Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨМІРІМНІҢ АЙНАСЫ

20.10.2014
FacebookWhatsappTelegram

«Семей таңы» газеті  менен  небәрі 12  жас  үлкен. Мен 1926 жылы, алғашқы соғым сойылып жатқан мезгілінде туыппын.  Есептеп  көрсем 48-ші жылдан бері осы газетті оқып келе жатқан оқырман екенмін. Газет мен оқыған әр санында ұлттық мүддені жоғары қояды. М. Дулатовтың бүкіл халқына жаны ашып, санасына саңылау түсіруге жанталас—қанда, жүрегін жарып шыққан жанайқайы — «Оян, қазақ» деген ойы газеттегі жарық көрген әр мақаладан байқалып тұрады. Өмірімнің айнасы—  «Семей таңы» осы күнге дейінгі менің өміріме серік болып келеді.

Мен бүгінгі «Семей таңы»  газетін  «Екпінді» аталып тұрған кезден бастап оқып келемін. Ол кездегі газеттің редакторы Беген Байсақалов деген журналист болды. Байсақаловтан кейін Қарқабат Байкенов редактор болды. Ол кезде менің  ел басқарып, Абай ауданының Жданов атындағы 30 мыңыншы колхоздың төрағасы болып тұрған кезім. Коммунистік партияның ресми органы болған газеттің оқырмандарын көбейту — сол кездегі басшылықтың міндеттерінің бірі болғанын менің замандастарым ұмыта қоймаған шығар деп ойлаймын. Кейіннен  Архат совхозының директоры қызметіне ауысқанда, Қарқабат Байкенов зейнет демалысына кетіп, өзіміздің Абай  ауданы Жданов колхозының тумасы,  Социалистік Еңбек ері Байсемізов Мұсаның ұлы Ырысхан Мусин редактор болды. Ырысхан Мусин совет заманында социалистік      дәуірде қайнаған өмірдің тарихи сәттерін  басынан өткеріп, Совет мемлекеті құлап, Егеменді ел болғанға дейін осы газетте  еңбек етті. Содан 5 жыл бойы талмай қызмет істеп, Алаш заманында жарық көріп, өшіп қалған «Абай» журналын қалпына келтіріп, өмірінің ақырына дейін Абай өмірін халыққа паш етті.

Қазіргі «Семей таңы»  халықтың жағдайын әрдайым назарда ұстап, тәуелсіздіктің  алғашқы жылдарынан бастап-ақ халықпен етене жақын басылым екендігін іс жүзінде дәлелдеп, кешегі Алаш арыстарынан қалған көз, кешегі Семей облысынан қалған белгі, кешегі елі үшін еңбек етіп өмірден озған Ырысхан Мусин, Шәрпен Ақшекин, Ғазиз Ыбырайымов, Ғазиз Сапаев, Боранбай Мауқаев сияқты қаламы қарымды қаламгерлерден қалған мұра, біз сияқты басылыммен бірге жасасып келе жатқан қарт адамдарға әр санын асыға күттіретін айнымас сырлас дос міндетін атқарып келеді.

 

{jcomments on}Қазіргі «Семей таңы» тәуелсіз қазақ елінің жарқын беттерін жарқыратып аспанға көтеріп, егемен елдің ерекше сәттерін түрлі-түсті суретпен безендіріп, әр мақалада  «Мәңгілік Еліміздің», қазақ елінің  өсіп-өркендеп келе жатқанын көрсетіп, бір шаңырақ астында тату-тәтті  өмір сүріп жатқан  көпұлтты мемлекетіміздің Көшбасшысының,  Тәуелсіз қазақ елінің Тұңғыш Президентінің кемеңгер басшылығын көпшілікке дұрыс жеткізуші міндетін де атқарып  келеді.  Бүгінгі азат еліміздің көсегесін көгертіп отыр-ған  азаматтардың ерен еңбектерін халыққа жеткізуші де — осы басылым. Облысымыздағы әр ауданның  әкімдерін, олардың суреті мен еңбек жолын  халықпен таныстырып келеді.

 

Осы  жерде газеттің Бас редакторы  Риза Молдашеваның қазақ халқының данышпаны,  Хакім Абайдың  бүгінгі ұрпақтары жайлы жазылған «Бас ақынның  бесінші  ұрпағы баспанасыз жүр» атты мақаласы ерекше ой салғанын, оқып шыққаннан кейін ерекше әсерде болғанымды айта кеткенім жөн болар.  Ұлы Абайдың ұрпақтарына қамқорлықтың  ұлағатты іс қана емес, ел басқарып отырған азаматтарға аманат екенін ескерткенін көзі ашық, көкірегі ояу адамның түсінбеуі мүмкін емес.  Абай атамыз аңсап, бірақ көре алмай кеткен мына шалқыған өмірде ұрпақтарының баспанасыз өмір сүріп келе жатқанын бүкіл қазақ елінің азаматтарына құлаққағыс еткен  салиқалы ой салатын салмақты  ескерту рухани дүниесі таза адамды немқұрайлы қалдырмайды деп ойлаймын. Біз Ұлы данышпан Абайдың ғылыми еңбектерін қазақ халқының ұрпақтары алдындағы бірнеше ғасырлар бойы зерттеліп бітпейтін ғылыми туынды екендігін мойындауымыз керек.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, — деп,  халқының надандық пен қараңғылықтан  шығуын арман еткен ақын ұрпақтары  «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда қиындық көріп отырса, елдігімізге сын емес пе? Міне, осы жағдайларды  еске салған Риза Молдашева қызыма сексеннің сегізінен тоғызына  аяқ басқан ғұмырымда ризалық сезімімді білдіремін, аталық ақ батамды беремін!

Құрметті газет оқырмандары, қатары санаулы қалған замандастарым, өміріміздің айнасы болған «Семей таңы» газетінің 95 жасқа толған мерекелі туған күніне аман-есен жетуге жазсын. Мен «Семей таңы» газетіндегі   журналистер қауымына Егеменді қазақ елінің өркендеп келе жатқан дәуірін, күнделікті өміріміздің айнасын дұрыс көрсете беру үшін, Алладан мықты денсаулық тілеп, қажымай еңбек етіп, жігерлі, табысты болуларын  тілеймін.

Әбдеш ИМАХАНОВ,

Абай ауданының Құрметті азаматы.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

2 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

4 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

6 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС