Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫ ЖАЗ ОЙЛАСТЫРЫЛҒАН

20.10.2014
ҚЫСТЫҢ ҚАМЫ ЖАЗ ОЙЛАСТЫРЫЛҒАН
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласы әкімінің орынбасары Асхат Хосчанов шаһардың қысқы жылу беру маусымына толықтай дайын екенін БАҚ өкілдерімен өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлім етті. Асхат Төлеуғазыұлының айтуынша, Семей қаласында бүгінгі күні барлық жылыту нысандары жұмыс істеп тұр.

— Барлық қазандықтар жылу беруге дайын. Жылу жүйесінің жағдайына алаңдаушылық білдірген кездеріміз болды. Олар жүктелген ауыртпалықты көтере алмай қалады деп ойладық. Бірақ жаз бойы осал тұстарды тауып, жөнге келтірдік. Қазір қысқы жылу беру маусымына дайынбыз деп толық айтуға негіз бар. 7 қазаннан бастап барлық жылыту нысандарын іске қосып, әлеуметтік нысандардан бастап жылу беріле бастады. Көмір қоры да жеткілікті, — деді Асхат Хосчанов.

Асхат Хосчанов БАҚ өкілдеріне Семейге Үкімет қазынасынан 638 млн. теңге бөлінетіндігін айтты. Оған 140 мың тонна көмір сатып алынады.

— Көмір қоры бойынша мәселе шешімін тауып отыр. Бүгінгі күні 37 мың тонна көмір ЖЭО-1-ге және РК-3 нысандарында сақтаулы. Сондай-ақ, Үкіметтен қажетті көмір қорына қаражат бөлу жөнінде әкімдік тарапынан сұраныс бол-ған. Қазір бұл мәселе шешімін тапты деп айтуға болады. Нәтижесінде Семей қаласы Үкімет есебінен 638 млн. теңге қаражат алады. Бұл мөлшері 140 мың тонна көмір алуға жетеді. Жылу маусымына қажетті көмір болса 380 мың тоннаны құрайды, — дейді қала әкімінің орынбасары. Оның айтуынша, кәсіпорын жылыту маусымын шығынмен өткереді. Дегенмен оған мемлекет тарапынан жыл сайын көмек көрсетіліп келеді.

Жиында жылу энергиясын тұтынғаны үшін тұрғындар мен заңды тұлғалардың  «Теплокоммунэнерго» МКК-на қарыздары да сөз болды. Жаз мезгілінде қарызды азайтуға мүмкін болғанымен, әлі де 260 млн. теңге төленбеген берешек бар.

— Қазір «Шығысэнерготрейд» мекемесі алдында үлкен қарыз бар. Оның көлемі 600 млн. теңгені құрап отыр. Олармен бүгінгі күні арнайы кесте белгіленіп, сол кестені сақтап отырмыз. Өздеріңіз жақсы білесіздер, тұрғындар тарапынан өздерінің қарыздарын жабуда қиындықтар бар. Бұл бағытта қалалық әкімдік пен кәсіпорын тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Жылуға төлем жасамаған тұтынушылар жылу көзінен ажыратылуда. Олар қарыздарын толықтай өтемейінше, жылуға қосылмайды, — деді А.Хосчанов.

 

{jcomments on}Қала басшысы орынбасарының айтуынша, бүгінгі күні жылуға берешегі бар тұтынушылардың тізімі жасалған. Семейде өткен жылдарда салынған барлық жаңа үйлерді қосқанда 1044 баспана болса, бүгінде солардың 177-сі аталмыш тізімге кіріп отыр. Қалай дегенмен, олармен жұмыстар атқарылып, төлемдер, біртіндеп болса да, түсуде. Алайда  олардың ішінде 13 үй мүлде берешектерін жаба алмай отыр. Олардың қарызы 25 млн. теңге шамасында.

 

Басқосуда біраз қиындықтарды өткерген Ғаббасов көшесіндегі қазандық жұмысы да сөз болды. Алайда биыл облыстық бюджет есебінен арнайы қаражат бөлініп, ондағы мәселе уақытында шешімін тапқан.

— Аталмыш ауданда тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесінде бес заңды тұлғаны жылудан ажыраттық. Өткен жылғы жылыту маусымында жылуды заңсыз алып отырғандарды анықтадық. Сөйтіп, жылуды талапқа сай пайдаланбаған коттедждер мен заңды тұлғалар, тұрғын үйлер орталық жылу жүйесінен ажыратылды, — деді А.Хосчанов.

Сондай-ақ, Асхат Төлеуғазыұлы жылу желілерінің тозығы жеткенін, бүгінгі күні олардың пайдаланылған мерзімі 40-50 жылды құрайтынын атап өтті. Оның айтуынша, осы мақсатта Семейде тиісті жұмыстар атқарылуда. Мәселен, қалалық әкімдік сол жағалаудың жылу желілерін жаңартуды көздеген 3,1 млрд. теңгенің жобалық — сметалық құжат- тарын жасаған. Ол келер жылы республикалық бюджет есебінен қыржыландырылмақ.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

2 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

4 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

6 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС