ІІІ съезі болған. Съезге біздің елімізден қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова қатысып қайтқан. Ұлағатты жандардың салтанатты басқосуында Гүлжан Қайырханқызы «Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын болары сөзсіз. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде ұстаздардың алатын орыны үлкен» деген орамды ойын ортаға салып,  мұғалімдер съезінде көтерілген мәселелер, білім саласын әрмен қарай дамыту жайына тоқталды.

Салтанатты жиын барысында қызметте үздік нәтижеге қол жеткізген  қаланың 100 ұстазы «Бас- қарудағы шеберлігі», «Мақсатшыл және еңбексүйгіштік», «Педагогикалық бастамашылдық», «Шығармашылық ізденіс», «Кәсібіне адалдық», «Өз ісінің шебері», «Еңбексүйгіштігі мен мақсаткерлігі үшін» аталымдары бойынша  марапатталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Шараға қатысқан білім саласының ардагерлері жүрекжарды лебіздерін білдірді.  Ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын балалардың шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концертке ұласты.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

2 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

4 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

6 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС